Сценарий "Сыңғырла, соңғы қоңырауІ"

1
Садовый бастауыш мектебі
САЛТАНАТТЫ ЖИЫН:
2011 - 2012 оқу жылы
2
«СЫҢҒЫРЛА, СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ» сценарийі.
Мектеп залында немесе ауласында салтанатты шараға шақырылған ата-
аналар, мектеп оқушылары, ұстаздар және т.б. Мереке салтанатты сапқа
тұрғызудан басталады.
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, аяулы ұстаздар, қымбатты оқушылар, қадірлі
жас түлектер! Міне, бүгін қызығы мен қиыншылығы мол, әр оқу жылы
қайталанбас тарихқа толы мектептің мерекесі, оқушылардың сыныптан
сыныпқа көшіп, асыға күткен жазғы демалысқа шығарып салатын соңғы
қоңырау салтанаты.
Жүргізуші: Құрметті оқушылар, ата-аналар, ұстаздар 2011-2012 оқу жылының
соңғы қоңырау, яғни «Сыңғырла, соңғы қоңырау атты салтанатты
жиынымызды ашық деп жариялаймыз.
Жүргізуші: Өзіңмен өлшеусіз нарқым менің,
Асқар тау, арқа тұтар алтын белім
Ұядан ұрпағыңды ұшырмаққа,
Қош келдің, айналайын халқым менің!
Жүргізуші: Өлшеулі ар-намыс пен нарқымыздың,
Қорғаны адамдық пен салтымыздың
Армысыздар аяулы ұстаздарым,
Сенері сендерсіңдер халқымыздың
Жүргізуші: Өмір берер ертеңгі бағаларын
Ұядан ұшпақ бүгін балаларың
Халқыма ұрпақ берген, өмір берген
Қош келдің әкелер мен аналарым
Жүргізуші:
Жас жүректің өмірлік құштары – гүл
Бағбан – ұстаз баулыған құстары – бұл,
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан,
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр,
Ұрпағың мақтануға болса лайық,
Біз бүгін мақтанайық, жар салайық.
Биылғы жыл түлектерін,
Құрметпен қол соғып қарсы алайық!- деп алтын ұя мектебіміздің 4 –
сыныбын, яғни бастауыш класты аяқтағалы отырған түлектерді құрметпен
ортаға шақырамыз.Ортада 4 класс оқушылары. Барлығы 14 оқушы. Класс
жетекшілері Абишева Зулфия Өтесінқызы, Кадиева Гүлсая Серікбайқызы.
Қарсы алыңыздар!
(Астана вальсі музыкасымен шығады)
3
Жүргізуші: Тарихы терең қазақ деген көне елде,
Ел белгі де, ерлік, өрлік, өнер де.
Жаһандағы ең жауынгер халықта,
Кім сенеді ту болмады дегенге?!
Мазмұнына өрнегі жарасқан, тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі
желбіресін, -дей отырып, салтанатты жиынымызға Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Туы әкелінсін. (Ту әкелінеді)
Жүргізуші:
Салтанатты жиынымызда Қазақстан Республикасының Мемлекттік Гимні
орындалсын.(Гимн орындалады)
Жүргізуші:
Мектебің мынау класың,
Осында он жыл тұрасың.
Тарыдай болып кіресің,
Таудай болып шығасың, -деп ақиық ақын Мұқағали жырлағандай кеше
ғана мектеп табалдырығын аттаған ұл-қыздарыңыз бүгін де 4-сыныпты аяқтап,
бастауыш класымен, алғаш білім берген ұстаздары мен қоштасқалы тұр. Келесі
сөз кезегін бүгінгі кішкентай түлектерімізге береміз.
Тақпақтарын айтады
Жүргізуші:
Білімді шәкірттерін аялаған,
Жақсылығын ешкімнен аямаған.
Саялы бақ жанашыры жас ұрпақтың
Ұстаз деген ардақты, аяулы адам,- дей келе «Ұстазым» әнімен ортаға
түлектерімізді шақырамыз.
Жүргізуші:
Бүгінгі салтанатты жиынның алғашқы құттықтау сөз кезегі мектебіміздің
меңгерушісі Нұрбаева Болат Есмұқанқызына беріледі.
Жүргізуші:
Қонақ деген ырысың мен мерейің,
Енді аяңдап қонақтарға келейін
Уақыт бөліп бізге тілек білдірер
Сөз кезегін қонақтарға берейін, -дей кел келген қонақтарымызға
құттықтау сөз кезегін береміз.
1.
2.
3.
(Сөз кезегі айтылып жатқан кезде безендірілген орындықты ортаға апарып
қою, оған хан барып, орындықта ұйықтап отырады. Оның қасына уәзір
барады да қалғып-мүлгіп желпіп тұрады )
4
Сахнада би биленіп жатады. Сәлден соң музыка бәсеңдей барып
тоқтатылады. Сахнада хан және күтуші отырады. Хан ұйықтап
отырады. Күтушілері қалғып мүлгіп, оның артында желпіп тұрады.
