Внеклассное мероприятие "Ана - өмірдің шуағы" 2 класс

Тақырыбы: «Ана - өмірдің шуағы»
Мақсаты: Оқушыларды өз аналарын ардақтауға баулу; адамгершілік, рухани тәрбие
беру; аналарды балалары жүрген ортамен жақын таныстыру; оқушылардың аналарға
деген мерекелік тартуын сыйлау.
Өту барысы
Музыка ойналады.
Ұл балалар ортаға шығады.
Айтуар:
Мереке, мереке,
Мереке де келіп қалды,
Бізде бәрі дайын ба?
Қазір қыздар келеді,
Сазайынды береді.
Нұрасыл:
Айттым ғой мен сендерге,
Үлгірмейміз қазір деп.
Бәріне қыздар кінәлі
Өлең айтып болғаны.
Қасымжомарт:
Ұлдар, ұлдар, ұрыспаңдар,
Әне, өздері де келіп тұр.
Көңілдірек қарсы алайық,
Біздің қыздар келіп тұр.
Айбек:
Қыздар, қыздар, келіңдер,
Шақырамыз ортаға.
Бізге билеп беріңдер,
Көңілді боп ортада.
Музыка ойналады.
(Ұлдар қыздарды жетектеп ортаға алып шығады)
Мұғалім: Армысыздар, құрметті аналар, ардақты әжелер және біздің ару қыздар! Міне,
жыл аралатып көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8-наурыз Халықаралық әйелдер
күні де келіп жетті. Олай болса, әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі – 8
Наурыз мерекелеріңіз құтты болсын! Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір
сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша!
Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз. Әрдайым мейірім
шуағын шашып жүре беріңіздер.
Аялайық аналарды әрдайым,
Қуанышқа бөлейікші өздерін.
Әжелердің, аналардың, қыздардың
Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін.
Ана - барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді, өсіреді. Адам
бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана - ұлы
адам, Ана-құдіретті жан. Ендеше, бүгінгі мерекеге арналған «Ана – өмірдің шуағы» атты
тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
-Міне, көптен күткен көктем мезгілі де келіп жетті. Олай болса, қыздардың орындауында
«Гүлдер» биін тамашалаңыздар!
Би: «Гүлдер»
(оқушылар қолдарындағы гүлдерін аналарға сыйлайды)
Мұғалім:
Осы бір «АНА» деген үш әріптің аясында адамзат баласын қуаныш сыйлар қаншалықты
қасиет бар десеңші! Ару - ана, Ару - асыл жар, Ару – көңілдің гүлі, Ару - өмірдің жыры,
тіпті айта берсең сөз жетпейді. Ендеше, сөз кезегін құттықтауларға берейік.
Оқушылардың құттықтау сөздері.
Нұрасыл:
Құтты болсын ардақты анам,
Асыл анам мерекең.
Құтты болсын ұстаздарым,
Қуанышты берекең.
Алтынай:
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құтықтаймыз мейраммен,
Құрметті жан аналар!
Айсана:
Құрметтейік, о адамдар, аналарды,
Бізді өмірге әкелген даналарды.
Себебі, ана деген асыл жан ғой,
Ойлауменен істелік әр қадамды.
Айбек:
Ақ сүтінен жаралған,
Ақ сүтінен нәр алған,
Анаға бас иеміз!
Туған елдің білі деп,
Туған жердің үні деп,
Анаға бас иеміз!
Айлана:
Ана десем, алғыс алам халқымнан,
Ана десем, теңіз болам шалқыған.
Ана десем, ашылады қабағым,
Ана десем, әділдікті ұғынам.
Айдана:
Алтын анам жасымнан аялаған,
Мен үшін игілікті аямаған.
Сабақтан шаршап үйге келгенімде,
Бал сөзі жаным деген сая маған.
Қасымжомарт:
Мәпелеп мені өсірген
Ризамын мен өзіңе.
Ана деген керемет,
Сыйлап өтем өмірде.
Сабина:
Бәріңіз де анасың,
Біз үшін күн боп жанасың.
Құтты болсын мейрамың,
Құттықтаймын анашым!
