эссе "Мақсатым – тәрбие, міндетім – тілді меңгерту."

Мақсатым – тәрбие, міндетім – тілді меңгерту.
Қазақ тілі — ғажап тіл.
Оның болашағы да ғажап.
Тек оны насихаттай білуіміз керек,
оқыта білуіміз керек.
Менің түсінігім бойынша мұғалім – рухы таза, ой өрісі биік, ұлты
мен Отанының болашағы үшін тер төгіп, шыдамдылық пен та-
бандылықтың үлгісін көрсетуші, өз бойындағы асыл қасиеттері мен
білімін болашақ ұрпақтың бақыты мен кәдесіне жаратып, қоғамды өрге
өркендетуші, жаңашылдықтың бастаушысы, жүрегі жылы, көңілі
дарқан адам. Ұстаз білгенін үйретуші ғана емес, тұла бойы тұнған
өнеге, ақ тілеулі ана тәрізді барлық адамның бойынан жақсылық
іздейтін ізгі ниет иесі.
Мен де қазақ тілін үйрету барысында тек білім беруді ғана көздемей,
мектеп балалардың бойына толерантты, адамгершілік қасиеттерін сіңіруді
басшылыққа аламын.
Орыс тілінде оқитын мектепте өзге ұлт өкілдерін қазақ тіліне үйрету
зор еңбекті қажет ететін, ауқымы кең, жауапкершілігі мол жұмыс. Сондай-
ақ жүрегі таза, құшағы ашық, оқушылармен жұмыс істеп, жұмысыңның
жемісінен ләззат алатын таңғажайып орта.
«Тіліміздің – мемлекеттік қызметте де, өндірісте де, ғылымда да, білім
беруде де орыс тіліндей болып қолданылуы үшін қолдан келгеннің бәрін
істеу керек» - деген елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тұжырымы бар. Тіл үйрету ісі
алдыменен балабақшадан бастау алады. Сондықтан да, қазақ тілін
мемлекеттік тіл дәрежесінде көтеру әрбір азаматтың, оның ішінде оқу
орыс тілінде жүргізілетін қазақ тілі пәні ұстазының тікелей міндеті.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Ана тіліне қамқорлық ең алдымен сол тілде
сөйлейтін халыққа жүктеледі» деген сөздерін өз қара басым азамат ретінде,
педагог ретінде парызым деп сезінемін.
Ұлы ғұлама Әбу Насыр әл-Фарабидің «Адамға ең бірінші білім емес,
тәрбие берілуі керек. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы»
деген қанатты сөзі бар.
Бүгін біздің алдымызда тұрған мақсат - балаладарды қазақ тіліне
үйрету ғана емес, сонымен қатар олардың туып өскен жеріндегі мемлекеттік
тілге деген құрметін оятып, патриоттық сезімді қалыптастырып, мәдениетті,
парасатты ұрпақ тәрбиелеу. Сол сияқты, барлық отандастардың өз
отанымен рухани тығыз байланыста болуы, өзі өсіп - өнген аймаққа деген
сүйіспеншілігі патриотизмнің қайнар көзі. Шындығында, сапалы білім
саналы тәрбиемен шынайы ұштасқанда ғана ұлт тілегі орындалып, қоғам
асыл қасиеттерге қол жеткізбек. Осы қоғамда қалыптасқан ұрпаққа тату-
тәтті өмір сүріп келе жатқан көпұлтты егеменді мемлекетіміздің жүгенін
сеніммен тапсыра аламыз.
Бірнеше жыл бойы тынымсыз еңбегімнің нәтижесі ретінде:
«Мен орыспын сыйлаймын қазақ ұлтын,
Қастерлеймін мәдениетін, салт-дәстүрін.
Өйткені мен өркендеп осы жерде,
Топырағын қазақтың басып өстім» - деген сөздерді әр бала үлпілдеген
жүрегімен сезінсе, менің жұмысым зая кетпегені деп санаймын.
Маутбаева Т
«Пресновка орта мектебі» КММ
қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі
Өзге ұлт балаларына қазақ тілін ұтымды, қызықты үйрету үшін жаңа
әдістер мен технологияларды өз тәжірибемде қолдануға ізденемін. Атап
өткенде, соңғы жылдары оқу үрдесінде ақпараттық-коммуникативтік
технологияларды белсенді қолданудамын. Бұл технология баланың ақыл-
ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін
қалыптастыру, тілін дамыту, қазақ тілі сабағына деген қызығушылығын
арттыруға толық мүмкіндік береді.
Төртіншіден, шәкірттерім Пчелинцева Света, Тарасова Анна жүлделі үшінші,
төртінші орынға ие болса, Ермолаева Александра қалалық, облыстық олимпиядада
бірінші орыннан көрінуі аталған жұмыстардың кішкене болса да нәтижесі бар деп
түсінемін. Әрине бұнымен шектелмей, жұмысты одан әрі жалғастыру басты міндетім.
Қорыта келе, іздену, тиімді әдістерді тауып, пайдалана білу, сабақ барысында үнемі
түрліше әдістерге сүйеніп отыру керек екендігін қазіргі таңда әр оқытушы түсінеді.
Ұлы ғалым Ахмет Байтұрсынов былай деген екен «жақсы мұғалім деген атқа түрлі
әдістерді меңгеріп, соларды оқытуда қолда білу арқылы ғана жетуге болады.
Сонымен қатар, бірнеше әдісті меңгеріп қана қоймай, табанда өзі қажет әдісті тауып,
пайдалана білу керек» (А,1928, 32 бет).
Қазіргі таңда білім беру жүйесінің барлық
сатыларының алдында тұрған көкейтесті
мәселелерінің бірі білім сапасын арттыру, оның
әдістемесін жетілдіру жас ұрпақтың тұлғалық
дамуына қолайлы жағдай жасау, мемлекеттік тілдің
мәртебесін көтеру. Осыған сәйкес бүгінгі күн талабы
баланың ақыл-ойын дамыту, ойлау қабілетін
жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін
қалыптастыру, тілін дамыту, заман талабына сай оны
жүйрік етіп тәрбиелеу. Шындығында сапалы білім,
саналы тәрбиемен шынайы ұштасқанда ғана ұлт
тілегі орындалып, қоғам өзінің рухани дамуында
асыл қасиеттерге қол жеткізбек. Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаевтың «Ана тіліне қамқорлық ең
алдымен сол тілде сөйлейтін халыққа
жүктеледі» демекші, менің парызым —
балабақшадағы өзге ұлт балаларына мемлекеттік
тілді меңгерту.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға
білім беру стандарты бойынша мектепке дейінгі
тәрбиемен оқыту барысында бүлдіршіндерге қазақ
тілін үйретудің білім-деңгейі нақты бағдарламамен
берілген. Қазақ тілін оқыту «Біз мектепке барамыз»,
«Зерек бала» бағдарламаларында жүзеге асырылады.
Заман талабына сай әр мұғалім өз сабағын жаңаша
ұйымдастырып, шығармашылық ізденіспен өткізеді.
Осы мақсат пен міндеттерді негізге ала отырып, өзге
ұлт балаларына қазақ тілін үйретуде тек қана
сөздерді қайталау арқылы үйретпей, оларды ойындар
мен көрнекіліктер арқылы үйреткен тиімді болып
табылады. Ойын мен көрнекілік — балалардың тілді
үйренуге деген қызығушылығын арттырады, сенімін
оятады.
Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай
Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола
ма деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше
орын алады. Ойын — балалар үшін қоршаған ортаны
танып білудің ең жеңіл-де ұтымды тәсілі. Оның
негізгі ерекшелігі — балалар үн-түнсіз ойнамайды,
тіпті, жалғыз болғанның өзінде-де сөйлеп отырып
ойнайды. Ойын процесінде сөйлесу үлкен рөл
атқарады. Ойын мектеп жасына дейінгі
балалардың негізгі іс-әрекеті. Сұлтанмахмұт
Торайғыров «Балалықтың қанына ойын азық» деп
бекер айтпаған. Ойын — бала үшін нағыз өмір.
Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі,
мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады.
Егер ойын, ақылмен ұйымдастырылса, ол балаларға
ықпал жасауға мүмкіндік береді. Балалардың өмірі
мен іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру — оларды
тәрбиелеу деген сөз. Бала үшін ойын — өзін-өзі
жетілдіру мен өзін-өзі көрсетудің құралы. Ойын
әрекетінде баланың психикалық қасиеттері мен жеке
басының ерекшеліктері әлдеқайда тез қалыптасады,
яғни ол арқылы бала білім алады. Ойын ойнау
барысында бала ешбір бүкпесіз, бар жан-тәнімен
ойынға кірісіп кетеді-де, белсенділік пайда болады,
қызығушылық танытады. Тіпті тілді үйренгісі
келмейтін баланың өзі ойын ойнаған кезде оны
ұмытып кетеді. Ойында балаларды не қызықтырады?
деген сұрақ туындайды.
Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай ойын
түрлері-де әр түрлі болып келеді. Баланы ойынға
қызықтыра отырып оқу іс әрекетіне айландырып,
ойын түрін күрделендіре түсу керек. Ойын тек
балалар ойнайтын болып емес, оқу әрекеті
барысында қолданылатын ойын түрлері болып
мынадай топтарға бөлінеді:
Дидактикалық ойындар
Сюжетті-рөлдік ойындар
Қимыл-қозғалыс ойындары
Ұлттық ойындар
Саусақ ойындары
Үстел үсті ойындары………
Ойын мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды-бейнелі,
қимыл-қозғалыс, дидактикалық, құрылыс,
кейіптендіру ойындары болып бөлінеді. Мазмұнды-
бейнелі ойында балалар ойын мазмұнын түсінікті
етіп жеткізуге тырысады, оған қажетті құрал-
жабдықтарды табуға талпынады, оларды дайындау
үшін еңбектенеді, ал еңбек ұжымдық іс-әрекетке
біріктіреді және шығармашылық іс-әрекетке
бағдарлайды, балалардың өзара қарым-қатынасын
реттеп, олардың бойында адамгершілік қасиеттерін
қалыптастырады. Бала алған рөлдеріне сай
кейіпкердің киімін киіп, қимылын, дауыс ырғағын
мәнерлі жеткізуге тырысады, көркемдік сабақтардан
алған білімдерін пайдаланады, қуыршақты ұйықтату
үшін бесік жырын айтып әлдилейді, бейнелеу өнері
сабақтарында салған суреттерін ыдыс, үй
жиһаздарын, қағаздан құрастырған заттарды ойын
құралы ретінде пайдаланады.
Өзге ұлт балаларына қазақ тілін ұтымды, қызықты
үйрету үшін жаңа әдістер мен технологияларды өз
тәжірибемізде қолдануға ізденеміз. Жаңа
технологияны, әдіс тәсілдерді тиімді қолдану
білім сапасын арттырады. Сонымен қатар қазақ
тіліне үйреткенде балалардың жас ерекшелігін
ескеру әдіс-тәсілдерді таңдаумен сай келеді. Ойын —
оқу үдерісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі
ретінде дербес дидактикалық санат. Тіл үйретуде
ойынды көрнекі құралдар, түрлі суреттер, кестелер,
ойыншықтар, музыка және т.б. материалдар сабақты
көркемдеп отырса, балалардың сөздік қоры біршама
толығады, ауызша сөйлеу түрлері кеңейеді. Әрбір
сабақта ойын түрлерін және өзара сөйлеу үлгілерін
тақырыпқа сай қолданған жөн және тиімді.
