ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ-ДЕНСАУЛЫҚ НЕГІЗІ ТӘРБИЕ САҒАТЫ
"ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ-ДЕНСАУЛЫҚ НЕГІЗІ" ТӘРБИЕ САҒАТЫ
Тәрбие сағатының мақсаты:
Оқушылардың жақсы денсаулығының, жан - жақты дамуының кепілдігі - тиімді және үйлесімді
тамақтану болып саналатынын, «Салауатты өмір салтының» анықтамасын ата – аналармен, мектеп
дәрігерімен, аспазшылармен бірлесе отырып тұжырымдау;
Міндеттері:
Оқушылардың дұрыс тамақтануының негізгі прициптерін;
- Тамақтану сауаттылығының бес негізін;
- Тамақтану тәртібін, тамақтану мәдениетін;
- «Салауатты өмір» салтына қатысты негіздеулерді тұжырымдау,ортақ ой түю.
Қолданылатын көрнекіліктер:
- Ақпараттық мәліметтер слайдтар арқылы ;
- Кеңестер слайдтар арқылы;
- Дәрумендер жиыны; Дәрумендер туралы слайдты презентациялар;
- Көкөністер мен жемістер, түрлі тағамдар бұрышы;
- Жарнамалар;
- Кинофильм «Саламатты Қазақстан» 2011 -2015 денсаулық бағдарламасы
- Кинофильм «Әдемілік және диета»
- Слайдты презентациялар «Адам ағзасына фаст -фудтың зияны»
Мұғалім:
- Балалар. Біз бүгін сендермен «Салауатты өмір салтының » қағидалары мен тиімді әрі үйлесімді
тамақтанудың денсаулыққа пайдасы жөнінде ой тұжырымдаймыз.
Дұрыс тамақтану
Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты - дұрыс тамақтану. Сондықтан тамақтануға ерекше
көңіл бөлген жөн. Тамақтың құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс.Тиімді, дұрыс
тамақтану денсаулықты сақтауға, организмнің қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің
жоғарылауына және организмнің қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге
ықпалын тигізеді.
Әсіресе, «Ұрпақ денсаулығы – ұлттың саулығы»- демекші, дені сау ұрпақ қалыптастыру үшін – оны
назардан тыс қалдыруға болмайды.
Сондықтан да мектеп оқушыларының дұрыс тамақтануы мен денсаулығы, олардың дұрыс өсіп жетілуі
бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Осыған байланысты мектебіміздің асханасы таңертеңгі 8.00-16.00-ге дейін
жұмыс жасайды.
Күнделікті тамақтың сапасы мен берілу мөлшері (норма) мектептік құрылған бақылау топтары мен
мектеп медбикесі тарапынан бақылауға алынған. Сонымен қатар тамақтың сапасын анықтап отыру
мақсатында бракераждық комиссия құрамы құрылған. Комиссия құрамындағылар айына екі рет асхана
тамағының сапасын тексереді және тексеру нәтижесінде акт толтырылады. Айына бір рет тамақтану мен
тамақ пісіру орнына тазалық жасалынып, дезинфекцияланып отыру көзделіп, іске асуда. Мектеп
асханасында ұсынылатын тағамдар сапасы нормативке сай, ыстық тағамдар түрі күнделікті өзгеріп
отырылады. Ыстық тамақтың бағасы 84 теңгені құрайды. Салат түрлері үнемі өзгертіліп, ауыстырылып
отырылады. Салатқа жемістер мен көкөністер сапалы түрде беріледі. Буфеттік тағамдар түрі жиі
толықтырылып тұрады.
Мектеп оқушыларын сумен қамтамасыз ету қарастырылған. Оқушыларға мектеп асханасынан
қайнатылған су тұтынылады.
Дұрыс тамақтанып, айтылған ережелерді орындай білген адамдардың ғана денсаулығы берік бола алады.
Сондықтан да дұрыс тамақтану - әр адамның өз қолында демекпіз.
Дұрыс тамақтану ережелері:
· тамақты үстелдің басында отырып қабылдау керек. Егер тамаққа зейін салмаған жағдайда,
адам тойғанын білмей қалып, артығымен тамақтанады.
· тамақты асықпай, мұқият шайнап, тамақтану режимін сақтап жеу керек. тамақты жиі және
аз мөлшерде, күніне бес рет қабылдаған жөн.
· тамақтанған соң дереу шай ішуге болмайды. Себебі шайдың құрамында темірді ыдырататын
заттар болады. Шайдың орына шырын ішкен жөн.
