Жаратылыстану 5 сынып ІІ тоқсан бойынша

Жаратылыстану 5 сынып ІІ тоқсан бойынша
І нұсқа
1. Жан-жағын бірдей 4 мұхит қоршап жатқан материк?
А) Еуразия В) Антарктида С) Африка
2. Дүниежүзілік балық аулаудың 40% тиесілі мұхит?
А) Солтүстік Мұзды мұхиты В) Атлант С) Тынық
3. Жер шарындағы ең ыстық материкті табыңыз?
А) Африка В) Антарктида С) Солтүстік Америка
4. Теңіздер осынадай 3 түрге бөлінеді?
А) шеткі, сыртқы, аралық В) ішкі, тұйық, қалдық С) арал аралық, ішкі, шеткі
5. Жердің ішкі құрылымы қандай қабаттардан тұрады?
А) Жер қыртысы, гидросфера, биосфера
В) Мантия, атмосфера, гидросфера С) Жер қыртысы, мантия, ядро
6. Мұхит суларының құрлыққа қарай сүйірлене енген бөлігі қалай аталады?
А) шығанақ В) бұғаз С) көл
7. Жер ядросының бөліну түрі?
А) ортаңғы, ішкі В) ішкі, сыртқы С) сыртқы, шеткі
8. Материктің ішіндегі тұйық сулы өлкені тап?
А) шығанақ В) көл С) теңіз
9. Шығу тегіне қарай аралдар бөлінеді?
А) материктік, жанартаулық, маржандық
В) маржандық, мұхиттық, таулық С) жанартаулық, теңіздік, конустық
10. Өзеннің белгілі бір жерге барып құятын жерін қалай атаймыз?
А) сағасы В) бастауы С) саласы
11. Архипелаг дегеніміз не?
А) сумен қоршалған арал В) ең кіші материк С) топтасқан аралдар тобы
12. Дәріханалар мен зертханаларда қолданылатын өте таза суды қалай атайды?
А) тұндырылған су В) дистилденген су С) сарқылған су
13. Топырақтану ғылымының негізін салушы ғалым?
А) В.В.Докучаев В) Н.Коперник С) И.Кеплер
14. «Атмосфера» сөзі грек тілінен аударғанда қандай мағынаны береді?
А) бу В) жер С) су
15. Мұхит пен теңіз сулары гидросфераның қанша пайызын құрайды?
А) 71% В) 90% С) 97%
16. Жер бетіндегі тіршілік тек ғана атмосфераның осы қабатында дамыған?
А) стратосфера В) тропосфера С) мезосфера
17. Судың негізгі үш күйі?
А) қатты, жұмсақ, жылы В) сұйық, қатты, бу С) бу, суық, ауыр
18. Белгілі бір жердегі тәулік ішінде болатын атмосфераның жағдайы?
А) климат В) жауын-шашын С) ауа райы
19. Дүние жүзіндегі ең үлкен мұхит?
А) Атлант В) Үнді С) Тынық
20. Климат терминін ғылымға енгізген ғалым?
А) Пифагор В) Эратосфен С) Гиппарх
ІІ нұсқа
1. Мариан шұңғымасының тереңдігі?
А) 11022 метр В) 8742 метр С) 7209 метр
2. Мәңгі мұз жамылған материк?
А) Аустралия В) Еуразия С) Антарктида
3. Дүние жүзіндегі ең тұзды теңіз?
А) Сары теңіз В) Қара теңіз С) Қызыл теңіз
4. Жердің даму тарихындағы ең алғашқы жалғыз материк пен мұхит қалай аталған?
А) Лавразия және Тынық мұхиты
В) Пангея және Панталасса мұхиты С) Гондвана және Үнді мұхиты
5. Ішкі теңіздерге жататын теңіздер?
А) Жерорта, Қара В) Араб, Кариб С) Фиджи, Сулавеси
6. «Мантия» сөзі грек тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді?
А) жамылғы В) ағыс С) биіктік
7. Құрлықтарды бір-бірінен бөліп тұрған жіңішке сулы өткелді қалай атаймыз?
А) шығанақ В) бұғаз С) теңіз
8. Су астындағы жер сілкінісінен пайда болатын биік жойқын толқындар қалай аталады?
А) дауыл В) жел С) цунами
9. Өзеннің басталар жері қалай аталады?
А) бастауы В) сағасы С) ағысы
10. Әлемдегі ең үлкен арал?
А) Ұлыбритания В) Гренландия С) Мадагаскар
11. Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен?
А) Ертіс В) Сырдария С) Ніл
12. Топырақты зерттейтін ғылым ғалай аталады?
А) жаратылыстану В) топырақтану С) жертану
13. Ауа қабаты қалай аталады?
А) Литосфера В) Гидросфера С) Атмосфера
14. Жердің су қабығы қалай аталады?
А) Атмосфера В) Литосфера С) Гидросфера
15. Атмосфера құрамындағы газдардың мөлшерін тап?
А) 78% азот, 21% оттегі, 1% өзге газдар
В) 71% азот, 28% оттегі, 1% өзге газдар С) 78% оттегі, 21% азот, 1% өзге газдар
16. Емдік сулардың шығатын жерін қалай атайды?
А) бұлақ В) арасан С) хауыз
17. Белгілі бір жерде ұзақ жылдар бойы қайталанатын атмосфераның режимі?
А) жауын-шашын В) климат С) ауа райы
18. Адам денесінің қанша пайызын су құрайды?
А) 37% В) 45% С) 65%
19. Аристотельдің б.з.д 350 жылы жарыққа шығарған кітаптарының атауы?
А) «Метаморфоза» В) «Метеорология» С) «Климатология»
20. Жер шарындағы көлемі жөнінен ең кіші мұхит?
А) Солтүстік Мұзды мұхиты В) Тынық С) Атлант
Дұрыс жауабы
Р/с
І нұсқа
ІІ нұсқа
1
А
А
2
В
С
3
А
С
4
С
В
5
С
А
6
А
А
7
В
В
8
В
С
9
А
А
10
А
В
11
С
С
12
В
В
13
А
С
14
А
С
15
С
А
16
В
В
17
В
В
18
С
С
19
С
В
20
С
А