Сәлдең соң есінеп, керіліп оянады, жан жағына қарайды.
Хан: Ой,бұл өзі таң атып кетті ме? Кеш батып кетті ме? Әлгі уәзір мен
ШаҺизада қайда?
Уәзір,Уәзір деп айқайлайды.
Уәзір: Қуланып жүгіріп келеді
Уа,хан мен мұндамын,ұйқыңыз жайлы болдыма? Не бұйырасыз?
Хан: Әлгі Шаһизада келдіме?
Уәзір: Жоқ,ханеке таң атты,кеш батты Шаһизада әлі жоқ.
Хан: Бұл не қылған сұмдық тауып кел
Уәзір: Жарайды ханеке бұйырығыңыз орындалады.
(Араб музыкасы ойналады, Шаһизада билеп келіп, Ханға сәлем береді)
Шаһизада:Сәлем бердім,ханекем!!! Көрмегелі ай өттіме, жыл өттіме, көп
кешіктім айыпқа бұйыра көрмеңіз.
Хан: Көрмегелі көп айдың жүзі болды. Сен жаңа заманға кеткелі хан
шаһарында елеулі өзгерістер жоқ. Өзіңнің көреген білгендерінді баян ет.
Шаһизада: Айтсам ханекем айтайын
Қабағыңды байқайын
Таң қалатын бір іс бар
Көп сөз етіп жатпайын
Жаңа заман жақсы екен
Бақ беретін жақта екен
2012 –ні қарсы алып
Таң нұрланып атты екен
Мектеп деген бар орын
Ұстаз қойған талабын
Бастауыш пен қоштасу
Болады екен сол жерде
Рұқсат етсен ханекем
Мен де барам сол жерге.
Хан:Уа,Шаһизада,сонда жаңазаман 2012 жылға жеткен бе? Мұғалім деген кім
өзі?
Шаһизада: Мұғалім білім береді. Нағыз күш сол жақта.
Хан: Шаһизада бұл жерге бізді де апаршы.
Уәзір: Құп, ханекем,мен дайынмын
Шаһизада: Жүріңдер ендеше.Ең бірінші баратын жеріміз, Садовый бастауыш
мектебінде өтіп жатқан салтанатты жиынымызға барайық.
Гүлсая: Қош келдіңіздер, қонақтар!
Адасып жүрсіздер ме?
Қай елді мекенінен келесіздер?
5
Хан: Армысың балам! Біз ертегі еліндегі хан шаһарынан келеміз. Жаңа
заманның бүлдіршіндердің өнерін тамашалаймыз.
Гүлсая: Жаңа ғасыр, жаңа заман, біз биыл 2012 жылға аяқ бастық.
Шәкірттердің өнерін тамашалаңыздар. Жүріңіздер, өздеріңізге қолайлы жерге
жайғасыңыздар.
Хан,уәзір,Шаһизада үшеуі бір орынға отырады.
Гүлсая: Құрметті ханекем! Қазір біз өздеріңізге арнап 2 сыныптың
оқушылары «Алға, Қазақстан» биін билеп береді.
Би: «Алға, Қазақстан» ортада мектеп оқушылары
(Бидің ортасында Хан, Уәзір, Шаһизада билеп шығып кетеді)
Жүргізуші:
Мектепке алғаш клгенде,
Мерейлі жанды көргенде,
Шарықтап биік қиялым,
Шаттанып шексіз сый алдым.
Анамдай ұстаз, мектебім,
Алғысым айтар көп менің, -дей келе ортаға «Аяулы мектебім» әнімен ортаға
түлектерді шақырамыз.
Жүргізуші:
Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде ,-дей келе «Қоңырау» биімен ортаға
мектебіміздің 3-сынып оқушыларын шақырамыз.
Жүргізуші:
Абзал жандар биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды
Түлектерге жарқын тілек білдіріп,
Құттықтайды бүлшірдер баршаңды, дегендей бітіруші түлектерге
ізбасарлары атынан мектеп оқушылары ақ тілегін жолдайды.
Ортаға мектепалды даярлық тобының оқушыларын шақырамыз.
(Даярлық тобының тақпақтары)
Жүргізуші:
- Келесі кезекті «Бақыт» әніне береміз.
Орындайтын: Ахабаева Жұпар мен Құлжанбаев Қуаныш
6
1.Бақыт жайлы менің мынау білгенім
Бақыт деген бірде шаттық , бірде мүң
Бақытты сол сауаттанып төрт жылда
Білім Іздеп азаптанса кімде кім
Қ-сы:Бақыт деген сенің бала күндерің
Бақытсыз ақ бақытты боп жүргенің
Бақытым да балалығым сол менің
Бастауышта ойнап- күлгенім
2.Бақытты- мен, бақытты сен анашым
Балалығым бақытты бір құшқаным
Ал мен үшін ең бақытты күндерім
Анам саған бақыт сыйлап жүргенім
Қ-сы.
3.Білім іздеп жоғары шық жасқанбанба
Бірақ жаным мұны естен тастама
Алғаш ұстаз салып берген сара жол
Бақытыңнан адастырмас қашанда
Қ-сы.
