Технологическая карта урока "Менің туған жерім" 1 класс

Тақырыбы: Менің
туған жерім
Мектебі:
Күні, айы:
Мұғалімнің аты-жөні:
1-сынып
Сабаққа қатысқан оқушылар
саны:
Сабаққа қатыспаған
оқушылар саны:
Оқу бағдар
ламасына сәйкес оқу
мақсаты
1.1.4.1. Мұғалімнің көмегімен тыңдаған материалдың кім/не туралы екенін
түсіну. 1.2.2.1. Сурет бойынша 2-3 сөйлеммен өз ойын білдіру.
1.3.3.1. Мәтіннің жанрын (өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ және т.б.)
ажырату.
1.3.4.1. Мұғалімнің көмегімен мәтіннің мазмұны немесе иллюстрация бойынша
қарапайым (кім? не? қандай? қанша/неше?) сұрақ қоя білу.
1.5.2.1. Әріп пен дыбысты ажырата білу, төл дыбыстарды дұрыс айту.
1.5.2.2. Мұғалімнің көмегімен к әрпі кездесетін сөздерді дұрыс айту және жазу.
Сабақ мақсаты
Барлық оқушылар:
Өзінің қайда тұратынын айта алады және Қазақстандағы екі үлкен қала туралы
тақпақтың мазмұнын түсінеді, қ дыбысын таниды, дұрыс дыбыстайды, жаза
алады, қ дыбысы кездесетін сөздер қатарын атай алады.
Оқушылардың басым бөлігі:
Тақырып бойынша белсенді лексиканы қолдана алады, тақырып бойынша өзара
тілдесе алады, қ дыбысын меңгереді.
Кейбір оқушылар:
Өздерінің туған жері туралы қосымша ақпарат бере алады, қ дыбысы кездесетін
сөздер қатарын толықтыра алады.
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңдері
Жоспарланған жұмыс
Сабақтың басы
(2-5 минут)
(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй
қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.
Сабақтың ортасы (6-
40 минут)
(МК, Ұ) Мұғалім оқушыларға туған жер сөзінің мағынасын
түсіндіреді. 1 -тапсырма бойынша Қазақстандағы екі үлкен
қала Алматы мен Астана туралы ақпарат береді. Оқушылар
сурет бойынша қалаларды тауып атайды. (МК,Ұ) 2-
тапсырма бойынша мұғалім оқушыларға «Менің туған
жерім - Қазақстан. Мен Қазақстанда тұрамын» деген
сөйлем үлгілерімен таныстырады. Оқушылар өздерінің
Қазақстанда тұратындарын айта алуды үйренеді. (МК, Ұ)
3-тапсырмадағы кесте бойынша оқушылар «Менің туған
жерім - Қазақстан» деген сөйлемді қайталайды, сондай-ақ
мұғалім оқушыларға тұрамын сөзінің болымсыз түрін
(тұрмаймын) түсіндіреді. Оқушылар кесте бойынша
тұрамын, тұрмаймын сөзін қолданады. «Мен Қазақстанда
тұрамын» деген сөйлемді оқушылардың бәрі айтады, ал
Алматы, Астана қаласы туралы айтқанда, оқушылар
шынайы жауап береді.
Мысалы: «Мен Астанада тұрамын» немесе «Мен Астанада
тұрмаймын».
(МК, Ж) 4-тапсырмада оқушылар «Сен Алматыда
(Астанада/Қазақстанда) тұрасың ба?» деген сұраққа жауап
бере алуға жаттығады. Берілген үлгі бойынша оқушылар
жұппен сөйлеседі.
(МК, Ұ) 5-тапсырмада мұғалім оқушыларды
Қазақстандағы екі үлкен қала туралы «Алматы мен
Астана» деген өлеңмен таныстырады:
Жап-жасыл ағашы,
Қып-қызыл алмасы,
Ақ басты тауы бар -
Алматы қаласы.
(С. Оспан)
Сабақта өлеңді тыңдау, хормен және жеке-жеке қайталау
жұмыстары жүргізіледі.
(ОТ) Сабақтың соңында оқушылар «Менің туған жерім»
деген тақырыпта сурет салу арқылы өздерінің туған жерге
деген сезімін білдіре алады.
(МК, Ұ) Мұғалім қ дыбысымен таныстыру жұмысын
Алмабектің суретінен бастайды. Алмабектің қ дыбысын
үйреніп отырғанын түсіндіру арқылы оқушыларды қ
дыбысымен және оның әрпімен таныстырады.
Аудиодискіден қ дыбысының айтылуын және қ дыбысы
кездесетін сөздер қатарын тыңдау, қайталау жұмыстары
жүргізіледі. Мұғалім оқушыларға қ дыбысын айтқан кезде
тілдің, жақтың, еріннің қатысы қандай болатынын
түсіндіру арқылы дыбысты дұрыс дыбыстауға
жаттықтырады. Мұғалім оқушыларға дауысты, дауыссыз
дыбыстар туралы түсінік береді. Оқушылар қ дыбысының
дауыссыз дыбыс екенімен танысады. Мұғалім қ дыбысы
дауыссыз дыбыс болғандықтан, оқулықта көк түспен
берілгенін түсіндіреді.
Қ дыбысы кездесетін сөздер қатарын суреті бойынша
үйретеді. Олар: қарындаш, қасқыр, қара. Сондай-ақ
мұғалім оқушыларға қ дыбысы кездесетін есімдер туралы
да ақпарат береді (Қанат т.б.). Осыған орай оқушылар
«Сенің атың кім?» деген сұрақты қайталайды, еске
түсіреді. «Есте сақта!» айдары бойынша оқушылар
сұрақтарды қайталайды (кім? не? неше? қандай?), мұғалім
қ дыбысы кездесетін сөздерге қандай сұрақтар
қойылатынын түсіндіреді. Мысалы: қарындаш (не?),
қасқыр (не?), қара (қандай?), Қанат (кім?).
(МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы
оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін
бекіте түседі. (Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар
сабақта алған білімдерін бекіте түседі.
Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады. Сондай-ақ АКТ-ні
қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.
Сабақтың соңы (41-
45 минут)
(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім
оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ
барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі
жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-
пікірлерін білдіре алады.
Қосымша ақпарат
Қорытындылау
Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Өз
сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Сабақ барысына
өзгертулер енгіздіңіз бе?
Неге?
2. Жүргізілген жұмыс
түрлері қаншалықты тиімді
болды?
Қорытынды бағалау
Ең жақсы өткен екі нәрсе не?
1:
2:
Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?
1:
2: