Конспект урока "Сүйемін туған тілді - анам тілін"
Тақырыбы: Сүйемін туған тілді – анам тілін.
Мақсаты: 1. Оқушыларға туған тіліміздің маңызын, қадір-қасиетін
ұғындыру, тілдің ақыл-ой дамуының және барлық білімдердің негізі
екенді- гін дәлелдей түсіндіру. Тілді ұлттық мұра ретінде сезінуге, тіл
мәдениетін сақтай білуге үйрету.
2. Оқушылардың ой-өрісін, тілін, сөздік қорын дамыту.
3. Елін-жерін сүйетін, егеменді еліміздің ертеңі болар саналы, білімді,
ұлтжанды азамат тәрбиелеу.
Көрнекілігі: тіл туралы қанатты сөздер, кесте, слайд, шарлар.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимнін орындау.
ІІ. Тәрбие сағатының бүгінгі тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.
а. Кіріспе әңгіме.
Тәрбие тілден басталады.
«Әке толғауы» күйінің ырғағымен.
І жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, оқушылар, «Сүйемін туған тілді – анам тілін» атты ашық
тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
ІІ жүргізуші:
Тіл дегенім – түсіністік құралы,
Тіл арқылы адам бәрін ұғады.
Татулық та, бірлік, достық, береке,
Бәрі-бәрі осы ұғымға сияды.
22 – қыркүйек – Тіл мерекесі. Тіл мерекесінің 25 жылдық мерейтойы құтты
болсын!
І жүргізуші:
Табысқан соң дүние фәнименен
Тал бесікте жатқанда сәби денем.
Ана тілі бойыма сіңді шым-шым
Даусыменен анамның әлдилеген.
ІІ жүргізуші:
«Апа» деппін анама бір күн күліп,
«Әке» деппін әкемді сілкіндіріп.
Өз тілімде осылай алғаш рет
Былдыр қаға бастаппын тіл сындырып.
І жүргізуші:
Ана тілім бойдағы ар - намысым,
Тар құрсаулар жолыңда болғаны шын.
Бұзып бәрін бүгінге аман жеткен
Жырым-жырым жаралы жолбарысым.
ІІ жүргізуші:
Қалды артта қиямет азапты күн
Қазақстан – Отаным азат бүгін.
Қасиетті тілімнен мың айналам
Сақтап келген қазақтың қазақтығын.
1- оқушы:
Сүйемін туған тілді – анам тілін
Бесікте жатқанымда – ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнім.
2-оқушы
Сол тілмен шешем мені әлдилеген,
Еркелеткен «Құлыным, жаным »деген.
Сол тілменен бірінші білгізілген,
«Апа»деген сүйгендік сөз әм менен.
3-оқушы
Қылжақтап алып қашып құрбы бөркін,
Сол тілменен ойнадым далада еркін.
Сол тіліммен бірінші сыртқа шыққан,
Өмірден ен далада ұққан көркім.
4-оқушы
Сол тілменен үйрендім нәрсе аттарын,
Сол тілменен дінді, әдетті мен жаттадым.
Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты,
Сүйгенім, жек көргенім, ұнатқаным.
Ән «Анамның тілі- аяулы үні»
І жүргізуші:
- Тіл әрбір адамға ана сүтімен беріледі. Тіл - әрбір елдің, ұлттың
мақтанышы. Тәрбиенің барлығы тілден басталады.
ІІ жүргізуші:
- Олай болса, тіл – бөбектің үні, тіл – ананың әлдиі, тіл – бесік жыры. Ана тіл
– ар
өлшемі. Тілді шұбарлау арды шұбарлау.
ә. «Тіл құдіретті, қасиетті»
Тілім менің - тірлігімнің тынысы.
І жүргізуші:
Жырларын жаттап қанықты,
Үлгі тұтып бәйтеректей сан алыпты.
Көкірегі ояу, сезімді ұрпақ қайдасың
Өлеңдер оқып, өзіңді-өзің танытшы.
Тіл туралы өлеңдер.
1- оқушы: Тілім менің – тірегім, дінім менің,
Тілсіз қандай болады күнім менің?!
