Конспект урока "Туған өлкем"
«Туған өлкем»
Мақсаты: 1. Отан, туған жер, туған тіл жайлы түсініктерін, оның
табиғатының әсемдігі, байлығы жайлы түсініктерін тереңдету. Ө.
Тұрманжановтың «Туған өлкем» өлеңін оқу, мағынасын түсіндіру.
2. Өз ойларын айта білу дағдыларын дамыту. Тіл байлықтарын дұрыс сөйлеу,
қатесіз, түсініп оқу дағдыларын дамыта түсу.
3. Туған жерді, елді, қастерлеу, тілді бағалай білу, ата - ананы сыйлау,
халқыңа пайда келтіру сияқты адамгершілік асыл қасиеттерге баулу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Көрнекіліктер: «Неткен сұлу, неткен көркем» слайд, сабақ барысы бойынша
жасалған слайд, тапсырмалар жазылған түсті үлестірме – қима қағаздар.
Барысы:
І. Ұйымдастыру: Сәлемдесу, оқушылардың назарын сабаққа аудару, бір -
біріне сәттілік тілеу.
ІІ. Мақсат қою: Бүгін сабақта «Неткен сұлу, неткен көркем, осы менің туған
өлкем» атты тарауды әрі қарай жалғастырамыз. Бүгін осы тараудағы «Туған
өлкем» атты өлеңмен танысамыз.
Үй тапсырмасын тексеру
1 - топ: Д. Әбілев «Туған тілім» өлеңін жаттағандарын топта бір - біріне айту.
2 - топ: Қазақ тілі мемлекеттік дәрежеде ме? Пікірталас топ ішінде өткізу.
(Топ ішінде 1 оқушы « Қазақ тілі - мемлекеттік дәрежеде қолданылып отыр»
десе 2 - оқушы «Қазақ тілі мемлекеттік дәрежеде қолданылып отырған жоқ»
деген ұғымдарды дәлелдейді. Кімнің дәлелдеуі нақты, аргументтері шынайы
болса қалған топтағы оқушылар сол оқушы жағына шығу керек)
3 - топ: Топтағы оқушылар тіл туралы мақалдар бойынша жұптасып жұмыс
істейді. Жаттаған мақалдарын бір - біріне айтады.
Цитата -----------------------------------------------------------------------------------
Комментарий
1 - жұпқа: Тілден бал да тамады, у да тамады.
2 - жұпқа: Тіл – қылыштан да өткір.
3 - жұпқа: Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады.
4 - топ: Топтастыру
ІV. Жаңа сабақ
1. Неткен сұлу, неткен көркем – фильм көру.
- Балалар, фильм ұнады ма?
- Біздің жеріміз қандай екен?(сұлу, көркем, әсем, әдемі, көркем, тамаша, көз
тоймайтын)
- Олай болса, бүгін біз Өтебай Тұрманжанов атамыздың «Туған өлкем»
өлеңімен танысамыз.
Сөздік жұмыс: Жұпар - өте жақсы, хош иіс; шалқып, тасқан - өркендеген;
бақыт тапқан - бақытты.
2. Мұғалімнің оқуы
3. Өз беттерімен дауыстап оқу.
4. Әр топтан бір оқушыға мәнерлеп оқу үлгісін көрсетуді сұрау.
Сергіту сәті.
Топтық жұмыстар: 1, 2, 3, 4, 5, 6 деп топтарға бөлу.
№1 - Өлең не жайында, тақырыбын анықта.
№2 - Ақын сезімін білдіретін сөздердің астын сыз. ( қуаныш, өкініш,
мақтаныш, қайғы, шаттық, реніш)
№3: «Алтын дәнді дала» сөз тіркесінің мағынасын ашу.
№4: «Ақ күмістей қала» сөз тіркесінің мағынасын ашу.
№5: Өлең құрылысына талдау жасау. (3 - шумақ, 4 тармақ, 2 бунақ)
№6:- Тілдік талдау жасау. Көркем сөздерді табу: бабам тілі, анам тілі, далам
тілі, адам тілі, сыры терең жаным, жүрегімді суырып алыңдар.
Бекіту:
1 - топ Туған өлкем - сурет салу.
2 - топ: Өлең құрайды:
Оралым алтын мекенім.
.............................. өтемін.
Қияға қанат қақсам да,
......................... жетемін.
3 - топ: Мақалға ребус құрау Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
Отан оттан да ыстық.
4 - топ: Т кестесін жасау ( Туған жер - Біз)
Туған жер
Мен
Үйге тапсырма: Барлығы: Өлеңді жаттау
Таңдау бойынша: Сурет салу немесе сөзбен Зырян табиғатын суреттеу
Қорыту: Бүгін не істедік? Не білдік? Не ұнады, ұнамады?
Бағалау: Өз көмектеріне, топ басшыларының бағалауы мен сабақ бойы
мұғалім таратып тұрған стиктерге жүгіне отырып, бағалау жүргізу.