Классный час "Ана - өмірдің шуағы"
Ана- өмірдің шуағы
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды Ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке ,ананы
құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, шарлар, нақыл сөздер.
Сабақтың барысы:
Мұғалім сөзі: Әлемдегі ең асыл жан ол – Ана десек , жүрегімізде сүйікті жанға
деген маххабат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Баланың тілі
шыққаннан –ақ бірінші сөзін ана деп айтады. Өмірдің есігін ашқаннан соң осы
өмірдегі өзіңнің жан анаңды көресің.
Осы бір «АНА» деген үш әріптің аясында адамзат баласын қуаныш сыйлар
қаншалықты қасиет бар десеңші! Ару-ана, Ару-асыл жар, Ару – көңілдің гүлі,
Ару - өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді. Әйел бір қолымен бесік
тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді деген екен бір ғұлама. Қандай нақты
айтылған ой десеңізші! Расында бар әйел қауымынсыз мына әлемді елестету
мүмкін емес! Иә, Құдайдан кейін құдірет иесі – ана.
Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен
дариды. Ана -ұлы адам ,Ана-құдіретті жан ,ендеше бүгінгі мерекелеріңіз құтты
болсын,
Аяулы аналар!!!
І ж Той пердесін ашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын шашайық
ІІ ж Құтты болсын ардақты анам
Асыл анам мерекең
Құтты болсын алтын анам
Қуанышты берекең
ІІ ж 1910 жылы Данияда Копенгаген қаласында революционер әйелдердің
халықаралық конференциясы өтті.
Мінбеге Клара Цеткин шықты Ол ақ шашты қара көзді орта жастағы адам еді
Біз күреспен қол жеткізген осы мерекені жыл сайын 8 наурыз күні атап өтейік.
Бұл барша әйел қауымының мерекесі болсын деген ұсыныс айтты. Ұсыныс бір
ауыздан қабылданып 8 наурыз халықаралық әйелдер күні болып қабылданды.
ІІ ж Өзіңе еліктеп өсермін
Борышты өтермін қалайда
Тым нәзік , жұтаңдау жырымды
Жүректе жылытшы ,жарай ма?
І ж Оқушыларымыздың өздері шығарған өлеңдерін қабыл алыңыздар
Гүлжан, Сабина Шакира,Жанна
І ж Менің анам үйде барлық тірлікті істеп, одан қала берсе жұмысқа да барып
үлгереді
ІІ ж Мен де мектептен келсем тамағым да дайын ,от та жағулы,
Үй де жинаулы мұның бәрін қалай үлгереді екен
І ж Біздің аналарымыз бәрін өз қамқорлығына алады , олар барлық шаруаны
бітіреді,сонымен қатар олар біздің әр ойымызды айтқызбай табады, біздің бар
сырымыз оларға әрқашан да белгілі
ІІ ж Олай болса Аяулы аналарымызды бір сынап көрелік
Аялы алақан ойыны
Аналардың көзін байлап, оқушылардың ішінен өз балаларын тапқызу
І ж оқушылардың орындауында «Қара жорға » биі
І ж Азамат қуат алар ақ сүтіңнен
Мәпелеп әлдилеген пейілі кең
Аналық махаббатың кәусәр-бұлақ
Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ
ІІ ж Оқушыларымыздың орындауында
«Үнді» биін қабыл алыңыздар !
І ж Дүниенің жарық күні анамыз
Дана болсақ анаменен данамыз
Тыңдаңыздар көңіл қойып ағайын
Анаға арнап тағы бір ән саламыз
ІІ ж Оқушыларымыздың орындауында « Анаға сәлем» әнін тыңдаңыздар!
І ж Ән де шырқап би де билеп жатырмыз
Асыл ана бәрі осының сіздің ғана арқаңыз
Оқушыларымыздың аналарына жыр шашуын тамашалаңыздар
ІІ ж оқушыларымыз «Ақ мамам »әнін орындайды
ІІ ж Біздің аналарымыз қандай өнерлі десеңші
І ж Енді оларды қалай сынасақ екен
ІІ ж Олардың шешендігін сынап көрелік
Сөз тапқанға қолқа жоқ ойыны
Аналарды ортаға шақырып бір әріп таңдатамыз.
Таңдаған әріптерге басталатын сөздермен төмендегі сұрақтарға жауап береді
І ж Біздің сөз тапқыш аналарымыздың құрметіне «Испан» биі
ІІ ж Мұсылман қауымы анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да парызынан
құтылмайсың деген екен
І ж Бәріміз де ана алдында борыштармыз Сол борышты өтеу бізге міндетті
Ал енді мерекемізді жалғастыратын «флешмоб » биі! Билейік! Мереке соңында
хор «Әлемнің жарығы» аналарына арналған өз қолдарынан жасаған
бұйымдарын табыс етеді.
1. Ұялғанда не істейсіз?
2. Сіз үшін байлық не?
3. Кім сұлу?
4. Қандай мақал білесіз?
5. Сөйлей –сөйлей кім боласыз?
6. Бақшада не өседі?
7. Қиындықты қалай жеңесіз?
8. Қандай салт-дәстүрлерді білесіз?
9. Ең ұлы іс не?
10. Құлақ неге екеу?
11. Кімге сенбейсіз?
12. Кімнің қамын ойлайсыз?
13. Әке көрген не істейді?
14. Балқашта не көп?
15. Ұл бала қандай бала?
16. Ананың көңілі балада ,баланың көңілі
қайда?
17. Тіл не үшін керек?
18. Бақыт деген не?
1. Сіз үшін достық деген не?
2. Қандай аспапта ойнайсыз?
3. Нені өсиет санайсыз?
4. Қазақстан қандай?
5.Ең құрметті не?
5. Неден қорқасың?
6. Ең кіші не?
7. Арманға жету жолы не?
8. Көз неге екеу?
9. Базарда не бар?
10. Қол не үшін керек?
11. Қазақ тілі қандай тіл?
12. Ең жақын не?
13. Төрт түліктің бірі
14. Көре-көре кім боласыз?
15. Өмірлік мақсатыңыз не?