· таңертеңгі асты мұқият қабылдау. Егер организм 10-12 сағат тамақ қабылдамаса, онда
организмдегі қант азайып кетеді. Ертеңгі асты ішпесе, түсте артығымен қабылдайсыз, нәтижесінде
асқазанға ауыртпалық түсіресіз.
Дұрыс тамақтанудың негізгі шарттары:
1. Тағамның құрамында негізгі қоректік заттар (белок, көмірсу, май) болуы тиіс.
2. Тамақ рационында (дәрумендер, тағамдық талшықтар) болуы тиіс.
3. Тамақ нәрлілігінің адамның жасына, мамандығына, денсаулық күйіне, табиғи-климаттық
жағдайларына сәйкестігі.
4. Тәулік бойы тамақтану тәртібін, мөлшерін сақтау.
5. Тағамдар санитарлық-гигиена талаптарына сәйкес болуы керек.
Бекіту
• Балалар біз бүгін қандай тақырыппен таныстық
• Мына заттардың ішінен жануар тектес азық түліктерді табыңдар?
• Мына заттардың ішінен өсімдік тектес. Азық — түліктерді табыңдар?
• Адамдар күніне неше рет тамақтану қажет?
• Дастархан басында қалай отыруымыз керек?
• Тамақты қалай жеу керек?
Үйге тапсырма
Үйге « Дұрыс тамақтану — денсаулық кепілі» мәтінін түсіну
Жеміс-жидек пайдасы
Алма мен алма шырыны адамның тісіне айтарлықтай зиянын тигізеді. Мұндай күтпеген жаңалықты
Лондон корольдік колледжінің Стоматология институтының ортопедтері ашты.
The Daily Mail-дың хабарлауынша, мамандар алманың адамның тісіне зияны газдалған сусындарға
қарағанда, төрт есе жоғары екенін анықтаған. Адам алма жеп отырғанда жемістің қышқылы тістердің
сапасын бұзып үлгереді екен. Бұл жайт 18 бен 30 жас аралығындағы 1000-нан астам адам қатысқан
зерттеу барысында белгілі болды. Алманы сүйіп жейтін еріктілер арасында тіс дентинінің бұзылу қаупі
3,7 есе жоғары болып шықты. Зерттеу нәтижесінде, маринадталған пияз бен грейпфруттың, керісінше,
тіске зияны жоқ екені анықталды.
******************************************************
Жеміс-жидектің, оның ішінде алманың денсаулыққа пайдасы мол. Ал оның қандай қасиеттері бар
екендігін білесіңдер ме?
Алманың құрамында А,С, В1, В2, Р, Е дәрумендері бар.
А дәруменi - ағзаның өсуіне, дамуына әсер етіп, түрлі ауруларға қарсы тұруға көмектеседі. Қараңғыда
көруді жақсартады. А дәрумені шаштың, тырнақтың өсуіне әсер етеді. Ол жетіспегенде тері құрғап,
жарылып, түсі күңгірттенеді.
В1 дәруменi - организмде дұрыс зат алмасуы үшін аса қажет. Бұл дәрумен жетіспегенде шаршағандық
сезіліп, ас қорыту жүйесі бұзылады. Ағза В1-ге зәру болған жағдайда жүйке жүйесі ауруға шалдығуы
мүмкін.
В2 дәруменi - басқа да дәрумендер сияқты организмнің бірқалыпты өсуіне қажет. Жарақаттардың тез
жазылуына мүмкіндік береді. Көздің жақсы көру қабілетін арттырады.
Бұл дәрумен жетіспеген жағдайда ерін құрғап, ұшық шығады. Денеге түскен жарақат баяу жазылады.
С дәруменi - ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұра алу әрекетін арттырады. Сүйекке және тіске беріктік
қасиет береді. С дәруменi жетіспегенде ағза тез шаршайды, сілемейлі қабықшалар қабынады, қызылиек
қанталайды. С дәруменi ағзаға қыс пен көктем айларында көбірек қажет.
Р дәруменi - жіңішке қан тамырларының беріктігін арттырып, қызметін қалыпқа келтіреді.
Е дәруменi - бұлшық еттердің қызметін жақсартады.
Сондай-ақ алмада марганец, калий, кальций, фосфор, натрий, молибден, мырыш бар. Бұлар ағзаға
жеткілікті мөлшерде болса, ауырмайтын боласыңдар. Ойлау қабілеттерің де жақсы дамиды.
Ал ең бастысы – алма темірге бай. Темір қан айналымы жүйесіне өте қажет. Ол жүрек, бауыр, бүйрек,
асқазан, ішек жолдарының жұмыстарын жақсартады.
Бактерия мен әртүрлі вирустардан сақтану үшін күніне бір алма жеу қажет.
Алманың жер шарында 36 түрі бар. Қазақстанда алманың «апорт», «сиверс», «недзвецкий», қырғыз
алмасы өседі.
Алманың отаны — Орталық Азия. Сұрпына қарай, алманың өмір сүру ұзақтығы да әртүрлі. Олар 20
жылдан 100 жылға дейін өсе беруі мүмкін.
Алма ағашы еккен сәттен бастап гүлдемейді, оны отырғызған соң 3-12 жыл ішінде жеміс бере бастайды.
Сонымен қатар, оның жаздық, күздік, қыстық сұрыптары болады. Яғни, қысқы сорттары жылдың суық
мезгілінде де алмасын бере алады.
Лимон. Катарактаның қалыптасу қаупін азай-тады, кіші қан тамырлардың қабырғаларын қа-тайтады.
Анемияны және ревматизмді емдеуге жәрдемдеседі. Құрамында С дәрумені 100 грамда 48 мг.
Мандарин. Теріні тазартады. Микробтарды жойып, асқазанды жұқпалы аурулардан сақтайды.
Құрамында С дәрумені 100 грамда – 50 мг.
Грейпфрут. Науқастанып тұрғаннан кейін және ауыр ой жұмыстары кезінде күш-қуатты қалпына
келтіреді. Бауырды тазалап, рак ісіктерінің алдын алады. Құрамында С дәрумені 100 грамда 60 мг.
Бәрімізге белгілі қант пен әртүрлі тәттілердің құрамында адам ағзасына зиянды заттар мен артық
калориялар болады. Білген адамға қант пен тәттілердің орнын табиғи жемістермен алмастыруға
болады.
Егер біле білсеңіз, ең тәтті әрі пайдалысы – кептірілген жемістер. Оның ішінде өзгелеріне қарағанда
құрамында дәрумендері мол болатыны кепкен өрік. Оның құрамында калий бар. Ал, калий жүрек
қағысын тұрақтандырады, жүйке ауруларын емдей алады.
Сонымен қатар, қара өрік пен алмұрт, інжір мен құрма адам ағзасының зат алмасуын реттейді. Адамға
сергектік сыйлайды. Бұлшық еттердің қозғалысы мен мидың жақсы жұмыс жасауын қамтамасыз етеді.
Бұл жемістердің 100 граммының адам ағзасына тәулік ішінде қажетті дәрумендерінің жиынтығы бар.
Қызыл бұрыш. Ол адам-ның ғұмыр жасын ұзарта алады. Бұл ғалымдар ашқан жаңалық. Қызыл бұрыш
линидтік алмасуды қалпына келтіріп, дұрыстайды, артериялық қысымды төмендетеді, ішек жолдарының
микрофлорасын сауықтырады, жастың ұлғаюына байланысты болатын өзгерістерді тежейді.
Қара қарақат (смородина). Қуыққа тас жиналып несеп жолдары зақымданса, оның 100 грамм
жапырағына 60 грамм қой бүлдіргені- нің (земляника) жапырағын, 40 грамм жөке гүлін, 30 грамм
коровяк гүлін қосып бір стақан суда сақылдатып қайнатады. Суытады, сүзеді. Сонан соң күніне тамақтан
соң 2-3 реттен ішіп тұрады.
Пияз. Оның ащы дәмі құрамындағы эфир майынан. Құрамында С дәрумені мен каротин көп. Көктемнің
көкөніс шыға қоймаған кезеңінде адамға пияз ерекше пайдалы. Біріншіден, тәнге С витаминінің күндік
қажетін қанағаттандыруға көмектеседі, екіншіден, ауру жұқтырмайтын (бактерицидтік) және қырқұлаққа
қарсы заттарға бай.
Сарымсақ. Құрамында В1 тобының дәрумендері, С дәрумендері (жуашығында 10 мг пайыз, сабағында
55 мг пайыз) және Д дәрумені, иод, май, тағы да басқа заттар бар. Сарымсақтың құрамында ауру
тудыратын микробтардың көптеген түр-лерін жоятын ерекше бактерицидтік (фитонцидтер) заттар
болғандықтан, ол медицинада да қолданылады. Халық арасында сарымсақты көптеген ауруларды
емдеуге ертеден пайдаланған. Әсіресе, қырқұлақ ауруын. Емдік қасиеті ежелден белгілі сарымсақтың
жаңа қасие-тін жапондық, француздық ғалымдар дәлелдеп отыр. Жапон ғалымдарының мә-лімдеуінше,
сарымсақ адам миындағы қартаю процесін бәсеңдетеді, оның жасушаларын тазартып оты-рады.