Тіл үйрету барысында ойын элементтерін
дидактикалық материал ретінде қолданудың пайдасы
бар. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты
көздейді және нақты міндеттерді шешеді.
Дидактикалық ойындардың сапалылығы олардың
сабақтың әр кезеңіндегі орны мен міндетін, мақсатын
дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен
практикасын мұғалімнің жетік меңгеруіне, шеберлік
танытуына, ойынға қажеті материалдарды алдын-ала
дайындап алуына, ойын үрдісіне оқушыларды
белсенді қатыстыруына байланысты болады.
Сабақтың басында — өткен сабақты еске түсіру.
Сабақтың ортасында — көңіл-күйін сергіту, ерік-
жігерін дамыту, сабаққа ынтасын арттыру.
Сабақтың соңында тақырыпты бекіту, сабақта
алған білімді жинақтау мақсатын көздейді.
Ойын арқылы балалар қазақ тілін үйреніп, сөздік
қорын байытады, мемлекеттік тілді меңгереді және
жаңа материалды жақсы қабылдайды, есте сақтайды,
зейіні дамиды, қызығушылығы артады. Қазақ тілі
сабағындағы сөздік қорды дамыту жұмыстары:
түсіндіру, сұрақ- жауап, сөйлесу, әңгімелесу, әңгіме,
көрнекілік әдіс — тәсілдер арқылы жүзеге асады.
Сөздік қорды дамытуға бағытталған әдістердің
жалпы міндеті — сөздің мағынасын түсініп, оны
дұрыс қолдану.
Түсіндіру әдісі — жаңа сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді
түсіндіруде қолданылады. Сабақ барысында
үйретілетін жаңа сөздер бойынша сөздік жұмысында
іске асады.
Көрнекілік әдісі — әр сабақта жүргізілетін әдіс.
Басқа тілді үйретуде ең нәтижелі және жиі
қолданылады. Балаларға түрлі суреттер мен
заттарды, ойыншықтарды көрсету арқылы іске
асады. Дыбыстық жаттығуларды өткізуде балалар
сөздердегі қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға
жаттығады, дауыстың ырғағы дамиды.
Мысалы:
Шақ — шақ — шақ кішкентай құлыншақ.
Ыр- ыр — ыр ырылдайды қасқыр.
Ян ян — ян — секіреді қоян
Қорыта айтқанда, ойын — балалардың негізгі іс —
әрекеттерінің бір түрі. Бала өмірі ойынға
байланысты. Дидактикалық ойындар балаларды өз
бетінше жұмыс істеуге дағдыландырады, олардың
ойлау қабілеттерін, ізденпаздылығын арттырады, сөз
қорын молайтуға көмектеседі, сабақта дидактикалық
ойындарды пайдалануда оқушыларды әдептілікке,
адамгершілікке, қамқорлыққа, қайырымдылыққа
тәрбиелейді.
«Тіл жеке адамның шаруасы емес. Мемлекеттің де
басыбайлы дүниесі емес. Тіл — халық қазынасы,
ұлттың жаны. Тілдің мәртебесі — елдің мерейі.
Оның мерейін асыратын да, құтын қашыратын да
өзіміз. Осыны ұмытпауымыз керек.
лы ғұлама Әл-Фарабидің «Тәрбиесіз берілген білім,
ол білім емес» деген тұжырымын дәлелдеп
тұрғандай.
Елбасының «Қазақстан - 2030» стратегиялық
Жолдауында: «Жастарды қазақстандық патриотизм
мен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға
ретінде тәрбиелеу аса қажет. Олар қазақ, орыс және
ағылшын тілдерін бірдей жақсы меңгеретін болады.
Олар осы арқылы және өзінің бейбіт әрі қарқынды
дамыған, бүкіл әлемге танымал елінің патриоты
болады» деген болатын. Ал әлемдік дамудың
талабына сай бәсекеге қабілетті ұлт боламыз десек,
оның қатаң талаптарына да күш салуымыз қажет.
Сондықтан көптілділікті заманның зәрулігінен
туындаған қажеттілік деп есептеп, оны игеруден
қорықпауымыз керек.
Халқымызда «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі
ғылым біл» деген даналық сөз де бар. Біз елімізде үш
тұғырлы тілдің болғанына түсіністікпен қараймыз.
Алайда әрбір қазақстандықтың асыл парызы –
мемлекеттік тілді біліп, құрметтеу.
Көп тілді игеруге ешкімнің қарсылығы жоқ. Әл-
Фараби бабамыз секілді 76 тіл білгенімен өз тілін,
дінін еш уақытта ұмытпаған, құрметпен қараған.
Қазақстанның болашағы қазақ тілінде екендігін
ескерсек, алдымен тілдің бірінші тірегі отбасы,
екінші – балабақша, үшінші – мектеп, төртінші –
жоғарғы оқу орындары екенін ұмытпаған жөн.
Елбасы қазақ тілінің болашағына сенеді.
«Үштұғырлы тіл саясаты» негізінде қазақ, ағылшын,
орыс тілдерін дамыту мәселесі көтерілгелі,
мемлекеттік тілдің дамуына Елбасының өзі : «Қазақ
тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің
біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола
береді»- деп ескертті.
Еліміздегі білім берудің стратегиялық бағытындағы
басты назар жеке тұлғаның рухани-адамгершілік
жағынан кемелденуіне ерекше көңіл бөле отырып,
балаға білім алу арқылы дамуына жағдай жасау
көзделген. Сол баланы біліммен сусындататын
ұстаздың біліктілігі қандай болу керек десек,
баланың жан-жақты білім алуына бағыт-бағдар
беруші ұстаздың бойында мәдениеттілік,
жаңашылдық, шығармашылық, инновациялық
тұрғыдан ойлап, жұмыс жасайтын, өзі де бірнеше
тілді меңгерген қасиеттер болуы шарт. Мектептерде
сабақ беретін мұғалімді даярлау педагогикалық
жоғары оқу орындарының міндеті екендігі айтпаса да
түсінікті.
Филологиялық білім берудің болашағы-
мемлекеттік,ағылшын,орыс тілдерін (көп тілді) жетік
меңгерген ұстаздардың шеберлігі мен мемлекеттің
қолдауында. Еліміздің болашағын тәрбиелеу мен
білім беру ісінде әлемдік стандартқа сәйкес білім
беруді темірқазық қылып ұстансақ қателеспеспіз деп
ойлаймын.
Өзімнің қызым-9 сынып оқушысы.Оның арманы-өз
ана тілін,орыс тілін,бүгінгі таңда ағылшын тілін
жетік білу.Міне,осындай жастар,әлемдік дамудың
талабына сай, еліміздің болашағы деп сенемін.
Басқа ұлт өкілдеріне сабақ беретін және қазақ тілі үйірмелерінде сабақ
беретін оқытушылар тіл үйренушілерді қызықтыруына әсерлі өтуіне ерекше
мән бергені жөн. Ол үшін бір сабақ екінші сабаққа ұқсамайтындай етіп
өткізілгені дұрыс, бұл әрине, оқытушының шеберлігіне байланысты.
7.Оқытушы сабақты дұрыс жоспарлауға, оны түрлі тәсілдермен әсерлі
өткізуге ерекше мән беруге қажет. Ол үшін әр сабақтың толық жоспары күні
бұрын жасалып, сабақта өтетін материалдар күні бұрын анықталып, онда
қолданатын әдістемелік тәсілдер белгіленуі керек. Сабаққа оқытушы қандай
материалды қалай үйрететінін әбден анықтап, келуге тиіс.