Классный час "Ана - өмір шуағы" 1 класс

КҮРШІМ АУДАНЫНЫҢ
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
ТҮЗЕУ КАБИНЕТІ
Педагог – дефектолог
Абылкайрова Айнур Бауржановна
2-наурыз 2016 жыл
Тақырыбы: «Ана-өмір шуағы»
Мақсаты:
Ананың құдіретті де, мейірімді жан екенін түсіндіру. Ана, оқушы, ұстаз
ұжымын ынтымақтастыру. Мейірімділікке, сый-құрметке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:
Даналық сөздер: «Анаға қарап қыз өсер», «...Ана көрген тон пішер», «Қыз
өссе,елдің көркі», «Анасын көріп қызын ал». шарлар, гүлдер, сыйлықтар,
слайд, магнитафон.
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген бәйтерегі өмірдің
Ана деген - алтын қазық, алтын бақ.
Ана, Ана, Ана! Осы сөздің өзі адамға қандай күш береді?
Дүниеде ананың мейіріміне, аялы алақанына не жетеді? Жақсылық
атаулының барлығы да ананың сүтінен жаралған. Халық арасында, меккеге
анаңды үш рет арқалап апарсаң да, қарызын өтей алмайсың деген сөз ананың
соншалықты қадірлі екенін адамзатқа ұғындыру үшін айтылса керек.
Сондықтан, бұл сөздің мәнін ананың қабағына кірбің түсірмей аялап ғұмыр
кешу деп ұғамыз.
Балалар сахнаға шақырылады. «Көктем вальсі» биі
Жұлдыз:
Қуанышқа бөленетін халықпыз
Ана сыйлау дәстүріміз, салтымыз
Жыл құсындай әр көктемде келетін
Құтты болсын 8 Мартыңыз.
Құндыз:
Еркелесем күлімдейтін
Ұрысқаны білінбейтін
Маңдайымнан иіскеп менің
Құлыншағым, күнім дейтін.
Саят:
Мені жақсы көреді
Күндей күліп келеді
Көп ертегі біледі
Маған айтып береді.
Балғын:
Бүгін наурыздың сегізі
Сұлулықтың егізі
Әдемі сөз анамның
Анаға айтар лебізі
Мәпелейсің мені анам
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам
Құшағыңда қысылмай.
Глеб:
Много мам на белом свете
Всей душой их любят дети!
Только мама есть одна
Всех дороже мне она
Кто она? отвечу я:
Это мамочка моя.
Рүстем:
Мереке құтты болсын, аналарым
Мәпелеп, еркелеттің аяладың
Лебізіне алғысты айта келе
Ән жырымды қабыл ал аналарым!
Айгерім:
Құрметтейік о адамдар аналарды
Бізді өмірге әкелген даналарды
Себебі ана деген асыл жан ғой
Ойлауменен істелік әр қадамды.
Әділет:
Адам бар ма ана сүтін татпаған
Алуан-алуан ауыр сынды аттаған.
Адалдықты ар-намысты сақтаған,
Мен ананың сонысына мақтанам!
Анастасия:
Встану утром рано
Поцелую маму
Подарю цветов букет
Лучше мамы в мире нет.
Илона:
Маму любят все на свете
Мама лучший друг!
Любят мам не только дети
Любят все вокруг!
Артур:
Мы для вас родных, любимых
Песню лучшую споем
Пожелаем дней счастливых
Поздравляем с Женским днем!
Ақназар:
Сенен өскен балалар
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті біздің аналар!
Аружан:
Мен гүлдерді жұлмаймын
Торғайларды қумаймын
Айтқан сөзін тыңдаймын
Апашымды сыйлаймын.
Аянат:
Ақ сүтінен жаралған
Ақ сүтінен нәр алған
Анаға бас иеміз!
Туған елдің тілі деп
Туған жердің үні деп
Анаға бас иеміз!
Айғаным:
Ақ анашым, аппағым
Өзің жайлы тақпағым
Өзің жайлы әнім де
Арнадым саған бәрін де.
Тіпті табиғаттың өзі де бұл күні біздің тамаша әйел-аналарды даңққа
бөлеп тұрғандай. Неге дәл осы күн әйелдердің халықаралық мерекесі болып
белгіленді екен?
Кейін шегініп, қалың тарихтың бір парағына көз салсақ, қасқайған Нью-
Йорк қаласы мен сол алып, батыр қаланың әділеттілікті талап еткен нәзік
жандыларын көреміз. 1857 жылдың 8 наурызында тігін және аяқ киім
фабрикасының жұмысшы әйелдері үміттерін үкілеп, ереуілге шығады. Бұл
күні тәулігіне 16 сағат жұмыс істеп, шағын ғана айлық алатын жұмысшы
әйелдер басшылықтан 10 сағаттық жұмыс күнін, жарық әрі таза жұмыс орны
мен еңбекақыларының ер-азаматтардың жалақысымен бірдей болуын талап
етеді. Нью-Йорктың жан-жағынан көтерілген әйелдердің өз үні бейнебір
толқын іспетті жан-жақтан естіліп, қоғамдағы әйелдердің орнын
нақтылағандай болды. Осы күннен кейін алғаш рет әйелдердің қоғамдық
ұйымдары құрылып, олар өз құқықтарын қорғауды қолға алды.
1910 жылы Копенгагенде жұмысшы әйелдердің қатысуымен II
халықаралық конференция өтті. Социал-демократ партиясының әйелдер
тобының көшбасшысы Клара Цеткин 8 наурыз халықаралық әйелдер күнін
жыл сайын белгілі бір күнде тойлау керектігі туралы ойын ортаға тастады.
Оның бұл ұсынысын өз құқықтары үшін күресуге бел буған қалың әйелдер
тобы іліп әкетіп, келесі жылы-ақ, яғни 1911 жылдан бастап, Австрия, Дания,
Германия мен Швейцарияда 8 наурыз мейрам ретінде тойланды.
- Бүгін бізге қонаққа музыка мектебінің оқушылары өнер көрсетуге
келіпті. Қарсы алайық!
«Анам және мен» сайысы.
1. «Ана көркем көрінер қызыменен». (Аналар балаларымен құшақтасып
шарды жарады және оның ішіндегі сұраққа жауап береді.)
Шардың ішіндегі сұрақтар:
1. Шығармашылық есеп:
Себетте 4 алма бар. Оны 4 досыңа бір-бірден және себетте 1 алма қалатындай
етіп бөліп бер?
Жауабы: 3 алманы үшеуіне береді. 1 алманы себетімен береді.
2.Көктем айларын ата. Жауабы: наурыз, сәуір, мамыр.
3. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру
керек? Жауабы: допты жоғары лақтыру керек.
4. Торда 12 құс отыр. Оның 11-нен басқасы ұшып кетті? Торда қанша құс
қалды? Жауабы: 12 құс. Тордан құс ұша алмайды.
5. У бабушки Даши внук Паша, кот Пушок, собака Дружок. Сколько у
бабушки внуков? Ответ: один внук
6. Может ли страус назвать себя птицей? Ответ: нет, так как он не умеет
говорить.
7. Какой месяц короче всех? Ответ: Май – в нем всего три буквы.
2.«Чей круг скорее соберется». (Вокруг одной мамы собираются девочки,
вокруг другой – мальчики.)
3.«Угадай маму» (ата-аналар сипап сезу мүшелеріне сүйеніп, өз
балаларын тауып алу.)
4. «Кім жылдам?» (жіпті орау)
Фокус (сиқыр) көрсету. Нұролданов Әділет
Енді балалар аналарымызға дайындаған сыйлықтарымызды
табыстайық!
Ұзтаздар абзал жандар, соны түсін
Ағарған бір тал шашы біздер үшін.
Құттықтап келе жатқан мерекемен
Арнаймыз жыр жолдарын сіздер үшін!
Мекеменің қамын ойлап қыс-жазы,
Ренжісе, айтты деп ұқ бұл - назы.
Бұл шаңырақты 12 жыл басқарған
Қамария апай ұстаздардың ұстазы.
Көңілінде шуағы бар көктемнің,
Бақжамал апайдан естімейсің өктем үн.
Көкірегінде көзі барлар біледі,
Шәкірт үшін қандай еңбек еткенін!
Балалармен сырласады досындай,
Бұл сөзіме қалмас ешкім қосылмай.
Шәкірттердің көңіліне нұр құйған,
Міне, біздің Бақжамал апай осындай!
Ұстаз атын арым деп кірлетпеген,
Бала тілін түзетуді міндеттеген.
Бақыт апай айнасы шәкіртінің
Барлық бала аялап құрметтеген.
Намысты боп бар қазақтың баласы,
Өссе дейді ерте оянып санасы
Шәкірттерге ізгілік шашып жүретін
Бақыт апай ұстаздардың дарасы.
Жанарынан жастық оты шашырап,
Гүлге оранып кеткендей ме атырап?
Балалардың қалай оқып жатқанын
Мерурет апай отырады бақылап.
Қорғасындай мінезі бар салмақты
Бар жұмыстың жайын білер жан-жақты.
Аз сөйлеп-ақ талай істі тындырар
Меруерт апай нағыз ұстаз ардақты!
Еңбек сүйгіш ерінгенге жаны қас
Бір жұмысты екі істеп сабылмас.
Массаж жасап, қозғалысты дамытқан,
Алмагүлдей қамқор адам табылмас!
Ұстаздарға ашық хаттар (открытка) таратылады.
- Барлығымыз бірге қосылып әсем ән шырқайық!
Анашым
Шет жүрсем - сағынарым,
Жабықсам - шағынарым
Анашым, бір өзіңсің
Табынарым
Қайырмасы:
Анашым, шалқып күлсең
Алдымда ұзақ жүрсең
Жүрегім жыр толғайды
Көңілім ортаймайды
Анасы бар адамдар
Ешқашан қартаймайды
Ұшырған сұңқарыңмын
Қияға шырқарыңмың
Бәйгеге өзің қосқан
Тұлпарыңмын
Қайырмасы:
Анашым, шалқып күлсең
Алдымда ұзақ жүрсең
Жүрегім жыр толғайды
Көңілім ортаймайды
Анасы бар адамдар
Ешқашан қартаймайды
Қорғаным - өзің деймін
Жан дауа - сөзің деймін
Анашым, сені ойласам
Көз ілмеймін...
Қайырмасы:
Анашым, шалқып күлсең
Алдымда ұзақ жүрсең
Жүрегім жыр толғайды
Көңілім ортаймайды
Анасы бар адамдар
Ешқашан қартаймайды
Ана туралы жыр
Сөзі Ғафу Қайырбековтікі
Әні Шәмші Қалдаяковтікі
Әлемнің жарығын сыйладың сен маған.
Даланың әр гүлін жинадың сен маған.
Сен бердің құстардың қанатын самғаған,
Балалық құштарым өзіңе арнаған.
Қайырмасы:
Әлдилеп, аялап, өсірген жемісің,
Самал жел, сая бақ құшағың мен үшін.
Есейіп кетсем де мен саған сәбимін.
Көңіліңді көктемдей көзіңнен танимын.
Өтеуге борышың, анашым, жан сырым,
Іздедім сен үшін әлемнің асылын.
Әлемнің байлығын сыйлар ем, кеш мені,
Сыйлар ем ай-күнін, қолыма түспеді.
Ете көр қанағат, әзірге берерім
Балалық махаббат, балалық жүрегім
Бол риза анашым, қолдағы осы бар
Өзіңе арнаған әнімді қосып ал
- Сөз кезегі кабинет меңгерушісіне беріледі.
Балаларға сыйлықтар таратылады.
Қымбатты аналар, аяулы арулар! Көгілдір көктемнің осынау шуақты
күнінде сіздердің дендеріңізге саулық, ұзақ ғұмыр, бақ-береке және барлық
жақсылықтарды тілейміз!
Аналар, қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасыншы жанарыңа
Осыменен кешімізді аяқтайық
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа!!!