Құрамында өте белсенді күкірт қосындылары болғандықтан, қанға түскен соң сарымсақ мидың ең
қажетті деген бөліктеріне оң әсер етеді. Яғни, сарым-сақтан бөлінетін заттар есте сақтау қабілеті мен
эмоцияға жауап беретін жасушаларды жақсартады. 2006 жылы француз ғалымдары сарымсақтың
қасиетіне қа-тысты өз зерттеулерінің нә- тижесін жариялаған болатын. Бұл зерттеу Франция- ның
солтүстік-шығысындағы әйелдер арасында жасалған көрінеді. Тәжірибе көрсет-кеніндей, сарымсақты
көп қолданатын әйелдер арасында кеуде ісігі дертіне шалдыққандар саны басқа сарымсақты сирек
қолданатын әйелдерге қара-ғанда аз болыпты.
Қауын. Құрамында қант (негізінен сахароза), белок, клетчатка, пектин заттары, ароматтық заттар, 20 мг
пайыз С дәрумені, каротин (А провитамині) минералды тұздар бар. Қауынды 6-7 ай сақтауға болады.
Қауын несепті көбейтіп, оны тазарта түседі. Ірің бөлінуін тоқтатады, бүйректі қыздырып, қуық жолдарын
да тазартады, бүйректегі тасты шығарады.
Картоп. Оның шырыны-ның құрамында калий, күкірт, фосфор, хлор көп. Соның нәтижесінде терідегі
дақты картоп шырынын ішіп кетіруге болады. Ағзаны тазалауға таптырмайтын әдіс. Бұл әсіресе, сәбіз
шырынын қосқанда ай-рықша пайдалы. Ол үшін 50 гр. картоп шырынын, 200 гр. сәбіз шырынымен
араластырып, күніне 1-3 рет ішеді. Тек тағамға пайдаланғанда есте болатын бір жағдай, аршылмаған
картопты суық суға пісіргенде 25 пайыз, нақ солай ыстық суға пісіргенде 10 пайыз, аршылған картопты
суық суға пісіргенде 35 пайыз, нақ солай ыстық суға пісіргенде 25 пайыз өзіндегі аскорбин қышқылын
жоғалтады. Магний тұздарының аса маңызды көздері картопта 25 пайыз.
Жүгері. Дәрілік шикізат ретінде шашағы пайдалы. Оны жүгері дәні жаңадан пісіп келе жатқанда жинап
алады. Көлеңкеде кептіреді. Қарайып кеткен шашақтарын алып тастайды. Шашақты жинағанда дереу
кептіру қажет. Жүгері шашақтары өт пен зәр айдайды. Медицинада және мал-дәрігерлік саласында
бауыр, өт ауруларын емдеуге пайдаланады. Ол бүйректің, жүректің дұрыс істемеуі салдарынан болатын
ісікті де қайтарады.
Шие. Ол – Орта Азия мен Қазақстанда, Кавказда көп өсетін көпжылдық өсімдік. Шиенің түрі өте көп.
Шиенің ұсақ тамырын қазып алып, көлеңкеде кептіру керек. Сосын ұнтақтайды. Оның 200 граммын 3
литр суға қайнатып, бір күн тұндырып қойып сүзеді де, 150 грамм алма сірке суын құйып араластырады.
Бұл дәрі буынға тұз тұнғанда, ревматизмге және қант диабетіне жақсы шипа.
Шиенің етін кептіріп, кампот жасайды. Оны қызылшамен ауырған балаға ішкізіп, аурудың бетін тез
қайтарып алады. Мұны ересек адамдар сусын орнына үнемі ішетін болса, асқазан, бауыр, ішек дерттеріне
ем табады, жүрегінің жұмысы жақсарады. Сүйегінің ішіндегі дәні улы, шағып жеуге болмайды.
Беке (айва). Ағашының жас жемісі, оның жапырақтары-нан дайындалған тұнба қолқа астмасы
ұстамасын тоқтата алады. Құрғақ жапырғының ұнтақталған 5 грамын ста-қандағы қатты қайнаған суға
тұндырады. 1 сағат қымтап орап қояды да сүзіп алады. Бұл тұнбаны тамақтанар алдында 2 ас қасықтан 3-
4 рет ішу қажет.
Сары мейіз. Жүрек шаншып ауырса, сары мейізді ет тартқыштан өткізіп, балға ара- ластырады. Оны
күніне 3 рет шай қасықтан жейді. Сары мейізді (жүзімді) жиі жегеннің өзі адам бойын сергітіп, жұмыс
қабілетін арттырады.
Мойыл (Басқа аты шомырт). Жапырақ төгетін ағаш. Тамыз айында жемісі піседі. Жемісі сүйекті, қара
домалақ. Мойылдың жемісінен қайнатпа, кампот, сусын жасайды. Қабығы, жемісі жоғары қан қысымын
төмендетіп, несепті айдайды, іштің өтуін тыяды. Басты ем болатын аурулары мен оған қарсы жасалатын
дәрілер:
1. Қан қысымы көтеріл-генде. Мойыл жемісі піскенде белгілі мөлшерде жинап алып, оған қант қосып
қайнату қажет. Сосын тұқымын сүзіп алып, салқындағанында тамақ соңынан 0,250 литрден ішеді немесе
қайнатылған кампотынан 1-2 қасық алып, бір кесе қайнаған суға араластырып, күніне бірнеше рет сусын
орнына ішу қажет.
2. Іш өту. Мойыл жемісінен қоймалжың дәрі қайнатады. Тамақ соңынан күніне 3 рет бір қасықтан жейді.
Жемісін сол қалпында жесе де ем.
Дәріні аурудың жағдайына қарай аз, көп мөлшерде жасайды. Басты құрамында мынандай заттар болады:
жұмсартқыш зат, алма қыш-қылы, цитрит қышқылы, қант және басқа да заттар.
Шалғам (редис). Бар-лық жерде өсіріліп, та- мыр-жеміс пайда болысымен жинап алады, әйтпесе ағаш
тәрізді қатайып кетіп, дәмін жояды. Құрамында қант, су, азотты заттар, клечатка, 25 мг пайыз С дәрумені,
өзіндік өткір иіс беріп тұратын эфир майы, фитонцидтер (микроорганизмге кері әсер ететін заттар),
минералды тұздар бар. Ішек – қарын ауырғанда, бауыр, бүйрек және буын (подаграауруымен
сырқаттанатын-дарға шалғамды пайдалануға болады.
Грек жаңғағы. 200-500 жылға дейін өмір сүреді, биіктігі 25-30 метр. Ашық және күңгірт түсті ядросын
(дәнін) 12 сағаттай тұзды суға салып қойса, қауызы оңай ашылады. Сонан соң дәнін ағынды суға шайып,
кептіреді. Халық медицинасында грек жаңғағының дәнінен, жапырағы мен тамыр қабықтарынан
шырыны (сөлі), майы емдік- диеталық мақсатқа пайдаланылады. Рахит, сары аурумен сырқаттанған
балаларды грек жаңғағының жапырақ, жаңғағының қайн-атындысымен емдесе жақсы шипа. Тұнбасына
дәке шылап жараның бетіне қойып, байлауға ыңғайсыз жерлерге жағып емдейді. Асқазан, ішек
ауруларын да жазады.
Анар. Құрамында қант, 4-10 мг пайыз С дәрумені, танин, лимон қышқылы бар. Шырынын (құрамында
танин болғандықтан) және же- місінің қабығын медицинада асқазанның жұмысы бұ-зылғанда, кепкен
бұтақтары мен діңінің қабығын ішек құртына қарсы дәрі ретінде пайдаланады. Асқазаны ауыратындар,
асқазан сөлінің қышқылы жоғары, гастритпен сырқаттанатындар, энтороколитпен ауырғанда анардың
ащы сорттарын пайдаланбау қажет.
Қарбыз. Оның асханалық сортының салмағы 16 келіге дейін жетеді. Құрамында (орташа есеппен) 89,5
пайыз су, 7 пайызға жуық (кейбір сорттарында 12 пайыз) қант кездеседі. Әбден піскен қарбыз дәмді. Оны
тұздап та жейді. Қарбызды дүкеннен, базардан сатып алған жөн. Өйткені онда санитарлық бақылау
жасалады. Қарбыз да адам денсаулығына пайдалы.
