Технологическая карта "Менің сүйікті балабақшам"
Ұйымдастырылған оқу қызметінің
№1 технологиялық картасы
Өткізген: Естаева А.С..
Өткізу мерзімі:09.09.17.ж.
Топтың жас ерекшелігі:№14 ортаңғы топ
Білім беру саласы:«Әлеумет»
Бөлімі:«Қоршаған орта»
Тақырыбы:Менің сүйікті балабақшам»
Мақсаты:балабақшаға деген сүйіспеншілігін дамыту, өзінің балабақша ұжымының мүше-
сі екенін санасына сіңіру, достық қарым - қатынас сезімдеріне тәрбиелеу.
Міндеттері:
БМ:үлкендердің еңбектерін бағалауға үйрету.
ДМ:балабақшаға деген мақтаныш, құрмет сезімдерін дамыту.
ТМ:айналасындағы адамдарды жақсы көруге тәрбиелеу.
Қолданатын құралдар:балабақша суреті, балабақша қызметкерлерінің суреті.
Сөздік жұмыс:балабақша.
Қостілділік компонент:балабақша-садик,тәрбиеші-воспитатель.
Қызметтің кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-
қозғаушылық
Шаттық шеңбері
Бақшамызға барғанда,
Жолыққан бар жандарға,
«Қайырлы таң!»- деймін мен.
Күндіз де елді елеймін:
«Қайырлы күн!»- тілеймін.
Үйге кешке келемін,
Не дерімді білемін:
«Кеш жарық!»- деп кіремін.
Шаттық шеңберін жасай-
ды.
Ұйымдастырушылық –
ізденістік
Керемет! Ал сендер үйде,
балабақшада осындай ізгі
сөздерді қолданасыңдар ма?
Ертеңгісін адамдармен қалай
амандасамыз?
Қане бәріміз бірге қайталайық-
шы.-«Қайырлы таң!».
Тағы қандай әдепті сөз
қолданамыз?-«Сәлеметсіз бе!».
Күндіз кездескен адамдарға не
деп айтуымыз керек?-«Қайырлы
күн!».
Ал, кешке ше?-«Кеш жарық!»
Шығармашылық жұмыс
Тәрбиеші ұжымдық жұмыс
арқылы балаларға балабақша
қызметкерлерінің еңбегімен
таныстырып, оларды бағалауға,
құрметтеуге үйрету мақсатында
«өз үйім – менің бірінші үйім,
балабақша – екінші үйім»деген
тақырыпта әңгіме жүргізеді.
Тәрбиеші: Балалар бізге қонаққа
торғай ұшып келіпті. Торғайды
-Иә,қолданамыз.
-«Қайырлы таң!».
-«Сәлеметсіз бе!».
Тәрбиешімен бірге қай-
талайды.
Мұқият тыңдайды.
Қызығушылық танытады.
балабақшамен таныстырып, оған
өлең айтып берейік.
Тәрбиеші балалармен бірге өлең
айтады.
Торғай
Торғай - торғай, тоқылдақ,
Жерден тары шоқып ап.
Бөтегесі бұлтиып,
Шиқ-шиқ етіп отырмақ.
Балалар, мен сендерге бірнеше
сұрақ қойғым келіп тұр.
(тәрбиеші тақырыпты терең ашу
мақсатында бірнеше сұрақтар
қояды)
- Балалар балабақша дегеніміз
не?
- Балабақшада біз не істейміз?
- Ал балабақшаны біз екінші
үйіміз деп айта аламыз ба?
- Бұл үлкен үйімізде бізге кім
қамқорлық көрсетеді, аялайды?
- Балабақшада сендер үшін
қаншама адам жұмыс істейді.
- Қане, олар кімдер және не
істейді екен?
Тазалықшы – екінші үйімізде өз
үйіміздей жылы, таза болсын деп
бөлмемізді жуып, тазалайды.
Аспазшы - біз үшін дәмді тамақ
әзірлейді.
Дәрігер – сендердің дендеріңнің
сау болуын қадағалайды.
Кір жуушы – біздің
сүлгілерімізді жуып береді.
Тәрбиеші апайлар – сендер
жақсы адам болып өсулерің үшін
бәрін үйретеді.
Сөздік жұмыс:балабақша.
Қостілділік компонент:балабақ-
ша -садик,тәрбиеші-воспитатель.
Тәрбиешімен бірге өлең
айтады.
Біздің екінші-үйіміз.
Ән айтамыз,тақпақ айта-
мыз,ойнаймыз.
-Иә,айта аламыз.
Тазалықшы, аспазшы,
дәрігер, кір жуушы,
тәрбиеші апайлар.
Мұқият тыңдайды.
Сөздің мағынасын түсі-
ніп алады.
Сөздерді бірнеше рет
қайталайды.
Рефлексиялық -
түзетушілік
Тәрбиеші: Балалар, сабақта
үйренген өнегелі сөздерді
қайталап айтыңдаршы.
Балалар бүгінгі сабақта не
жайында әңгімелестік?
Қайырлы таң! Сәлеметсіз
бе! Қайырлы күн! Кеш
жарық! Рахмет!
Балабақша біздің екінші
үйіміз. Біз балабақша
мүшесіміз. Балабақшаны,
достарымызды, апайла-
рымызды өте жақсы
көреміз.
Күтілген нәтиже:
Біледі:ізгі сөздерді.
Игереді:үлкендердің еңбектерін бағалау керек екендігін.
Меңгереді:балабақша екінші үйлері екенін.
Тексерді:
Ескерту:
Педагогикалық қолдауға мұқтаж болған балалар: