Бір сабаққа рефлексивтік есеп
Бір сабаққа рефлексивтік есеп
Мен сабаққа жоспар құрмас бұрын өзіме үлкен мақсат қойдым:ол-осы
Бағдарламадан алған білімімді,үйренген әдіс-тәсілдерді оқу үдерісінде тиімді
пайдалану және оқушылардың өздігінен білім алып,ізденушілік қабілеттерін дамытып,
қызығушылықты арттыруға атсалысу және үлгерімі төмен оқушыларды үлгерімі
жақсы оқушылардың санатына қосу, Оқушы оқу үдерісіне белсенді қатысқанда ғана
материалды терең меңгеруге қол жеткізеді. Егер оқу үдерісі оқушы мен оқу
материалын қосатын”көпірді салуға” негізделсе, онда осы үдерісті үйлестіретін
мұғалімдер көпірдің екі жағын да қадағалай білуі тиіс.Бағдарламаның модульін
кіріктіре отырып, (МАН 35 бет) 8 - тезисті негізге алып әдебиеттік оқу пәнінен қысқа
мерзімді жоспар құрдым.
Күні:
Сыныбы:3
Пәні:әдебиеттік оқу
Сабақтың
тақырыбы:
Ж.Жұмаханов. Ер еңбекте сыналады.
Сілтеме
Күнтізбелік жоспар.Әдебиеттік оқу 3-сынып. «Атамұра» 2014ж.
Жалпы мақсаты:
Мәтінді түсініп оқу арқылы ондағы негізгі ойды
анықтау.Мәтіннің мазмұнын талдау арқылы оқушыларды сын
тұрғысынан ойлауға,өз пікірін ашық айтуға үйрету.
Түйінді идея:
Оқушыларды еңбекқор болуға үйрету.
Оқыту нәтижесі:
Мәтінді түсініп оқу арқылы ондағы негізгі ойды анықтайды.
Мәтіннің мазмұнын талдау арқылы оқушылар сын тұрғысынан
ойлауға,өз пікірін ашық айтуға үйренеді.
Ақпарат көздері:
Оқулықтар, электронды оқулық, үлестірме қағаздар.
Іс-әрекет
түрлері:
1. Өткенді
қайталау.
2. Оқулық
бойынша
тапсырма.
Джигсо әдісі.
3.Топтық
жұмыс.
4.Дәптермен
жұмыс.
5.Топты бағалау
және өзін-өзі
бағалау
Мұғалімнің сабақ туралы жазбалары
тапсырма 45 минутқа арналған
Мұғалім іс-әрекеті
Оқушы іс-әрекеті
Психологиялық ахуал туғызу.
Мақал -мәтел құра.
Өткенді қайталау.
Оқулық бойынша тапсырма.
Джигсо әдісі.
Сергіту сәті.
Топтық жұмыс. Топқа оқулық
бойынша тапсырма береді.
Суретпен жұмыс.
Дәптермен жұмыс.
Бағалау өлшемдері арқылы бағалау
Рефлексия кезеңі
Оқушылар бір -біріне тілек айтады.
Оқушылар мақал -мәтел құрау арқылы
6 оқушыдан жеке топқа бөлінеді.
Өткен сабақты қайталайды,қорытынды
жасайды.
Оқушылар мәтінді Джигсо әдісі бойынша бір
біріне түсіндіреді.
Оқушылар жаттығулар жасайды.
Әр топ берілген тапсырманы орындайды.
Оқушылар сурет бойынша мульфильм
жасайды.
Тапсырманы дәптерге өз бетінше орындайды.
Сабақтағы топ мүшелеріне баға беру.
Жаңа сабақ бойынша «2 жұлдыз, 1 тілек»
пікірін смайликке жазу.
Бүгін не үйрендім?
Маған не ұнады?
Маған не ұнамады?
Пайдаланылған құралдар:
Тапсырма жазатын қағаздар,түрлі-түсті
қарындаштар,маркерлер, бағалау парағы.
Үйге тапсырма:
167-169 бетті оқу ,мақал – мәтел жаттау.
Жаңа нәрсені оқыту адамның нені білетінімен және түсінетінімен
байланысты.(МАН,1-тезис,35бет,).Мұғалімдер оқушылардың не білетінін және нені
жасай алатынын,сондай ақ олардың қызығушылықтарын,әр оқушының нені жасқсы
көретінін және не істегісі келетінін түсінуге тырысады.(МАН,35-бет). Мен сабақты
бастамас бұрын оқушылардың көңіл күйін көтеру керек деп шештім. Сыныпқа
кіріп,амандасқан соң оларды ортаға шақырып,шаттық шеңберін құру керектігін
айттым. Выгоготский кіші жастағы балаларды когнитивті даму әрекеттері әлеуметтік
қарым-қатынас үдерісінде,яғни анағұрлым қабілетті оқушылырмен араласу және
мәдениет,қоршаған ортамен өзара қарым- қатынас жасау арқылы қалыптасатын
субъект ретінде суреттейді (МАН, 39-бет). Ынтымақтастық атмосферасын
қалыптастыру үшін ,Кім кіммен дос болғысы келеді?- деген сұрақ қойдым.Әр оқушы
өздерінің кіммен дос болғысы келетінін айтып шықты.Жауаптары әр-түрлі болды.Бұл
мен үшін пайдалы болды.Себебі сыныптағы жекелеген оқушылардың қарым-
қатынасы қандай екенін байқадым.Болашақта тренингтерді көбірек өткізуім керек деп
шештім.Сонымен ,бүгінгі күнге жақсы көңіл күй тілеп, топқа бөлу үшін мақал мәтел
жазған қағаздарды үстелге қойдым.Оқушылар бір-бірден алып мақал- мәтел құрап
топқа бөлініп отырады.Топқа бөлініп отырғаннан кейін топ ережесін естеріне түсірді.
1.Еңбек адамның екінші анасы.
2.Еңбек адамның көркі,
Адам заманның көркі.
3.Еңбек — ата, жер — ана.
4.Еңбек әрі сүйсіңдіреді,әрі сиындырады.
6.Еңбек бейнет емес, зейнет.
Оқыту оқушының бастапқы білімі мен дағдыларын назарға алып, оларды өрістетуді
мақсат еткенде мәнді болады.(МАН,2-тезис,35-бет). Сабақтың басында оқушылардан
өткен сабақ бойынша үйге берілген тапсырманы тексеріп шықтым.
Осы байланыстарды дамытып,нығайту үшін проблемеларды шешу үдерісін
толыққанды қатыстыру қажет.(3-тезис,35-бет)Жаңа тақырыпты ашу үшін оқушыларға
жұмбақ жасырдым. Жұмбақтың шешуі мен өткен сабақтың арасында қандай байланыс
бар екенін оқушылырдан сұрап,жаңа сабаққа дайындық жүргіздім.
Оқушыларға гипотеза жасауға,оны қорғауға,сынақтан өткізуге және құруға уақыт
беріңіз.(4-тезис,35-бет).Жаңа тақырып бойынша сұрақтарға әр топтан бір оқушы
жауап береді.
Оқушылардың бір бірін оқытуына мүмкіндік беріңіз (5-тезис,35-бет).Оқулықтың
бетіндегі мәтінді үшке бөліп, үш топқа бөліп бердім. Әр топ мәтінді
оқып,түсінгендерін басқа топқа айтып береді.Төртінші топ сурет бойынша әңгіме
құрайды. Осы тапсырманы орындау барысында оқушылар қызығушылық танытты.
Бұрын барлық оқушыларға мәтінді түгел оқытып,түсінгендерінен ғана сұрайтынмын
және үлгермейтін оқушылар қалып қоятын. Әр топтан бір оқушы түсінгенін басқа
топқа айтып бергенде,басқа топтың оқушылары бірден түсініп алады екен. Бұл
тапсырманы орындағанда оқушылардың оқуға деген қызығушылығы арта
түсті.Нұрбек,Жанна,Елдос,Мадияр сияқты оқи алмайтын оқушылар оқи бастады.
Әрине бұл бір сабақта нәтиже берген жоқ.
Қолайлы оқу үшін адамдарға кері байланыс пен мадақтау қажет,сондықтан бағалау ізгі
болуы керек (8-тезис,36-бет). Сабақта критерий арқылы өзін-өзі және өзара
бағалады.Ал мен жалпы критерий арқылы бағалап отырдым.Бағалау оқушыларға өте
қызық болды.Олар топтағыларды бақылай отырып,өзін өзі реттеуге де біршама
төселіп қалды. Осы бағалаулар арқылы өзінің білім деңгейі қаншалықты екендігін
білді.Білім алуға түбегейлі ықпал етіп,оқуын ары қарай жақсарта түсуге
ұмтылып,түсіне білді.Сабақ соңында кері байланыс жасалып,оқушылар смайликтер
арқылы көңіл күйлерін стикерге жазып,сабағымызды аяқтадық.Біздің бағалауымыз
мына үлгіде болды.