Өз халқына жетеді өз мәнінде
Өз тілінде оқылса, жырым менің.
2- оқушы: Тілім менің – қуатым, күшім менің,
Күшім кетсе не болар ісім менің?!
Тілсіз өмір бар десе түсінбедім
Тілімменен тірлікті мүсіндедім.
3- оқушы: Тілім менің – асылым, арым менің,
Арым кетсе не пайда барым менің?!
Бас кескендер тілімді кесе алмаған
Тілден бұрын кетеді жаным, демім.
4- оқушы: Тілім менің – қазынам, қасиетім,
Қасиетім бар әлем бас иетін.
Тілі жоқтың түрі жоқ, түбірі жоқ
Бола көрме, ана тіл, қасіретім.
5- оқушы: Тілі өлсе болмайды тірі халық
Бірі өліп, тұра алмас бірі қалып,
Басқа емес өз Ана тілінде тек
Тіршілігін білдірер ұлы халық.
6 - оқушы: Ана тілім – күшім менің, қуатым,
Жырым сендік жүрегімнен туатын.
Тауысар ма ырысыңды, қорыңды
Тізбелесіп қатар жазса мың ақын.
7- оқушы
Ана тілім – Шежірем,
Өсиетім!
Аз ба, көп пе, білмеймін, қасіретің.
Ата-баба түгілі кейінгілер
Анасының білмейді қасиетін.
б. «Бабалар сөзі – тәрбие көзі.»
І жүргізуші:
- Қазақ халқы ежелден-ақ тіл қадірін біліп, ақылды дұрыс сөзге бағындыра
білген.
Шешендерден шыққан қара сөздің өзінде өлеңге бергісіз үйлескен ұйқас
болады. Сөз бен сөз өзара ұйқасып жатады. Қара қылды қақ жаратын Төле
би, Қазыбек би, Әйтеке билердің сөз үлгілеріне назар аударайық.
Көрініс «Сөз бастаған шешендер»
Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би сөйлейді.
ІІ жүргізуші:
Қош келдіңіздер, бабалар,
Үш кемеңгер дүлдүлім.
Сақтаған елдің бірлігін
Қалың елім пір тұтар
Қасиетті үш бабам
Тілім жайлы не айтар?!
Төле би:
Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық.
Өсер бабаң, байтақ далаң тұрғанда
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.
Қазыбек би:
Жетер енді әркімге бір ермейік,
Қазақ болсаң, құлашты бір сермейік.
Қанға сіңген қазақ тілін, халқым-ау,
Шұбарлауға ешқандай жол бермейік.
Әйтеке би:
Қазақ қазақ болғалы
Тіл үшін күрес көргені
Көргені көп тілімнің
Сақтай біл сен, тіліңді.
Хормен: Тілім менің ғасырлардан аманат
Аманатқа адал болсын қағанат.
Ар-намысқа келтірмейік жаманат,
Қазақ болып туылдық па
Ендеше
Өз тіліңді өзгелерге бағалат.
1- оқушы:
Көркем де бай тілі қазақтың
Өркенде айтулы ғажапсың!
Берікпіз қорғауға сені біз,
Еріксіз қорлаудан азатсың.
2 – оқушы:
Тілімді «арымдай» сақтаймын,
Ділімді тексіз боп шатпаймын,
Құқымның пәктігін дәлелдеп,
Ұлтымның бай тілін жаттаймын.
в. Жылдарды сөйлетсек
І жүргізуші:
-Халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты. Тіл – халықтың жаны, сәні.
Тіл – әрбір елдің мақтанышы. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата
дәстүрі
ІІ жүргізуші:
Тәуелсіздіктің таңы атып, көгімізде көк ту желбіреді. Еліміз егеменді ел
атанып, ана тілімізге мемлекеттік мәртебе берілді. Тіл туралы заң
қабылданды.
1 – оқушы:
Қуан, халқым күшіне енді «Тіл» заңы
«Сүйінші» деп ақын ұлың жырлады.
Ел елдігі бағаланар тілімен
Сол арқылы құлпырады гүл бағы.
2 – оқушы:
Қуан, далам!
