Конспект "Менің туған жерім"

Сабақтың тақырыбы: «Менің туған жерім»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сөйлем, диалог құрау, әңгімелей алу дағдыларын жетілдіру,
тәуелдік жалғауларды қолдана білу.
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайту, қисынды ойлау, есте
сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың өз туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру,
достыққа, татулыққа баулу.
Көрнекілік: кластер, тірек сөздер, интерактивті тақта, слайдтар,
Қазақстан картасы.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, диалог құру, іздену.
Сабақтың барысы.
I.Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сабақ «Қара жорға» әнімен басталады.
2. Сәлемдесу.
3. Кезекшімен сұхбат.
4. Сабақтың мақсатымен таныстыру(мұғалімнің сөзі)
Интерактивті тақтада Қазақстан, табиғат туралы слайдтар көрсету
II. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Туған жер, Отан туралы мақал-мәтелдерді жатқа айту.
2. Жаттаған сөздермен сөз тіркесін құрастыру.
III. Жаңа сабақ.
1. Тіл дамыту. Сұрақ жауап(мұғалім – оқушылар).
- Сенің атың кім?
- Сенің фамилияң кім?
- Сен нешінші сыныпта оқисың?
- Сенің ұлттың кім?
- Сен неше жастасың?
2. Сөздік жұмыс.
туған жер родная земля
тудым – родился, родилась
тұрамын – живу
ұнайды – нравится
әдемі – красивая
әсем, сұлу прекрасная
табиғат природа
қандай? – какой, какая?
а/ Мұғалім сөздердің мағыналарын түсіндіреді.
ә/ Мұғалім оқиды, оқушылар дауыстап қайталайды.
б/ Мұғалім оқиды, оқушылар тізбекпен қайталайды.
в/ Оқушылар сөз тіркестерді құрайды.
(мен тудым, жақсы тұрамын, маған ұнайды, әдемі жер, әсем табиғат)
3. Сұрақ – жауап (мұғалім – оқушылар):
- Біз қай мемлекетте тұрамыз? - Біз Қазақстанда тұрамыз.
- ҚР қандай мемлекет? - ҚР үлкен, әдемі, бай мемлекет.
- Бас қала қай қала? - Бас қала – Астана қаласы.
- Мемлекеттік тіліміз қай тіл? - Мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі.
- ҚР рәміздерін кім атап береді? - Ту, Елтаңба, Әнұран.
- Сен қайда тудың? - Мен Қазақстанда тудым.
- Сен қайда тұрасың? - Мен СҚО-да тұрамын.
- Мен ауд-нда тұрамын.
- Мен ауылында тұрамын.
- Сенің туған жерің қайда? - Менің туған жерім – Қазақстан, ауылы.
- Сенің туған жерің қандай? - Менің туған жерім үлкен(өте әдемі, тамаша,
бай,және т.б.)
4. «Менің туған жерім» кластер толтыру.Жұптық жұмыс. «Туған жер» әнін
қосып қою.
5. «Сенің туған жерің қандай?» тақырыпқа диалог құрастыру (кластер
қолдану).
Оқушы сынып.
6. Жазбаша жұмыс. Берілген сөздерді тәуелдеу: туған жер,
ауыл,мектеп. Бір оқушы тақтаға шығады.
Менің туған жерім ауылым мектебім
Сенің туған жерің ауылың мектебің
Сіздің туған жеріңіз ауылыңыз мектебіңіз
Оның туған жері ауылы мектебі
7. Сергіту сәті: Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Бесті беске қосамыз,
Қатты, қатты соғамыз.
7. Оқулықпен жұмыс. 36 бет,2-ші тапсырма:
а) мәтінді оқушыларға оқыту, орысшаға аудару;
ә) 2-ші, 3-ші, 4-ші сөйлемдерді өзгертіп оқу: СҚО, жақын емес, надежка ;
б) мәтін бойынша оқушыларға сұрақ қою;
в) мәтін бойынша өз ауыл туралы әңгімелеп беру(1-2 оқушы)
7. Қазақстан картасын қарастырып, табиғаты туралы әңгіме құрау:
Қазақстанның табиғаты қандай?
Қазақстанның табиғаты алуан түрлі( әсем, сұлу).
Қазақстанда не бар?
Қазақстанда биік таулар бар.
..................... өзендер............ .
..................... көлдер ............. .
..................... ормандар ........ .(оқушылар жауап бергенде, тақтаға
шығып картада көрсетеді).
7. Туған жер, Отан туралы сөзжұмбақ шешу
7. Мұғалімнің сөзі: «Ырыс алды – ынтымақ» - дейді қазақ халқы. Оқу,
үйрену, еңбек ету, армандау үшін гүлдене бер, менің Қазақстаным!
Учиться, трудиться, мечтать и влюбляться,
Пусть будет богат дастархан.
Взрослым и детям для мира и счастья
Цвети, мой родной Қазахстан!
IV. Сабақтың қорытындысы.
- Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай?
- Сабақта не туралы айттық?
- Сен нені білдің?
- Не істедің?
V. Оқушылардың жұмысын бағалау.
VI. Үй жұмысын беру: 36 бет – сөздерді жаттап алу, туған жеріңе
байланысты шағын мәтін құрау.