Конспект урока "Туған жер ғажаптары"

Туған жер ғажаптары
Жайқалсын жасыл әлем өлкемізде,
Сән түзеп,көрік берсін жер бетіне.
Р.Сәтімбекұлы
Сабақтың тақырыбы: Туған жер ғажаптары
Сабақтың мақсаты : Табиғат,сұлулық,адамгершілік құндылықтары туралы
түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
-табиғат сұлулығы туралы түсінік беру;
-табиғат әсемдігіне қызығушылығын арттыру;
-табиғатты сүюге тәрбиелеу;
Көрнекі құралдар:оқулық,дәптер,слайдтар,интербелсенді тақта.
Психологиялық жағдаят туғызу:Армысың шапағатты күніміз,
Армысың мейірімді жеріміз.
Армысың табиғат-анамыз,
Келді Сізге өзіңіздің балаңыз.
Сабақтың барысы: 1.Тақтадан табиғат туралы видиоролик көру.
- Балалар, бүгін біз сабақта не туралы әңгімелейміз?
Дұрыс айтасыңдар.Біз бүгінгі сабағымызда табиғаттың сұлулығы менәсем
құбылыстары,олардың адамға әсері туралы әңгімелейміз.
Әңгімелесу:Табиғат туралы сұрақ-жауап:
- Туған жерің несімен көрікті?
- Еліміздің қандай ғажап жерлерін білесіңдер?
- Туған жерлеріңнің қандай көріністерін ұнатасыңдар?
- Көрікті, ғажап жерлер сендерді қандай сезімге бөлейді?
Дәйексөз
Дәйексөздің мағанасын ашу.
Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
Мақал
Мәтінмен жұмыс: «Күн мен гүлдер» Қ Толыбаевтың әңгімесін рөлдерге
бөліп оқу.
Сергіту сәті: Жел соқты гу-гу-гу,
Жаңбыр жауды тырс-тырс-тырс
Жаңбыр басылды
Аспан шайдай ашылды.
Жаңа ақпарат:Мұғалім слайдтарды көрсете отырып,табиғат туралы
қосымша мәлмет береді.Табиғат бізді қоршаған дүние:аспан мен жер, тау мен
су, жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі.Адам қашанда Табиғат
әсемдігіне,сұлулығына тамсанған,таңданған,қуанып шабыт алған.
Шығармашылық жұмыс: Сөйлемді аяқтау:
- Егер мен тау болсам...
- Егер мен күн болсам...
- Егер мен өзен болсам...
- Егер мен қыран болсам... (асқақ, шуақ төгер ем т.б.)
Ойын «Қошемет»
Ойын шарты: Балалар шеңбер құрып тұрады.Мұғалім ортаға шығып бір сөзді
айтып, қолындағы допты лақтырады.Табиғат жайында жылы лебіздер айту.
Мен туған жерімді сүйемін,өйткені ол маған қымбат.
Мен күнді сүйемін,өйткені ол маған жылуын береді. Т.б.
Өзіммен-өзім:(ақырын музыка ойнап тұрады)
Балалар, ыңғайланып отырып,көздеріңдің жұмып, терең тыныс алыңдар.
Біз алуан түсті гүлдер өсіп тұрған алқапқа келдік.Гүл алқабы жағасында
сарқырап өзен ағып жэатыр.Өзен суының тазалығы соншалықты – су
астында жүзіп жүрген жәндіктер,өсіп тұрған өсімдіктер көздің жауын алып
жатқан тастар.Одан әрі төбесі көк тіреген биік таулар, жарқыраған
күн.Әуелеп ұшып бара жатқан қыран.Неткен әдемі табиғат! Табиғат
сыйлаған таза ауа бойымызды сергітіп жіберді.Біз оған тамсана ұзақ қарадық.
Самал жел біздің құлағымызға «Табиғат сендерге таза ауа,жұпар иіс, жақсы
көңіл-күй сыйлайды.Табиғатты күтіп,аялаңдар»-деп сыбырлағандай болады.
Әрбіріміз самал желге «табиғатты аялаймыз» деп уәде бердік.
Дәптермен жұмыс:
1-тапсырма: суретті бояу
2-тапсырма: бейнетаспадағы көріністерден алған әсерлерін жазу.
Қорытынды:
Балалар,Табиғатқа тамсанып тағы бір қараңдаршы.Алуан түрлі
түсті сурет салып қойғандай,осы алуан түсті көріністен ағаш та, шөп те, гүл
де, өзен-көл де, тау мен тас та мен мұндалап тұрғандай.Осының бәрін бір
сөзбен табиғат дейміз.Осы дүниенің ішінде сендер де барсыңдар. Табиғат
қандай сұлу болса, сендер де сондай таза, сұлусыңдар.Осы дүниені жаратқан
табиғат-ана.Ендеше табиғат-анамыз аяляй білейік,оған қорған болайық.
Жүректен жүрекке:
Сүйейік табиғатты аялайық!
Біз де онан жақсылықты аямайық!
Анадай табиғаттың аясында,
Жадырап жас балаша дем алайық!
Ө.Тұрманжанов
Үйге тапсырма: 116 бет.Сурет бойынша табиғат сұлулығын сипаттау