Аты
Сұраққа
жауап беруі
Сабаққа
қатысуы
Тыңдау
мәдениеті
Баға
Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес.Мұғалімдер жазбаша немесе
ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды.Олар қолданатын кез келген нысанның
артында объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен
стандарттар ғана емес,сондай-ақ баланың дамуы,оқуы және ынтасы туралы
түсінік,сонымен қатар өзін-өзі бағалау,қабілеттілік және күш жігер сияқты ұғымдарға
қатысты құндылықтар жатады.(Александер,2001).Оқыту үшін бағалау-бұл білім
алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын,қандай бағытта даму керек
және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және
олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі...Оқуды
бағалаудың мақсаты,керісінше,оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау
болып табылады.(Мұғалімге арналған нұсқаулық,58-бет).
Бағалауда мен өзара бағалауды қолдануды көздедім.Формативті бағалауды зерделей
отырып,оның не екеніне көз жеткізгім келді.Себебі бағалау кезінде қиындықтар мен
кедергілерге тап болдым.Бағалау кезінде оқушылардың бағасын нақты қоюға қиналған
кездерім де болды.Өйткені олар бағалаудың тәртібін түсінбей,бұрыннан нашар
оқитындарға төмен баға,ал жақсы оқитындарға жоғары баға қойған тұстары да
болды.Мысалы Мағжан мен Нәдірбек қанша сабаққа қатысып отырса да оларға төмен
баға қойғандар болды.Себебін сұрағанда олар жаман оқиды деп жауап берді
оқушылар.Бірақ ол бағаға қанағаттанбай наразылық білдіргендер Мағжан мен
Нәдірбек сабаққа жақсы қатысып отырғандарын айтып,бағаны дұрыс қоюды талап
етті.
Оқыту үшін бағалау-оқушылардың оқуына ықпал етуге арналған оқытудың бір
бөлігі ретінде бағалауды қолдану екендігі белгілі.Оқытудағы әдістерді әрі осы
мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсартуды анықтауға бағытталған бағалауды
формативті немесе оқыту үшін бағалау деп аталатыны да айдан анық.
Осы сабақта қандай қателіктер болды деп ойланғанымда,менің байқағаным-
оқушылардың тәртібі,топқа бөлінгенде келіспеушіліктің болуы,яғни жақсы оқитын
оқушылар нашар оқитын оқушылармен отырғылары келмеді,топтық жұмыста
таластың туындауы,бір-екі оқушының назардан тыс қалуы сияқты сәтсіздіктер
туындады.Осы сәтсіздіктерді болашақта болдырмауды ойға түйіп алдым.Сабақтың
сәтті өтуіне көп күш жұмсап,тиімді әдіс-тәсілдерді қарастырдым.Соның нәтижесінде
бүгінгі сабағымның сәтті тұстары басымырақ болды.Тағы бір сәтті жағы-сабағымда
жеті модульдің төртеуі қамтылды.
Оқыту сияқты көшбасшылық та адамның тұрақты дамуға жетелейтін негізгі қабілеті
болып табылады.(Мұғалімге арналған нұсқаулық,87-бет).Әр топта көшбасшы
оқушылар суырылып,алға шығып,топтық жұмыстарды орындауға басшылық
жасап,әлсіздерге көмектесіп отырды.Топтағы тапсырмаларды тез
орындауға,басқалардан қалып қоймауға тырысып,жұмысты жандандыруға көп көмегін
тигізді.Міне,сабақтың сәттілігі-осында.Атап айтатын болсам
Ардақ,Енелдес,Айым,Жансая,Дана өздерінің белсенділіктерін тағы бір айқындап
берді.Өйткені,бесеуі де бұрыннан белсенді оқушылар еді,ал бүгінгі сабақта олар
тобындағы балаларды алға қарай тартып,барлық тапсырмаларды орындау барысында
көзге түсті. Осы сабақтың нәтижесінде оқушылардың
қызығушылықтары,белсенділіктері артып,ойлауы дамып,өзіне деген сенімділігі
жоғарылағанын байқадым.Сондай-ақ оқушылардың білім сапасы артып,өз бетімен
ізденушілік қабілеттері дами бастағанын пайымдадым.Сабақты өту кезінде жеткен
жетістігімді саралай келе,сапалы білім беріп,жаңаша әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана
отырып,саналы оқушы шығаруды көздеймін.Мұғалім өмір бойы ізденіс үстінде
болады.Ол өзінің кәсібіне салғырттықпен қарамау керек.Қазіргі технологиясы жақсы
дамыған заман талабы осындай.Қазіргі оқушылар көп кітап оқымайды,керісінше
компьютермен «достасқан»,ешкіммен тілдік қарым-қатынасқа түспейді.Сөйтіп сабағы
нашарлап,дүниетанымы дамымай қалады. Міне,менің бір сабағымда алған әсерім мен
жетістігім осындай.
Пайдаланылған әдебиеттер:
«Мұғалімге арналған нұсқаулық»