Конспект "Туған қалам - Ақтау"

Ұйымдастыралған оқу қызметінің тақырыбы: «Туған қалам - Ақтау
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Ұйымдастырылған оқу қызметінің мақсаты:
1)Балалардың туған еліне деген қызығушылық пен сүйіспеншіліктерін , мақтаныш
пен патриоттық сезімдерін тәрбиелеу.
2)Балалардың тілдерін,ой-өрістерін логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
3)Орыс, ағылшын тілдерінде балалардың тілдерін жаттықтыру.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгіме, ойын.
Көрнекілігі: Тақырыптық
суреттер,слайдтар,альбомдар,кітаптар,дәптерлер,геометриалық
пішіндер,сыйлықтар,интерактивті тақта. т.б
Жүргізуші: Балалар, бүгінгі оқу қызметіміз ерекше! Бүгін біздің балабақшамызға
қонақтар келіп отыр. Бәріміз қонақтармен амандасайық!
Балалар қонақтармен амандасады.
Шаттық шеңбер.
Қуан шаттан алақай,
Қуанатын күн келді!
Күліп шықты күн бүгін
Қайырлы таң! Қайырлы күн!
Балалар орнына отырады
Жүргізуші: Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр, тыңдап,
жауабын шешіп көріңдер!
Қар, мұз еріп,
Су көбейіп
Сай –салаға ағады.
Бүршік шашып,
Жапырақ ашып,
Гүл, бәйшешек басады.
Балалар, айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?
Балалар: көктемде.
-Жарайсыңдар балалар ,жұмбақтың жауабын дұрыс шештіңдер! Көктемде
адамдар қалай киінеді? / Балалардың жауабы/
- Кім айтады, көктемнің неше айы бар? / Балалардың жауабы/
- Кім маған көктем айларын атап береді? / Балалардың жауабы/
- Балалар, бізге көктем туралы кім тақпақ оқып береді?
1 бала: Қар су болып жөнелді,
Қалды дала жалаңаш.
Күн нұрына кенелді
Бүршік атып бар ағаш.
2 бала: Келіп көктем құстары
Бау-бақшада ән салды.
Оларды жас достары
Ұя жасап қарсы алды.
(Ұшақтың ұшқан дыбысы естіледі.)
Жүргізуші: Балалар, ненің дауысын есіттік.
Балалар: Ұшақтың ұшқан дыбысы есітілді.
Ішке қонақтар кіреді. Қонақтармен,балалармен амандасады./Орысша, ағылшын
тілінде/
Балалар, бүгін біздерге Ағылшын ұлтты,орыс ұлтты қонақ апалар келіп тұр.
Балалар қонақтармен амандасады.
Жүргізуші: Төрлетіңіз, отырыңыздар. Қане балалар қонақтарға өзіміздің білімді
екенімізді көрсетейік. Ол үшін мына үлкен қорапша ішінде не жасырынғанын
табуымыз керек. Мен қорапты ашып , қарайын ішінде не бар екен? Міне қызық, мен
әріптер тауып алдым./Қораптың ішінен шығарады/
3.Жүргізуші:Мына әріпті қараңдар.Мынау қандай әріп? «А»
- Ал мына әріп қай әріп? «Қ»
- Балалар, бұл екі әріпті қосқанымызда қандай сөз шығады?
Балалар: «Ақ» сөзі.
Жүргізуші: «Ақ» сөзі қандай мағынаны білдіреді?
Балалар: «Ақ» сөзі түсті білдіреді.
Жүргізуші: Балалар, ақ түсті нені білесіңдер, атай қойыңдар.
Балалар: қар, бор, қағаз, сүт, тұз, қант, аққу,аю, қоян, тіс...
Орыс ұлтты қонақ: Ой ребята, я поняла вы говорите слово «ақ» это же мой
любимый цвет, скажите мне на русском языке что же бывает белым:
Балалар: бывает белый снег, мел,соль, сахар,лебедь, белые зубы, белое молоко...
Ағылшын ұлтты қонақ: You are very clever! I like the white colour too. Tell me please,
what is white?
Children.Snow, chalk, paper, swan, sugar, salt, hair, milk etc.
Жүргізуші: Қорапта тағы не бар екен? Мынау ненің суреті?
Балалар: Таудың суреті.
Жүргізуші: Балалар, біздің тұратын жерімізде көп таулар бар. Олар :Қаратау,
Отпантау, Шерқара тау, Ақмыштау т.б.
–Балалар осы таулар туралы тақпақ оқып берейін, сендер тыңдаңдар:
Жүргізуші: /Интерактивті тақтадан көрсетіп оқиды/.
1.«Отпан тау»
Отпан тау- От адамның мекені
Әлімсатқа болған екен деседі-
Ғұламалар табиғатпен тілдескен,
Дана шалдар,өтіп кеткен кешегі
Отпан тау-жеріміздің төрі,
Адай-Ата кесенесі еліміздің мөрі.
2 . «Шерқала»
Шерқала Сырттай қараған адам оны әр нәрсеге ұқсатып жүр.Кейбірулер
төңкерулі кесеге ұқсатса,енді біреулер таудан кәдімгі киіз үйдің бейнесін көреді.
Жергілікті ақындар болса:
Шерқала таудың бөркі еді,
Айрақты таудың көркі еді,- деп жырға қосқан
3. «Ақмыштау»
Ақмыштау Бұл сезімнің атауы жоқ сияқты.
Ұраны да,құраны да беймәлім
Күні де жоқ гүліде жоқ сияқты
Мәңгі ұйқыда үгсіз жатыр аймағым.
Тым қатігез тыныштықта осынау.
Еш нәрсені алып-қоса алмайсың.
Сен де оны өзгертуге досым-ау
Сол баяғы қақысы жоқ жандайсын.
Жүргізуші: Балалар, сендерге менің көрсеткен тауларым ұнады ма? (Балалардың
жауаптары) Қораптың ішін тағы қарайын не бар екен?
-Мынау ненің суреті?
Балалар: Тудың суреті.
Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар. Ту туралы не білесіңдер?
Балалар:
-Туды олимпиада болғанда биікке көтереді
-Туды ұстап ант береді
-Ту біздің рәмізіміз.
Жүргізуші: Балалар, бізге ту туралы тақпағын кім оқып береді?
Бала тақпақ оқиды.
Орыс ұлтты қонақ:Ребята, какие вы молодцы, как хорошо знаете о своем флаге!
А вы можете прочитать стихотворение о Родине, о флаге на русском языке?
3-бала: Моя Родина – Отан.
Край любимый Казахстан.
Горы, степи и поля-
Это все моя земля.
Мы гордимся Родиной – Отан!
Славит ее гимн әнұран!
Крепнет пусть родной Казахстан!
Ағылшын ұлтты қонақ:Who can tell us poem about our Motherland - Kazakhstan?
1-сhildren
Kazakhstan is my Motherland
Kazakhstan is my soul
Kazakhstan is my best friend
I love it best of all!
2-сhildren
The flag is nice
The sun is bright
The sky is blue
The eagle in flight
3- сhildren
I like Aktau
It is a wonderfull town
The Caspian sea
Is always with me!
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар. Қораптың ішін тағы қарайын не бар екен? Ой,
мен қызық ойын тауып алдым, үш топқа бөлініп тұрыңдар, ойнайық./ Ойынның
шартын түсіндіреді/
Ойын – эстафета « Қай топ бірінші?» Ойынның соңында жасырылған әріптер
шығады.
Қолдарына әріп түскен балалар ортаға шығып, әріптерін көрсетеді.
Жүргізуші: Балалар , мына әріптер туралы жұмбақтар жасырайын, ал сендер жауабын
айтыңдар!
1 жұмбақ
Ұқсайды өзі шалғыға
Елестет көз алдыңа
Қане ойлап табайық
Болады енді бұл қай әріп «Ғ»
Жүргізуші: Балалар, «Ғ» әрпін кім ұстап тұр?/ Балалардың жауабы/
2 жұмбақ
Күн нұрын шашқан асқардан
Алатау алып тас қорған
Бас қала аты Астана
Қай әріптен басталған? «А»
Жүргізуші: Балалар, «А» әрпін кім ұстап тұр?/ Балалардың жауабы/
3 жұмбақ
Ас біткеннің атасы
Қасиетті нан осы
Қай әріптен басталып
Аяқталған қарашы? «Н»
Жүргізуші: Балалар, «Н» әрпін кім ұстап тұр?/ Балалардың жауабы/
/Жүргізуші табылған әріптерді ретімен тақтаға қояды/
Жүргізуші : Жарайсыңдар балалар. Қораптың ішін тағы қарайын, не бар екен?
Балалар, қораптың ішіндегі қалған затты көрсету үшін сендер мына тапсырманы
орындауларыңыз керек. Мына кесінділерді құрап, не шыққанын айтып берулерің
керек.
Ол үшін үш топқа бөлінейік, қане қай топ тапсырманы бірінші орындайды екен.
/Балалар геометриялық пішіндерден суреттерді құрайды/ Соңында ескерткіштердің
суреті шығады. Атауларын атайды./Жүргізуші балалардан ескерткіштер қандай
геометриялық пішіндерден құрастырылғанын сұрайды/
Жүргізуші : Біздің туған қаламызда осындай әдемі ескерткіштер бар екен.
Олар міне өздерің жинаған «Ұшақ», «Желкен қайық», «Мәңгілік от алауы»
ескерткіштері. Рахмет, балалар отырыңдар.
Жүргізуші :Бері қараңдар, біздің туған жерімізде ескерткіштер өте көп.Олар: Тарас
Шевченко,Қашаған жырау,Тобанияз, Ана мен бала...
Жүргізуші : Геометриялық пішіндерді дұрыс атадыңдар, ал сендер сан мен санамақтар
туралы айтып бере аласыңдар ма?
Сергіту сәті ретінде қимыл-қозғалыстар арқылы орындап, айтады.
Балалар санамақтарын айтады:
Біздер санай білеміз
Білмегенге күлеміз
Біреу,екеу,үшеу,төртеу деп
Бес,алты деп жүреміз
Онға дейін санайық
Қолға қалам алайық
Қарап тұрмай сандарды
Қайта-қайта санайық
Бір қолымда бес саусақ
Іске дайын тұр самсап
Тас қамалды бұзамыз
Жұдырықтай бір болсақ
Алты асу арғымақ
Пісен шабар арқырап,
Қиялдайды сондайды
Бәйге сүйген арғымақ
Орыс ұлтты қонақ:Ребята, вы просто математики! Порешайте мои задачки:
1.Варит отлично твоя голова:
Пять плюс один получается два?
2.Вышел зайчик погулять,
Лап у зайца ровно пять!
3.У меня собака есть,
У нее хвостов аж шесть!
4.На уроках будешь спать-
За ответ получишь пять!
/Ответы детей/
Орыс ұлтты қонақ: А вы ребята сами на русском языке знаете считалки?
1 бала:
У бабушки Даши внучка Маша,
Кошка Пушок, собака Дружок
Сколько у бабушки друзей?
2 бала:
Три ромашки желтоглазки
Два веселых василька
Подарили маме дети
Сколько же цветов в букете
3 бала:
У трех братьев по одной сестре
Сколько всего детей в семье?
Орыс ұлтты қонақ:Ребята, молодцы!
Ағылшын ұлтты қонақ: Do you know English countings up ?Lets count.
Children
One, two tie your shoe
Three, four open the door
Five, six pick up sticks
Seven, eight close the gate
Nine, ten begin again!
Жүргізуші : Жарайсыңдар балалар. Тапсырмаларды жақсы орындадыңдар.
Енді мен қорабтағы суретті көрсетейін! Мынау ненің суреті?
Балалар: Қаламның!
/Соңғы қаламның суретін көрсетіп тақтаға әрі қарай жалғастырып қояды/
Жүргізуші : Балалар қараңдаршы, біздің қонақтарымыздың әкелген сыйлығының
шешуін тапқан сияқтымыз. Бұл сөз жұмбақ екен! Бәріміз мұқият қарап, оқып
көрейікші!
Балалар: Ақтау туған қалам!
Жүргізуші : Балалар, қандай ақылдысыңдар! Сөз жұмбақты дұрыс шештіңдер!
Біздің қаламыздың аты қалай аталады екен?
Балалар: Ақтау қаласы!
Жүргізуші : Қандай ақылды балаларсыңдар! Балалар, мен ендеше сендерге Ақтау
қаласы туралы өлең шумақтарын оқып берейін! Интерактивті тақтадан Ақтау туралы
көрсетіледі.
Ақтау
Көркіңді көріп қуанам,
Жасампаз қала- Ақтауым.
Көркейтіп жайсаң жерімді,
Жер шарына мақтаулым.
Сәулетті сәнді, тұрмысты,
Байлығың шалқар шалқыған.
Баурыңа басқан әр ұлтты,
Айналдым туған халқымнан.
Ай жұлдыздан жарқырап,
Аспанда нұр жанады.
Ақтауым- «пәк қалам»- деп
Жүрегім ән салады.
Теңселеді көк теңіз,
Шарықтайды шағала.
Шаттығыңның белгіісі,
Аққулар жүзген жағада!
Орыс ұлтты қонақ:Ребята, русская изба славится пирогами, я вам из Москвы
привезла пирожки, пожалуйста угощайтесь!
Ағылшын ұлтты қонақ:Ребята, англичане любят чай. Я вам привезла вкусный,
ароматный англииский чай, угощайтесь!
Жүргізуші : Рахмет. Біздің Ақтау қаламызға қонаққа келіп тұрыңыздар. Қане балалар,
қонақтарымызға рахмет айтып шығарып салайық.
Балалар: Рахмет. Қош сау болыңыздар
Қорытындылау.
-Балалар бүгінгі оқу қызметі сендерге ұнады ма?
-Біздерге кімдер қонаққа келді?
-Біздер бүгін қай қала туралы айттық?
-Ақтау қаламызда қандай ескерткіштерді білесіңдер?
(Балалардың жауаптары тыңдалады.)
-Жарайсыңдар балалар. Бүгін барлықтарыңда оқу қызметіне жақсы
қатыстыңдар. Сендерге өз ризашылығымды білдіріп, Ақтау қаламыздың әдемі
ғимараттарының, ескерткіштерінің суреттерін сыйлағым келеді.