К. Сабина:
Еркелеттің, асырадың,
Мойыныңа асыламын.
Аман болшы ардақты анам,
Мен әрқашан қасыңдамын.
Айтуар:
Құтты болсын ақ анам,
Сегізінші науырызың!
Қасымда бол әрқашан,
Жансын жарық жұлдызың,
Тілейді бақыт бір саған,
Әлпештеген ұл - қызың.
Амина:
Аспандағы айымсың,
Бақытыма балаған
Құтты болсын мерекең,
Айналайын жан анам!
Жұмабике:
Аялаған анашым,
Мәпелеген анашым.
Менің саған тілегім
Қартаймашы анашым.
Мұғалім:
* «Бала, бала, бала!» деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
-Бұл кім, балалар?
Оқушылар:
-Ана, Ана, Ана!
Мұғалім:
-Олай болса, құрметті аналар, сіздерге арналған «Апатайым» атты әнді қабыл алыңыздар!
Ән: «Апатайым»
Мұғалім:
-Балалар, менің таң қалатыным, аналарың үйде барлық тірлікті істеп, одан қалса жұмысқа
да барып үлгереді ғой. Сендер мектептен келгенде, тамақтарың да дайын, үй де жинаулы,
мұның бәрін қалай үлгереді екен? Дегенмен, сендердің аналарың бәрін өз қамқорлығына
алады, олар барлық шаруаны бітіреді, сонымен қатар олар сендердің әр ойларыңды
айтқызбай табады, сендердің бар сырларың оларға әрқашан да белгілі.
-Олай болса, аяулы аналарымызды бір сынап көрелік.
Ойын: «Аялы алақан»
Аналардың көзі байлаулы болады. Басқа балалардың арасынан ана өз баласын қолынан
тануы керек.
Мұғалім:
Ән де шырқап, ойын да ойнап жатырмыз.
Асыл ана, бәрі осы сіздің ғана арқаңыз.
Дүниенің жарық күні анамыз,
Дана болсақ анаменен данамыз.
Тыңдаңыздар, көңіл қойып ағайын
Анаға арнап тағы бір ән саламыз.
Ән: «Құттықтаймын мама, туған күніңмен!»
Мұғалім:
-Ерте заманның бірінде қазақ даласына шабуыл жасаған дұшпанның қалың қолы бір
қаланы қоршап алады. Қалаға келетін ауыз суды тоқтатып қорғаннан өте алмаған жау
халықтың берілуін күтіпті. Бірнеше күн өтсе де, қала берілмепті.
Сонда дұшпанның әскер басы мынадай бұйрық шығарыпты.
-Қаладан көтергенше жүк алып, әйелдердің кетуіне рұқсат етемін,- дейді.
Әйелдер бір-бір қапшық арқалап қаладан шығып кетеді. Дұшпан қалаға кіріп қараса, бір
де бір еркек жоқ. Әйелдер ер азаматтарын қапқа салып көтеріп кетіпті.
Ал, кішкентай қыздар ұл балаларды, әжелер мен аталарды көтеріп, қаладан шығып
кетіпті. Осылай бір халықты әйелдер аман алып қалған екен. Кішкене қыздар ұл
балаларды көтеріп шығарыпты.
*Сендер осылай жасай алар ма едіңдер?
(оқушылардың ой-пікірлері тыңдалады)
Мұғалім:
-Олай болса, біз де қазір аналарымызды сынап көрейік. Бірақ біз аналарымыздың күшін
емес, білімін сынап көрейік.
Ойын: «Ойлан да аяқта»
(мақал-мәтел жарысы)
*Оқу білім бұлағы, … (білім) өмір шырағы.
*Еңбек етпесең, жерге өкпелеме,
Егін екпесен, … (елге) өкпелеме.
*Ағайын алтау – ана … (біреу).
*Еңбектің наны тәтті, жалқаудың … (жаны) тәтті.
*Еңбек түбі зейнет, зейнет түбі … (береке).
*Еңбек етсен ерінбей, тояды қарның … (тіленбей).
*Оқусыз білім жоқ, білімсіз … (күні) жоқ.
*Отан үшін отқа түс … (күймейсін).
*Әке асқар тау, ана –мөлдір … (бұлақ).
*Жаманнан жирен, жақсыдан (үйрен).
-Жарайсыздар! Қошеметтеп аналарға бір қол соғып қояйық.
(Әр оқушы аналарына сыйлық тапсырады. Ол балалардың өз қолдарымен жасалған
бұйымдары)
Үзінді: «Ата-ананы құрметтеу туралы»
Оқитын: Кабдуалиева Айлана.
Айлана:
-Сені жан тәнімен жақсы көріп, тәрбиелеп жүрген ата-ананың көңілін қалдыратын құрттай
іс жасасаң, сен ешқандай да жақсылыққа лайықты жан емессің. Өйткені кімде-кім ата-
ананың жақсылығын білмесе, басқа біреудің жақсылығын да бағаламайды. Егер сен өз
перзентім құрметтесін десең, сен де ата-анаңды құрметте. Сен ата-анаңа не істесең, саған
перзентің де соны жасайды. Перзент жеміске, ата-ана жеміс ағашына ұқсайды. Жеміс
ағашын жақсы күтсең, жемісі де дәмді, жақсы болады. Сол сияқты ата-анаға деген ізет,
құрметіңді аямасаң, саған деген олардың ізгі тілегі қабыл болғаны.
Бейнежазба: «Алдымен анаңды сыйла»
Мұғалім:
-Олай болса, осы бір керемет мереке күніне арнап, ата-аналардың құрметіне арнайы
мерекелік дастарқан жаюға қалай қарайсыңдар? Ендеше, қазір біз сендермен аналарға,
қыздарға арнап, мерекелік дастарқан жаямыз.
Ойын: «Мерекелік дастарқан»
(ұл балалар екі топқа бөлініп ойнайды)
1 бала: қоқыстарды жинайды.
2 бала: дастарқан жаяды.
3 бала: үстелдің үстіне мерекелік гүлді қояды.
4 бала: тәттілерді қояды.
5 бала: жемістерді қояды.
6 бала: «Мерекелік дастарқанға қош келдіңіздер!» деп айтады.
Мұғалім:
-Біз мерекемізді ары қарай жалғастырамыз. Бұл мереке тек аналарға ғана емес, сонымен
қатар әжелерімізге де арналады.
-Балалар, біздің сыныпта әжесімен бірге тұратын балалар бар ма? Ендеше, сол балаларды
ортаға шақырайық.
-Бүгін біздер құрметті де, ардақты әжелерімізді ерекше атап құттықтаймыз! «Қариясы бар
үйдің қазынасы бар» - деп халқымыз текке айтпаған, балалардың әжелеріне арналған
өлеңдеріне кезек берсек.
Айтуар:
Тентек болсам, ашынып,
Жақсы іс қылсам, асырып,
Маған сақтап жүреді
Тәттіні де жасырып.
Тосып тәтті дәмдерін,
Ол бар жерде бал жедім.
Мен ұйықтарда айтады
Ертегісін, әндерін.
Біздің үйде осындай
Әжетайым бар менің.
Айсана:
Әжемді мейрамымен құттықтаймын,
Айтатын ән, беретін гүлім дайын.
«Әжетай сені жақсы көремін», деп
Ақырын құлағыңа сыбырлаймын.
Сабина:
Әжем менің әлі де,
Ұқсамайды кәріге
Шай қайнатып береді,
Қажет болса бәріне.
Жұмабике:
Өзің мені өсірген,
Айналайын, ақ әжем.
Тентек болсам кешірген
Шөлдедің бе, дана әжем.
К.Сабина:
Шай қайнатып берейін,
Шекер салып жан әжем.
Өзім құйып берейін,
Балдай тәтті бал әжем!
Қасымжомарт:
Өскенде мен ал енді,
Аралаймын әлемді.
Сыйлық әкеп әжеме,
Таң қалдырам бар елді.
Ән: «Асыл әжем»
Мұғалім:
Еркелесем күнім дейтін,
Ұрысқаны білінбейтін.
Маңдайымнан сипап мені,
«Құлыншағым, күнім» дейтін.
-Құрметті аналар, сіздер үйде балаларыңызды жақсы көріп аймалайсыздар. Сол
лебіздеріңізді біз де естігіміз келеді. Ендеше, біз қазір осы тұрғыда сіздермен ойын
ойнаймыз.
Ойын: «Жақсы көру»
(ортаға екі оқушы және оның аналары шығады, оқушылар орындықта отырады, ал
аналары оларға қарсы жүріп, әр басқан қадам сайын жақсы көру сөздерін айтады, мысалы:
жаным, айым, күнім...)
Мұғалім:
Аппақ мамам, ақ мамам,
«Ақ мамам!» - деп, шаттанам.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
«Бөпешім!»- деп жатпаған.
Қандай бала болмайық,
Анамызға балдаймыз,
Көтерейікші көңілін
Ән салайық бәріміз.
Ән: «Ақ мамам»
(оқушылар өздерінің жасаған сыйлықтарын аналарына табыс етеді)
Мұғалім:
Достықты біз ойлаймыз,
Бірге күліп ойнаймыз.
Қыздарды да құттықтап,
Мерекесін тойлаймыз.
Ойын: «Бұл менің гүлім»
(музыка ойналады, қыздар би билейді, музыка тоқтағанда қыздар гүлдерді тез жерден
көтеріп алу қажет)
Мұғалім:
Қыз сұлу көрінеді қылығымен,
Жарыса төгілген қос бұрымымен.
Бұл күнде сұлулықтың үлгісі осы,
Қыз сұлу көрінеді өнерімен, – дей отыра қазір қыздарға арналған викториналық сұрақтар
кезегіне береміз.
№1.Алғаш көктемде бүр жарып шығатын қандай гүл? (бәйшешек)
№2.Қалтасы бар жануар, ол қай жерде мекендейді? (кенгуру, Австралия)
№3.Малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақталатын тағам (құрт)
№4.Табиғи жүнді, түбітті неден алады? (қой, ешкі)
№5.Көкөністен дайындалған салқын тағам. (салат)
№6.Тамақтан соң ауыз сүртуге арналған орамал. (салфетка)
№7.Сумоншақтың орысша атауы (бисер)
№8.Нанның кептірілген бөліктері (сухари)
№9.Үйдегі машина, бірақ онымен ешқайда бара алмайсың. (кір жуатын, тігін машинасы)
№10.Қыздың бұрымы дегеніміз не? (өрілген шаш)
№11.Тістегі пломбаны тартып шығаратын кәмпит (ирис)
№12.Жұма сайын пісірілуге тиіс мұсылман наны? (шелпек)
13.Баланың жақсы көретін сөзі (Ана)
№14.Ананың ұрпағы (бала)
№15.Қыздар ойнайтын ойыншық (қуыршақ)
№16.Гүлдердің ханшайымы (раушан)
№17.Қадір түні ел ішін аралайтын кім? (Қыдырата)
№18.Ас пісіретін ыдыс (қазан)
-Жарайсыңдар!
Мұғалім:
Қылықты мінез қыздар-ай,
Сендерді көріп тынар ма жүрек сыздамай?
Сендерге арнап жылы сөз, сірә, айта алмай,
Қалармыз үнсіз біз қалай?, - деп ұлдарымыз да шетте қалғай тұрған жоқ. Осы жерде
отырған барлық қыздарға арнап біздің ұлдар сыйлықтар дайындаған екен. Қол
шапалақтап, қолдау білдіріп қойыңыздар!
(ұлдар сыйлықтарын береді)
Ән: «Тұсау кесер»
Мұғалім:
Барша ана, құтты болсын мерекеңіз,
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам.
Сонда біз кісілікке теңесеміз, – демекші, келесі құттықтау сөзді аналарға береміз.
(аналар құттықтау сөздерін айтады)
Мұғалім:
Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылуын тарататын - ана.
Ана баланың амандығын, бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы
қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтеп жүрейік!
Осымен, бүгінгі «Ана – өмірдің шуағы» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Көңіл
қойып, тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет! Келесі кездескенше аман-сау
болыңыздар! 8 наурыз құтты болсын! Тағы да мерекелеріңізбен!