Конспект урока "Есеп бойынша теңдеу құру" 3 класс
Математика
Сабақтың тақырыбы: Есеп бойынша теңдеу құру
Сабақтың мақсаты: оқушыларды есепті шығарудың жаңа тәсілімен - теңдеу құру
арқылы шешумен таныстыру; теңдеу құру дағдыларын арттыру; құрылымы күрделірек
теңдеулерді шешу біліктіліктерін арттыру; талдау және қорытындылау дағдыларын
дамыту.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Тірек білім, білік, дағдыларын жетілдіру.
№1 тапсырма ауызша есептеуге беріледі. Проблемалық жағдай туғызу үшін «теңдеу»
және «өрнек» сөздерінің мағынасын түсіндіруі сұралады. Берілген математикалық
түсініктермен жұмысты былай жүргізуге болады: Мұғалім тақтаны ортасынан сызықпен
бөліп, алдымен теңдеу құрастыруға байланысты берілген тапсырманы орындатады, содан
соң екінші бөлігіне мұғалімнің тапсырмасы бойынша өрнектер жазылады.
Теңдеу жазуға берілген тапсырмалар:
а) «Мен бір сан ойладым, оны 20 есе арттырып, 220 санын алдым. Мен қандай сан
ойладым?»
ә) «Мен бір сан ойладым, оны 20 есе арттырып, 100-ді қосқанда, 220 саны шықты. Мен
қандай сан ойладым?»
Өрнек жазуға берілген тапсырмалар:
а) 11 санын 20 есе арттыр.
ә) 11 мен 20 сандарының көбейтіндісін 100-ге арттыр.
Осы жазулар тақтаға жазылғаннан кейін, мұғалім оң жаңтағы және сол жақтағы
жазулардың қалай аталатынын сұрайды. Олардың үұсастығы мен айырмашылығын
табады. Балалар осылайша «өрнек» және «теңдеу» деген терминдерге анықтама береді.
Әңгімені сұрақ-жауап түрінде де ұйымдастыруға болады:
Жазулардың қайсысын теңдеу деп атауға болады?
Теңдеу деген не?
Теңдеуді шешу деген не?
Теңдеудің түбірі деген не?
3. Жаңа тақырыппен жұмыс.
Мұғалім жаңа сабақтың тақырыбын хабарлап, оқулықтағы №3 (а) тапсырмаға ұқсас
есепті шығаруды ұсынады. Есепті теңдеу құрып шығаруға болады. «Бір күнде 100 ммқар
түсті. Егер екі күнде 300 ммқар түскен болса, екінші күні қанша қар жауды?»
Ары қарай мұғалім есепті теңдеу құрып шығару кезінде есептің сұрағын анықтап,
белгісіз санды табу керек екенін айтады. Екінші күні түскен қардың мөлшерін х деп
белгілейік. Сонда мынадай теңдеу құруға болады: 100 + х = 300.
Теңдеуді шешіп, есептің сұрағына жауап береміз. Тақтаға мынадай жазу жазуға болады:
1-тәсіл
2-тәсіл
Амалдар бойынша немесе өрнек арқылы
Теңдеудің көмегімен
1-куні - 100 мм
300 мм
2-күні - ? мм
300 - 100 = 200 (мм)
хмм қар түсті дейік. Теңдеу
құруға болады:
100 + х = 300
х = 300 - 100
х = 200 (мм)
Жауабы: екінші күні 200 ммқар түсті.
Балалар есепті әртүрлі тәсілмен шығаруға болады деген қорытындыға келу керек.
4. Алғашқы бекіту.
Есептің сызбасы бойынша теңдеу ңүрастыру. Таңтаға есептің сызбасы ілінеді немесе
сызылады. Бірінші сабақта белгісіз қосылғыш, азайғыш, азайтқыштары бар теңдеулер
құрастыруға болатын есептің сызбаларымен шектеуге болады. Ары қарай келесі
сабақтарда белгісіз көбейткіш, бөлгіш, бөлінгіш теңдеулер құрастыруға болатын
есептермен жұмыс жүргізіледі. Сызбаның үлгілері:
Есептің үлгілері:
Велосипедшілер 2 күнде 110 км-ді жүріп өтуі керек. Егер оларға екінші күні әлі 60 км
жүру керек болса, бірінші күні қанша километр жүрген?
Туристер 40 км жолды жүріп өткеннен кейін, өлі жүрілмеген 80 км жол қалды. Оларға
барлығы қанша километр жолды жүрулері керек?
Оқушылар есепті әртүрлі тәсілмен шығаруға болатындығы туралы қорытындыға
келулері керек.
1. Өздік жұмысүшін №3 (ә) тапсырманы ұсынуға болады.
Ауылда 45 бала ойнап жүрді. Олардың 14-і ер бала, ал қалғаны - қыздар. Неше қыз
ойнап жүр?
Талдау жұмысы жүргізілгеннен кейін мұғалім осы есепті әртүрлі тәсілмен шығаруды
ұсынады. №2 тапсырма теңдеу шешуге жаттықтыруға арналған. Жұпта бірін-бірі тексерді.
2. Өтілгеп материалдармен жұмыс.
Есептеумен байланысты №4 тапсырманың біраз бөлігі сыныпта орындалады, ал қалған
белігі үйге беріледі. №6 тапсырманың суреті мен өрнектері бойынша есептер құрастыру
жұмысы жүргізіледі, ал №5 тапсырманы үйге тапсырма ретінде беруге болады.
3. Рефлексия. Сабақтың қорытындысын шығару.
Математика - еще материалы к урокам:
- Презентация "Умножение и деление десятичных дробей" 5 класс
- Открытый урок "Умножение и деление десятичных дробей" 5 класс
- Конспект урока "Знакомство с учебником математики и тетрадью с печатной основой (ТПО). Признаки сходства и различия двух предметов. Счёт" 1 класс
- Открытое занятие "Лесная математика"
- Технологическая карта занятия "Разнообразный мир линий" 4 класс
- Презентация "Конкретный смысл действия деления" 3 класс