Апелсин. Отандық сорт-тарының құрамында қант, 60 мг пайыз С дәрумені, каротин (А провитамині), В1,
В2 , Р және РР дәрумендері бар. Әсіресе, оның қабығы дәруменге өте бай. Семіздіктен емдегенде
апелсин, алма, қияр күндерін тағайындайды. Себебі көкөніс пен жемістің энергиялық қуатының аздығы
тамақтың күндік рационының калориялығын күрт кемітеді. Осыған орай бұл күн дер жеңілдену күндері
деп аталады. Апельсин. Ағзаны тазалап, қандағы холестерин деңгейін қалыпқа түсіреді. Астың қорыты-
луын жақсартады. Құрамында С дәрумені 100 грамда – 65 мг.
Күнбағыс. Мұнан жасалған дәрілер суыққа қарсы, ыстықты түсіру, тыныштандыру, тәбет ашу үшін
қолданылады. Күнбағыс тұнбасын былай жасайды: жаңадан басын үзіп, гүлі мен дәнінен ажыратады,
ұнтақтан үш үлкен қасығын алып оған жарты литр арақ құяды. Күн көзінде бір ай ұстайды. Тұнбаны
күніне үш рет тамақтан жарты сағат бұрын 20 тамшыдан ішкен дұрыс.
Ауырған адамның ыстығын түсіруге бір ас қасық ұнтақталған жапырағына қайнаған су құйып, баяу отта
10 минуттай ұстап, тұнбаны бір сағат суытады. Күніне үш рет тамақтан жарты сағат бұрын бір стақаннан
ішеді. Адамның бойында тұз жиналса, бір стақан ұнтақталған тамырға үш литр қайнаған су құйып, баяу
отта 3-4 минут ұстап, бір сағат суытады. Бұл тұнбаны күніне үш рет бір стақаннан тамақтан жарты сағат
бұрын ішсе, ем болады. Тек күнбағыстан жа-салған осынау дәрілерді ішіп жүргенде ащы тамақтан бас
тарту қажет.
Тәбетті жақсарту үшін бір ас қасық ұнтақталған гүліне бір стақан қайнаған су құйып, жарты сағат
тұндырады да оны күніне үш рет үш стақаннан тамақтан жарты сағат бұрын ішіп тұрады. Күнбағысты
халық медицинасында мұнан басқа мынандай ауруларға, мынандай әдіспен қарсы пайдаланады:
1. Тіс ауруына: тамырын суға қайнатып, суымен ауыз шаяды. Сонда тіс қақсаған- ды, тіс етінің
қабынғаны басылады.
2. Қуыққа және бүйрекке тас байланғанда: күнбағыс сабағы өзегінен (сабағы ішіндегі ақ етінен) 90 грамм
алып 100 грамм суға қайнатып, күніне бір реттен бір апта бойы ішеді.
3. Көк жөтелге: күнбағыс сабағының өзегін жаншып, оған қайнаған су құйып бұқтырады, аздап қант
қосып ішеді.
4. Асқазанға ас батып сіңбегенде: күнбағыс тамырын, аскөк, арпаны тең мөлшерде алып, суға қайнатып
ішеді.
Көктемде көкөніс жеу Халқымыз көктемді – ұзынсары келген қараөзек шақ, жуанның жіңішкеріп,
жіңішкенің үзілер шағы дейді. Бұл кезде адамдар бойында күзде жиналған дәрумендер қоры азаяды.
Соған байланысты денеде ауруға қарсы тұру қабілеті кеміп, тұлабойда әлсіздік пайда болады. Сол себепті
оған жол бермеу үшін дастарханда құнарлы тағамдармен бірге алуан түрлі көкөністерді, жеміс-
жидектерді жеген жөн. Сапалы көкөністер болмаса, қалбырланған көкөністерді, тұздалған қырыққабатты,
көк пиязды молынан пайдаланған абзал. Қараөзек шақта көк пияздың пайдасы өте жоғары. Оның 100
грамынан тәулікке қажеті С дәрумені табылады. Ашытылған қырыққабаттың 100 грамында 20 мг С
дәрумені бар. Сүт өнімдерінің, қазы-қартаның, сүр еттің де көктемде пайдасы зор. Негізінен, жылдың
барлық мезгілінде ересек адамдар үшін картопты қоспағанда, көкөністің күндік мөлшері 300 грамнан 400
грамға дейін болуға тиіс. Көкөніс пен жеміс орта және егде жастағы, әсіресе толығуға бейім адамдардың
тамағында айрықша орын алғаны жөн.