Конспект урока "Туған тілім-тірлігімнің айғағы"

Күні: 21.09.2015
Сыныбы: 1
Пән мұғалімі: Нусипбекова А.С
Пәні: тәрбие сағаты
Сілтеме
Сабақ жоспары
Оқулық
Мұғалімге арналған нұсқаулық бет
Сабақтың тақырыбы
Туған тілім-тірлігімнің айғағы
Жалпы мақсаттар:
(Білімділік,
тәрбиелік,
дамытушылық)
Оқушыларға ана тілінің және мемлекеттік тілдің маңызы туралы түсінік беру. Өлең, тақпақ ойлы сөздер айту
арқылы оқушылардың ой-өрістерін дамыту. Өз ана тілін мемлекеттік тілді көрсетуге, басқа ұлттардың тілдерін
құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушыларды патриоттыққа, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже
1.Тақырыпты меңгеріп, алған білімін өмірде тиімді пайдаланады.
2.Танымдық тағылымы кеңейеді, сөздік қоры дамиды.
3. Өзін-өзі бағалап, реттеуге үйренеді
Сабақтың түрі, типі
Жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдері
Жұптық жұмыс, ұжымдық жұмыс оқыту үшін бағалау. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер т.б.
Дерек көздер
«Ел-назар» журналы, «Тәрбие құралы» журналы.
Қажетті құралдар
Суреттер, маркер, нақыл сөздер, мақал мәтелдер.
Түйінді идеялар
Жұптық жұмыста, ұжымдық жұмыста жылдамдыққа үйрену.
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары
Кезеңдері
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының әрекеті
І. Ұйымдастыру
1. Амандасады, түгендейді
2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырады.
Шаттық шеңбері
Оқушылар шеңбер құрып тұрады, бір - бірімен, мұғаліммен сәлемдеседі. Мұғалім
сабақ тақырыбымен таныстырады және мына өлеңді бірге айтуды ұсынады:
Ана тілім - ұраным,
Ана тілім - құралым.
Ана тілім болмаса,
Болмас еді жыр - әнім.
Ана тілім - елдігім,
Ана тілім - ерлігім.
Анатілімболмаса,
Бүтінделмескемдігім...
Амандасады, кезекші оқушы
жауап береді.
ІІ. Жаңа сабақ
түсіндіру
Қазақстанның мемлекеттік тілі қазақ тілі. Қазақстан көп ұлтты мемлекет
өкілдері мекендейтін мемлекет. Мұндай мемлекет үшін мемлекеттік тіл қажет.
Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев өз жоддауында «Ұлттық тіл қазақ ұлтының
рухани, мәдени байлығын ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші қасиетті құрал.» деп
көрсеткен болатын.
Туған тілім – бабам тілі – өз тілім
Оқушылар шығып жауап
береді
Туған тілім – анам тілі – өз тілім.
Туған тілім – далам тілі – өз тілім.
Туған тілім – адам тілі – өз тілім.
Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту бүкіл ата-
бабамызды, тарихымызды ұмыту.
Сергіту сәті
Бұрыламыз оңға, бұрыламыз солға.
Біз бақытты баламыз,гүл гүл жайнап аламыз.
Жаттығулар жасасақ,сергіп бір қаламыз.
Оқушылар сергіту сәтіне
белсенді қатысып, көңілдерін
көтереді.
IV. Бекіту
Мақал – мәтелдер сайысы:
1.Тіл тас жарады, тас жармаса ... (бас жарады).
2.Дәлелсіз сөз ... (желмен тең).
3.Ине көзінен сынады, ... (шешен сөзінен сынады).
4.Піл көтермегенді, ... (тіл көтереді).
5.Сөз тапқанға ... (қолқа жоқ).
6.Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі ілім біл).
7.Шебердің қолы ортақ, ...(шешеннің қолы ортақ).
1.Бал тамған тілден ... (у тамған).
2.Тауды,тасты жел бұзар, ...(адамзатты сөз бұзар).
3.Жақсы сөз ... (жарым ырыс).
4.Жақсы байқап сөйлер, ... (жаман шайқап сөйлер).
5.Тіл қылыштан ...(өткір).
6.Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ...(ой өсіреді).
7.Жыланның уы тісінде, адамның уы ...(тілінде).
Сұраққа жауап береді.
V. Қорытындылау
- Ана тілін дұрыс білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол
қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам атануға болмайды. Сондықтан
да әрқашан өз тілімізді, ана тілімізді, қазақ тілін құрметтеп, ардақтап әрбір сөз
мағынасына тереңірек үңіліп, сөз қадірін ұғына білуге үйренейік.
Оқушылар өз ойларын айтып
шығады.
VI. Бағалау
Сабақта белсенді отырған оқушыларды мадақтап, белсенді емес отырған
оқушыларға ескерту айтылады.
Жұлдызша арқылы жиынтық
баға шығады