Конспект занятия "Денсаулық - зор байлық"

«Ботақан» тобында ұйымдастырылған танымдық оқу іс-әрекетінің қызметінің картасы
Білім беру саласы: Денсаулық
Тақырыбы: «Денсаулық - зор байлық»
Мақсаты: Денсаулық сақтау туралы түсінік беру, зейінін тұрақтандыру, ойлау қабілетін
дамыту, сөздік қорын байыту, байланыстыра сөйлеуін дамыту,Отанын, жерін
қорғауды түсіндіру, дене мүшелері туралы түсінік беру, тазалаққа үйрету,
мейірімділікке, ұқыптылыққа үйрету т.б.
Армысың алтын күн!
Армысың Жер ана!
Армысыздар қонақтар!
Армысыңдар достарым!
Аман болсын халқымыз,
Заман болсын ең тыныш!
Аман болсын аналар!
Жылдың қазір қай мезгілі?
- Күз неше ай қонақта болады?
-Күз айларын ата?
- Мына суреттерге қарап күзгі ерекшеліктерді атаңдар және суреттегі балаларға есімдер
қойып олардың іс-әрекетін талдаңдар:
Адайбек пен Нұржайнат саябаққа барып күзгі жапырақтарды теріп жүр. Олар алма теріп
жүрген кірпіні көріп қызықтауда. Ал, кірпі өз азығы алманы жинап бара жатыр. Саябақ іші
алтын түске еніпті, талдарда күз түскенге мәз мейрам болып тұр, себебі олардың да
демалатын уақыты келді. Талдар қыс бойы ұйықтап, көктемде қайта оянады. Күз мезгілі.
Тышқан мен кірпі жылы киініп алған. Кірпі саңырауқұлақ теріп келе жатыр. Алдынан
тышқан досы кездесті. Тышқанның қолында қолшатыры бар, себебі күн бұлттанып
жаңбыр жауғалы тұр. Жәндіктер де жанбырдан сақтану үшін талдың ығына қарай кетіп
бара жатырКүз мезгілі бейнеленген. Балалар жеміс бағында алма жинап жүр. Әліби алма
ағашынан алманы үзіп Назеркеге беріп жатыр. Ал, Назерке оны алып Әлиханға беруде. Ал
Әлихан болса Жамилаға тасып беруде. Жамила алманы жәшікке салып жинап жатыр.
Арғы бетте басқа да балалар жемістерді жинап жатыр. Жиналған өнімді дүкенге
жібереді. Дүкеннен тұтынушылар сатып алады.
Тәрбиеші: Балалар Салауат атай туралы білгілерің келе ме?
Салауат атай ол дәрігер адам. Ол алдына келген барлық науқастарды емдеп жазып
жібереді. Мына суретте аюдың қолы, түлкінің аяғы, үйректің қанаты ауырады екен. Олар
Салауат ағайға ем іздеп келіп жатыр. Ал маймыл болса ағайдың көмекшісі екен. Ол алдына
келген науқастарды рет-ретімен, кезегімен жіберіп көмектесіп
тұр екен. Ал, мына жерде бір топ құстар: Тоқылдақ, үкі,
торғай, тотықұс, кептер, үндік, тіпті ала қарға да келіп
Салауат атайға өзінің алғыстарын айтқалы келіпт
Балалар қараңдаршы мына аң, құстар бізді тектен-тек
Салауат атаймен кездестіргісі келмей отыр. Олар бізге
бірнеше сұрақтар қоямыз дейді. Егер сол сұрақтарға жауап берсек біз Салауат атаймен
кездесе алады екенбіз.
Салауат атай ол дәрігер адам. Ол алдына келген барлық
науқастарды емдеп жазып жібереді. Мына суретте аюдың
қолы, түлкінің аяғы, үйректің қанаты ауырады екен. Олар
Салауат ағайға ем іздеп келіп жатыр. Ал маймыл болса
ағайдың көмекшісі екен. Ол алдына келген науқастарды рет-
ретімен, кезегімен жіберіп көмектесіп тұр екен. Ал, мына
жерде бір топ құстар: Тоқылдақ, үкі, торғай, тотықұс,
кептер, үндік, тіпті ала қарға да келіп Салауат атайға
өзінің алғыстарын айтқалы келіпт
Балалар қараңдаршы мына аң, құстар бізді тектен-тек
Салауат атаймен кездестіргісі келмей отыр. Олар бізге
бірнеше сұрақтар қоямыз дейді. Егер сол сұрақтарға жауап
берсек біз Салауат атаймен кездесе алады екенбіз.
Дәрумендер мекені туралы не білесіңдер?
- Жеміс-жидек, көкөністерден.
Жеміс-жидек, көкөністер қайда өседі? -Бау-бақшада. .
Мына жемістерді атаңдаршы?
Жүзім. Алмұрт. Алма. Банан. Өрік
Анар. Ананас. Жаңғақ. Апельсин. Лимон
Мына жидектерді атаңдаршы:
Мына көкөністерді атаңдар:
Осы жеміс-жидектер мен көкөністерде қандай дәрумендер бар?
Менің соңымнан қайтала.
Есіңде сақта: Егер денсаулығың мықты болсын десең әрдайым жемістер мен көкөністерді
жеп жүру керек. Тазалық денсаулық кепілі.
Асан мен Үсен алма жегілері келгені соншама бақшаға
барып алма теріп әкелді. Асан алманы жумастан жеп жатыр, ал Үсен болса алманы жуып
жеп жатыр.
гер алманы жумай жесеңдер мына суреттегідей микробтар және түрлі құрттар ішкі
ағзаға еніп түрлі ауру тудыруы мүмкін еді. Сондықтан жеміс-жидектермен көкөністерді
әрдайым жуып жеу керек.
Қарғаның жұмбағы:
Ертемен күнде сен
Қолыңа сүйкесең.
Кетіп кір ласың,
Тап таза боласың
Бұл не?
Жұлдыздың жұмбағы:
Шомылған баланы
Аймалап алады
Сүртеді қолыңды
Сүртеді жоныңды
Балалар, сендер барлық сұрақтарға жақсы жауап бердіңдер. Енді саяхатқа шығуларыңа
болады.
Денсаулық туралы қарапайым ережелерді есте сақтаңдар, менің соңымнан қайталаңдар.
Балалар тәрбиешімен бірге
ережелерді қайталайды.
- күніне кем дегенде 2 рет тіс жуу керек.
- Ұқыпты таза жүру керек.
-Әрдайым спортпен шұғылдану керек
-Дұрыс тамақтану керек.
-Күнде жуынып жүру керек.
-Әрдайым жеміс-жидек, көкөністерді жуып жеу керек.
Денсаулық сақтау үшін таза, ұқыпты жүру керек.
Әрдайым таза, табиғи өнімдерді жеу керек.
Дұрыс тамақтану керек.