Қуанатын күн бүгін
Серпіп таста
Мұңды жүрек түндігін.
«Тіл туралы» заң және оның баптарымен таныстыру
“Тіл туралы”заңда 6 тарау бар
“Тіл туралы”заңда 6 тарау бар
I-тарау
Жалпы
ережелер
(1-7
баптар)
I-тарау
Жалпы
ережелер
(1-7
баптар)
2-тарау
Тіл-
мемлекеттік
және мемле-
кеттік емес
ұйымдар мен
жергілікті
өзін-өзі бас
қару
2-тарау
Тіл-
мемлекеттік
және мемле-
кеттік емес
ұйымдар мен
жергілікті
өзін-өзі бас
қару
3-тарау
Тіл-білім
беру, ғы
лым, мәде
ниет және
бұқаралық
ақпарат
құралдары
3-тарау
Тіл-білім
беру, ғы
лым, мәде
ниет және
бұқаралық
ақпарат
құралдары
4-тарау
Тіл-елді-
мекен
атауларын
да,жалқы
есімдерде
4-тарау
Тіл-елді-
мекен
атауларын
да,жалқы
есімдерде
5-тарау
Тілді
құқықтық
қорғау
(23-26
баптар)
5-тарау
Тілді
құқықтық
қорғау
(23-26
баптар)
6-тарау
Тілді шет
елдермен
және халық
аралық
ұйымдар
мен
қатынастар
да
6-тарау
Тілді шет
елдермен
және халық
аралық
ұйымдар
мен
қатынастар
да
Жылдарға тіл бітсе
Жылдар сөйлейді.
3 – оқушы:
Ана тілім - Әнұраным,
Ана тілім – һәм құралым.
Ана тілім болмаса,
Мықты болмас тұрағым.
Ана тілім – ерлігім,
Ана тілім – елдігім,
Ана тілім болмаса,
Бүтінделмес түндігім.
Көрініс «Қымбат қазына»
І жүргізуші:
- Мінекей, балалар, жаңа өздерің көріп отырғандай тіл – сарқылмас
қазына. Тіл - бабаның көзі, атаның мұрасы. Ол халықпен бірге дамып,
қасиетіне қарай байып отырады.
ІІ жүргізуші:
-Қазақ тілі – бұл ең көркем, бай тіл. Ол атадан – балаға мирас болып келе
жатқан құнды қазына. Ананың ақ сүтімен бойымызға сіңген ана тіліміз
сарқылмайтын қазына, таусылмайтын байлық.
г. Жалғасын тап.
- Жасырынған мақалдың жалғасын тап.
д. «Тілім барда айтылар сыр ойдағы»
Оқушылар шығармашылығы
«Үкілі үміт»
І жүргізуші:
Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім мен де бірге өшемін.
ІІ жүргізуші:
Қазақ тілім - саялаған нұр бағым,
Қазақ тілім - ана тілім, ардағым,
Сен арқылы жетіп жатыр өмірге
Жан сырларым, тілегім, бар арманым.
(Оқушылар өздерінің жазған жұмыстарын оқиды)
Хор «Ана тілі»
е. «Тіл тағдыры – барша қазақ халқының тағдыры.»
Даналардан қалған ұлағатты сөздер
І жүргізуші:
- Тәуелсіз егемен елдің басты белгілерінің бірі – тіл. Мемлекеттік Тілдің өз
дәре- жесінде болып, баршаға ортақ қажеттілік, қолданыс аясын кеңейту,
тіл деңгейін көтеру, өз халқына жаны ашитын әрбір азаматтың борышы.
ІІ жүргізуші:
- Біртуар алаш азаматтарының, әлемге әйгілі өзге жұрт өкілдерінің қазақ
тілі туралы айтқан пікірлері өте көп – ақ.
Ұлағатты сөздермен таныстыру
І жүргізуші:
Қазақ тілі – борандатқан дауыл, күй
Қазақ тілі – өлең мен жыр, ән мен күй.
Байқасаңдар қазақ тілі осындай
Аққан судай, ескен желдей табиғи.
ІІІ. Сабақты қорытындылау
ІІ жүргізуші:
Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым, дара тілім.