Жүргізуші:
Төрт жыл бойы оқыған
Ойға білім тоқыған
Апалар мен ағалар!
Орындалды ойыңыз
Құтты болсын тойыңыз! – дей келе мектебіміздің оқушыларын ортаға
шақырамыз.
(1-3 кластар тақпақтары)
Жүргізуші:
Мектебімізде шырқалмаған жыр бар ма?
Мектебімізде айтылмаған сыр бар ма?
Мектебімізде алаулаған жас жалын.
Кетер мәңгі сөнбей талай жылдарға,- дей келе «Бала тілегі» әнімен
Ару мен Арайды ортаға шақырамыз.
Ән: «Бала тілегі»
Жүргізуші:
Келесі орындалар әсем бидің куәсі болыңыздар «Мамбо» биімен ортаға
Тұрғалиева Гүлназ бен Ахабаева Жұпарды шақырамын.
Би: «Мамбо»
7
Жүргізуші:
Мерекеде басты қостық бәріміз,
Жарасады әніміз бен сәніміз.
Әуенімен тербелейік вальстің
Бірге толқып әсем сазбен жанымыз.
Білім-теңіз, мектеп кеме деседі,
Ұстаздардан тәлім алып еселі.
Садовыйдың жалын атқан жастары,
Өзгелерден тұрады ылғи көш ілгері,-дей келе ортаға бастауыш мектебіміздің
түлектерін шақырамыз.
Би: «Астана вальсі» мектеп түлектері
Жүргізуші:
Мында біреу жымияды қызына,
Мында біреу ақыл айтады ұлына,
Мында біреу сөз сөйлейді сызыла,
Мында біреу елтіп отыр жырыма.
- Ол кім?-десең,
Қуаныштан езулерің жымиған.
Ұстаз білім берсе егер, жарық нұрын сыйлаған.
Баласының болашағы үшін өмір сүретін,
Ол ата-ана, әлемдегі сыйлы адам, -дей келе, сөз кезегін ата-аналарға
берейік.
1.
2.
3.
8
Жүргізуші:
Ғылымды терең меңгеріп,
Үмітті бұлақ ақтады.
Мектепті жақсы бітіріп,
Ұстаздың болдың мақтаны.
Шығыңдар білім шыңына
Батамыз осы сендерге.
Болыңдар үздік тағы да,
Оқуда да, еңбекте.
Жүргізуші:
Гүлдерге толы омырау,
Әртүрлі әркім ойлайды.
Соғылар соңғы қоңырау,
Соқтырмай өмір қоймайды, - деп ақын жырлағандай зымыраған уақыт
жаңа бір оқу жылының аяқталғанынан хабар беріп тұр.
Кешегі алғашқы қоңырау сыңғырығы оқушы мен мектепті табыстырса,
бүгінгі соңғы қоңырау бастауыш мектепті бітірушілердің алтын ұя мектебінде
соңғы рет еститін қоңырау үні. Олай болса, бүгінгі сіздерге арналып соғылар
қоңырау үні өте ерекше, жарқын десе де болады.2011 2012 оқу жылының
аяқталу рәсіміне арнап қоңырау соғу үшін ортаға 1- ші сыныпты аяқтағалы
тұрған Жасағанберген Әділетті және мектебіміздің кішкентай түлегі
Мусағалиева Құралайды ортаға шақырамыз.
Жүргізуші:
Гүлдерге толы омырау,
Әртүрлі әркім ойлайды.
Соғылар соңғы қоңырау,
Соқтырмай өмір қоймайды
Соңғы қоңырау үндері,
Жаңғыртып кең даланы
Қоштасар кең даланы
Жүректі тербеп барады.
Қоңырау соғу сәті.
9
Жүргізуші:
Ұшырады мектебің өз қолынан,
Көріне бер ғылымның сан қырынан
«Қайран, мынау қазақтың ұлы ғой» -деп,
Көріне біл тұғырдан, биік шыңнан.
Қоштасады алтын ұя мектебің,
Маңдайыңнан сипап өтер көктемің
«Сәт сапар!» --деп қол бұлғаймыз бәріміз,
Тілейміз біз армандарға жеткенін!
Келешек өмір қандай болса да, қуанышы мен реніші қатар келсе де,
еліміздің қай түпкірінде болсаң да сен міндетті түрде алтын ұя мектебіңді, бірге
өскен достарыңды, осы салтанатты, толғандырар минутты естен шығарма,
жолдарың болсын!
Жүргізуші:
Тарихы терең қазақ деген көне елде,
Ел белгі де, ерлік, өрлік, өнер де.
Жаһандағы ең жауынгер халықта,
Кім сенеді ту болмады дегенге?!
Сап түзелсін, салтанатты жиынымыздан Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Туы әкетілсін. (Ту әкетіледі)
Жүргізуші:
Жазғы демалысты жақсы өткізіп, келесі жаңа оқу жылында амандықпен
жолыққанша сау-саламатта болыңыздар! Салтанатты соңғы қоңырау жиынын
жабық деп жариялаймыз.