Қорытынды тест 6-сынып ІV-тоқсан

Қорытынды тест
6-сынып
ІV-тоқсан
І-нұсқа
1. Ауызында тістері болмайтын омыртқалы жануар
А) құс С) сүтқоректілер
В) балық Д) жорғалаушылар
2. Күйіс қайыратын жануарлардың қарны неше бөліктен тұрады?
А) 5 С) 4
В) 1 Д) 6
3. Ауыз-жұтқыншақ-өңеш-жемсау-қарын-ішек жолдары арқылы астың қорытылуы қандай
жануарларға тән?
А) құс С) сүтқоректілер
В) балық Д) жорғалаушылар
4. Жануарларда ас қарыннан кейін қайда түседі?
А) жұтқыншаққа С) өңешке
В) ауызға Д) ішекке
5. Асқорыту жолында өтті бөлетін без
А) бүйрек С) өкпе
В) жүрек Д) Бауыр
6. Суда тірішілік ететін ұлулар не арқылы тыныс алады?
А) бауыр С) тері
В) желбезек Д) танау тесігі
7. Оттегісі бар жерлерде тіршілік ететін ағзалар
А) аэробты С) паразит
В) сапрофит Д) редуцент
8. Өрмекшілердің тыныс алуы не арқылы жүзеге асады?
А) демтүтік С) тері
В) өкпе Д) дұрыс жауап жоқ
9. Омыртқалы жануарлардағы тыныс алу жүйесінің дұрыс сызбанұсқасын көрсетіңіз
А) өкпе-кеңірдек-танау тесігі-көмей С) танау тесігі-өкпе-көмей-кеңірдек
В) танау тесігі-өкпе-көмей Д) танау тесігі-көмей-кеңірдек-өкпе
10. Тыныс алу жүйесінде ауа қапшықтары болатын және қосарлы тыныс алатын омыртқалы жануар
А) құс С) сүтқоректілер
В) балық Д) жорғалаушылар
11. Жиырылғыш вакуоль арқылы зәр шығару қандай ағзаларға тән?
А) қарапайымдар (амеба) С) балық
В) бақа Д) ит
12. Зәр шығару жүйесі екі бүйрек-несепағар-қуықтан тұратын жануарлар
А) шаяндар С) құстар
В) сүтқоректілер Д) амебалар
13. Қанның қызыл түйіршіктері
А) тромбоцит С) лимфа
В) лейкоцит Д) эритроцит
14. Жүре пайда болған иммунитет
А) ауырғаннан кейін қалыптасады С) туа пайда болады
В) екпе арқылы қалыптасады Д) дұрыс жауап жоқ
15. Жүректен шыққан қанның тері мен бұлшықеттер арасына еніп, жүрекке қайта оралмайтын жүйесі
А) ашық С) тұйық
В) лимфа айналымы Д) барлық жауап дұрыс
16. Сол жақ қарынша-бүкіл ағза-оң жақ құлақша жолымен қанайналымның қай шеңбері өтеді?
А) үлкен шеңбері С) кіші шеңбері
В) лимфа айналымы Д) ешқайсысы өтпейді
17. Жануарлар үшін қозғалудың маңызы неде?
А) қорегі тауып жейді С) жауынан қорғанады
В) өзіне пана іздейді Д) барлық жауап дұрыс
18. Гидра не арқылы қозғалады?
А) аяқтары С) қолдары
В) кірпікшелері Д) қармалауыштары
19. Балықтар су астында алға қарай жүзгенде негізгі рөл атқаратын жүзбеқанаты
А) құйрық С) құрсақ
В) көкірек Д) аналь
20. Құс қауырсынының теріге қадалатын ұшы қалай аталады?
А) сояу С) пәр
В) мұртша Д) қаламша
21. Гидра қандай мезгілде жынысты жолмен көбейеді?
А) күзде С) жазда
В) қолайлы жағдайда Д) барлық уақытта
22. Гидраның жыныссыз жолмен көбеюі қалай жүзеге асады?
А) бөліну арқылы С) бүршіктену арқылы
В) жыныс жасушаларының қосылуы арқылы Д) ұрықтану арқылы
23. Жұмыртқа-дернәсіл-қуыршақ-ересек түр түрленіп дамудың қай түріне жатады?
А) толық С) шала
В) тура Д) барлық түріне жатады
24. Жұмыртқадан шыққан балапанның денесі кепкен соң анасына еріп, жем іздеп кететін түрлері қалай
аталады?
А) қызылшақа балапан С) итшабақ
В) ширақ балапан Д) уылдырық
25. Организмдердің сыртқы тітіркендіргіштерге жүйке жүйесі арқылы жауа қайтаруы
А) синапс С) регенерация
В) рефлекс Д) бүйір сызығы
Қорытынды тест
6-сынып
ІV-тоқсан
ІІ-нұсқа
1. Құстардың асқорыту жүйесінде өңештің кеңейген жері қалай аталады?
А) жемсау С) қарын
В) ұлтабар Д) қуық
2. Құстардың қарны неше бөліктен тұрады?
А) 1 С) 2
В) 5 Д) 3
3. Құстарда тістің қызметін атқаратын қарынның қай бөлігі?
А) безді қарын С) жұмыршақ
В) етті қарын Д) таз қарын
4. Жануарларда ас ауыз қуысынан кейін қайда түседі?
А) жұтқыншаққа С) өңешке
В) ауызға Д) ішекке
5. Асқорыту жолында бауырдың бөлетін сөлі
А) өт С) инсулин
В) тироксин Д) Адреналин
6. Құрлықта тірішілік ететін ұлулар не арқылы тыныс алады?
А) бауыр С) тері
В) өкпе Д) танау тесігі
7. Оттегісі жоқ жерлерде тіршілік ететін ағзалар
А) анаэробты С) паразит
В) сапрофит Д) редуцент
8. Шұбалшаңдар не арқылы тыныс алады?
А) тері С) өкпе
В) желбезек Д) танау тесігі
9. Омыртқалы жануарлардағы тыныс алу жүйесінің дұрыс сызбанұсқасын көрсетіңіз
А) өкпе-кеңірдек-танау тесігі-көмей С) танау тесігі-өкпе-көмей-кеңірдек
В) танау тесігі-өкпе-көмей Д) танау тесігі-көмей-кеңірдек-өкпе
10. Құстарда ауа қапшықтарының көлемі өкпеден неше есе үлкен?
А) 5 есе С) 10 есе
В) 20 есе Д) 25 есе
11. Жұп жасыл бездер арқылы зәр шығару қандай ағзаларға тән?
А) бақа С) шаян
В) тауық Д) мысық
12. Зәр шығару жүйесінде қуығы болмайтын жануарлар
А) балықтар С) құстар
В) сүтқоректілер Д) өрмекшілер
13. Қанның ірі, ядросы бар,түссіз жасушалары
А) тромбоцит С) гемоглабин
В) лейкоцит Д) эритроцит
14. Жасанды иммунитет
А) ауырғаннан кейін қалыптасады С) туа пайда болады
В) екпе арқылы қалыптасады Д) дұрыс жауап жоқ
15. Жүректен шыққан қанның бүкіл ағзаны аралап, жүрекке қайта оралатын қанайналым жүйесі
А) ашық С) тұйық
В) лимфа айналымы Д) барлық жауап дұрыс
16. Оң жақ қарынша-екі өкпе-сол жақ құлақша жолымен қанайналымның қай шеңбері өтеді?
А) үлкен шеңбері С) кіші шеңбері
В) лимфа айналымы Д) ешқайсысы өтпейді
17. Жануарлар үшін қозғалудың маңызы неде?
А) қорегі тауып жейді С) жауынан қорғанады
В) өзіне пана іздейді Д) барлық жауап дұрыс
18. Өзен шаянының жүретін аяқтарынң саны қанша?
А) 10 жұп С) 4 жұп
В) 2 жұп Д) 6 жұп
19. Құстардың ауада еркін ұшіп жүруіне байланысты қангдай мүшесі жақсы дамыған?
А) қанаттары С) алдыңғы аяқтары
В) артқы аяқтары Д) дұрыс жауап жоқ
20. Құс қауырсынының пәр бекінетін бөлігі қалай аталады?
А) сояу С) пәр
В) мұртша Д) қаламша
21. Гидра қандай мезгілде жыныссыз жолмен көбейеді?
А) күзде С) қолайсыз жағдайда
В) қолайлы жағдайда Д) барлық уақытта
22. Гидраның жынысты жолмен көбеюі қалай жүзеге асады?
А) бөліну арқылы С) бүршіктену арқылы
В) жыныс жасушаларының қосылуы арқылы Д) түлеу арқылы
23. Жұмыртқа-дернәсіл -ересек түр түрленіп дамудың қай түріне жатады?
А) толық С) шала
В) тура Д) барлық түріне жатады
24. Жұмыртқадан шыққан балапанның мамығы жетілмеген, көзі ашылмаған, құлақ саңылауы жабық,
дәрменсіз түрлері қалай аталады?
А) қызылшақа балапан С) итшабақ
В) ширақ балапан Д) уылдырық
25. Организмдердің сыртқы тітіркендіргіштерге жүйке жүйесі арқылы жауа қайтаруы
А) синапс С) регенерация
В) рефлекс Д) бүйір сызығы