Технологическая карта "Менің тату отбасым"

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Үлкеншыған ауылы
«Шұғыла» балабақшасы «Балдырған» тобының тәрбиешісі
Шукеева Гулзира Кинжабекқызы
Технологиялық карта
Тақырыбы: Менің тату отбасым
Мақсаты: Отбасы, үй –іші туралы білімдерін кеңейту. Жанұядағы сыйластыққа,
адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу. Өз отбасының мүшелеріне деген
махаббат және құрметке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: отбасылық суреттер, киіз үй, топырақ, дән, су.
Іс әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс – әрекеті
Балалардың іс –
әрекеті
Мотивавациялық
қозғаушылық
Шаттық шеңбері:
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды қаламыз,
Жайнай түссін даламыз.
Қайырлы таң, достарым,
Қайырлы таң, қонақтар!
Ұйымдастырушылық
- ізденушілік
Балалар бүгін қай күн?
Қазір қай мезгіл?
Көктем мезгілінде қандай өзгерістер
болады екен?
Дұрыс айтасыңдар балалар бізге
көктем мезгілі келді. Көктем
мезгілінде қар еріп, жер кепкен соң
біздің әкелеріміз жерге егіндерін еге
бастайды.
Балалар отбасы неге ұқсайды?
Дұрыс айтасыңдар, балалар.
Балалар мына суреттер кімдер
бейнеленген?
Қане кім өз отбасы жайлы айтып
береді.
(3-4 баладан сұраймын).
- Киіз үй неше бөліктен тұрады?
Тақтаға киіз үй ілінеді. 6 баланы бір-
бірден сурет алып киіз үй ішіне
орналастырады.
Балаларға сұрақ қою:
Сен кімді орналастырдың?
Сенің әкеңнің аты кім?
Ол қайда жұмыс істейді?
Сен кімді жақсы көресің?
Балаларға киіз үй тарқатылады, ата-
Бейсенбі
Көктем
Күн жылыйды, қар
еріп суға айналады.
Кемпірқосаққа,
кемеге, ағашқа,
алақанға.
Отбасы
Кереге,
шаңырақ,уық
Әкені
Бала өз әкесі атын
атау
Дәрігер
Анамды
аналар суреттері тарқатылады.
Балалар суретті киіз үйге
орналастырады.
Сергіту сәті
Бір үйде біз нешеуміз?
Кел ойнайық екеуміз.
Басбармағым – атам үйдің данасы,
Балан үйрек – апам ошақ анасы.
Ортан терек – әкем отау панасы.
Шылдыр шүмек –
шешем шаңырақ ажары,
Тіттей бөбек мен үйдің базары.
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз.
Біздің топтың балалары отбасы
туралы тақпақтарын айтады(3 бала
тақпақ айтады).
- Балалар отбасы жайлы қандай
мақал – мәтел білесіңдер?
Балалар отбасы жайлы қандай ертегі
білесіңдер?
Осы ертегінің ішінде «Шалқан»
ертегісін сахналап берейік.
Қараңдаршы балалар қандай тату
отбасы бәрі бірігіп шалқанды жұлып
алды. Апасы тамаққа қосуға алып
кетті. Балалар Шалқан ертегісіндегі
отбасның еңбекқор екенін
көрдіңдерме. Отбасы болып жұмыла
көтерген жүк жеңіл болады.
Балалар енді мен сендерге жұмбақ
жасырайын.
Балалар бізге хат кепті. Кімнен
екенін білгілерің келеме? Әжеден
екен. Әженің хатын оқып берейін.
«Қымбатты менің балаларым! Мен
науқастанып балабақшаға бара
алмадым. Сол себепті сендерге
күнбағыстың дәнін жолдап отырмын.
Онымен не істеу керек екенін білетін
боларсыңдар!»
Балалар іс –
қимылдарды
жасайды.
Әке бәйтерек, ана
бұлақ, бала -
жағасындағы
құрақ.
Әкеге қарап ұл
өсер,
Шешеге қарап қыз
өсер.
«Жеті лақ»,
«Бауырсақ», «Үш
аю», «Мақта қыз»
«Шалқан»
Балалар сахналауы
Балалар жауабы
Балалар жауабы
Топырақ, су,дән
Күтім жасау керек.
- Балалар хатпен бірге бізге
күнбағыстың дәнін беріп
жіберіпті.
- Балалар дәнді егу үшін бізге не
қажет?
- Үлкен әрі әдемі болып өсу
үшін не істеу керек?
- Мына дәннен үлкен ағаш
немесе гүл өсіп шығуы мүмкін
бе?
Балаларға ыдыстағы топырақпен дән
тарқатам. Олар отырғызып, су құйып
табиғат бұрышына қояды.
Жоқ, күбағыс өсіп
шығады.
Табиғат бұрышына
қояды.
Балалар орнынан
тұрып ән айтады.
Рефлексиялық –
түзетушілік
Балалар бүгін біз не білдік?
Әже бізге не беріп жіберіпті?
Оқу іс-әрекеті ұнадыма?
Оқу іс – әрекетінің соңында
балаларды марапаттаймын.
- Балалар қазір бәріміз
орнымыздан тұрып «Әр қашан
күн сөнбесін» әнін айтайық.
Отбасы жайлы
Күнбағыс дәнін
ия
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Отбасы мүшелерін білу, аты- жөнін айта білу
Игереді: Ұжымдық жұмыс дағдылары
Меңгереді: Өз отбасы жайлы әңгіме құра білу.