"Мен қазақ қыздарына қайран қалам" тақырыбындығы іс-шара

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» аясындағы
«Өркендеу» жобасы бойынша өткізілетін
«Мен қазақ қыздарына қайран қалам!..» атты
мектепішілік іс-шараның
ж о с п а р ы
Астана қаласы
Тақырыбы: «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» атты мектепішілік
іс-шара
1-жүргізуші: - Армысыздар, құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар!
2-жүргізуші: - Қош келдіңіздер!
1-жүргізуші: - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» Жолдауында: «Мен
халқымның тағылымы мол тарихы мен ықылым заманнан арқауы үзілмеген
ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір
қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын», - деген.
2-жүргізуші: - «Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға
сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта
түлетуіміз керек», - дейді Елбасымыз.
1-жүргізуші: - Сонымен қатар Елбасымыз: «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз,
тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда
ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс»,- дейді халыққа Жолдауында.
2-жүргізуші: - «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты сол ұлттық
кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы
оп-оңай», - дейді Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
1-жүргізуші: - Тағы да Елбасы: «Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет
сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды», - дейді.
2-жүргізуші: Ал олай болса, бүгін №51 мектеп-гмназиясында «Болашаққа
бағдар: рухани жаңғыру» аясындағы «Өркендеу» жобасы бойынша
өткізілетін «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» атты мектепішілік іс-
шараны тамашалауға қош келдіңіздер!
1-жүргізуші: - Бүгінгі іс-шараның құрметті қонақтарын таныстырып өтуге
рұқсат етіңіздер!
2-жүргізуші: - Айсина Майра Арапқызы - мұғалім, заңгер, «Нұр-Отан»
орталық аппаратының жетекшісі және Қазақстан Республикасының Білім
және ғылым Вице-министрі қызметтерін атқарған, 2007 жылдан бері
Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаты.
1-жүргізуші: - Бахаргүл Төлегенқызы - қазақ халқының мәдени мұрасын
дәріптейтін, қазақтың ою-өрнектерімен әсемделген зергерлік өнер
туындыларын заман талабына сай жаңғыртып, көне ұлттық нақыштағы
жәдігерлерді жинақтаушы-этнограф, қазақтың мәдени мұрасын әлемге
танытып жүрген «Әдемі-ай» ұлттық компаниясының басшысы.
2-жүргізуші: - Арайлым Рақымқызы - әнші, "Алтын домбыра" фестивальінің
лауреаты, бүгінде қазақ ән өнерін насихаттап, ұлт руханиатына толассыз
қызмет жасаап келе жатқан, қазіргі таңда Астана қаласы әкімдігі
Мемлекеттік академиялық филормониясының классика және эстрада, вокал
бөлімінің директоры.
1-жүргізуші: - «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» атты бүгінгі іс-
шарамызды ашу үшін Ыбырай Алтынсарин атындағы төсбелгінің иегері,
ұстаздардың ұстазы, алтын ұя мектеп-гимназиямыздың басшысы
Дүйсенова Күнімхан Смағұлқызына сөз кезегін береміз.
2-жүргізуші: Би. Қыздар тобының орындауында қазақ биі_____________.
1-жүргізуші: - Сөз кезегін құрметті қонағымыз - Айсина Майра Арапқызына
береміз. (Гүл беріледі).
2-жүргізуші: - Келесі сөз кезегі құрметті қонағымыз Бахаргүл
Төлегенқызына беріледі. (Гүл беріледі).
1-жүргізуші: - Сөз кезегін құрметті қонағымыз - Арайлым Рақымқызына
береміз. (Гүл беріледі).
2-жүргізуші:
1-жүргізуші: - Күй. Мархабат Диляра және Қасымова Камиланың
орындауында _______________ .
2-жүргізуші: - Бүгінгі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» аясындағы
"Өркендеу" жобасы бойынша «Ана мектебі» жоспарындағы «Мен қазақ
қыздарына қайран қалам» атты іс-шарамызда ұмытылып бара жатқан салт-
дәстүр, әдет-ғұрыптарды насихаттау мақсатында бақ сынасатын
қыздарымызды ортаға шақырамыз.
(Қыздар ортаға кезекпен шығады. «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» әні
орындалып жатады).
1-жүргізуші: - Халқымыздың «Мінген атыңнан құласаң да, елдік салтыңнан
құлама» деген қанатты сөзі бар.
2-жүргізуші: «Халқын сүйген – халқының салтын сүйеді» - дей келе, ендігі
кезекті «Салт-дәстүрлер мен әдеп-ғұрыптар туралы қыздарымыздың
қаншалықты білетіндіктерін байқау үшін сұрақтарға кезек берейік!
1-жүргізуші: - Қазір біздің ару қыздарымыз асықтарды таңдап, сұрақтарға
жауап береді.
2-жүргізуші: - Алиша, асығыңызды таңдап алыңыз!
1-жүргізуші: - Аружан, асығыңызды таңдап алыңыз!
2-жүргізуші: - Балерке, асығыңызды таңдап алыңыз!
1-жүргізуші: - Аяжан, асығыңызды таңдап алыңыз!
2-жүргізуші: - Диана, асығыңызды таңдап алыңыз!
1-жүргізуші: - Кәмшат, асығыңызды таңдап алыңыз!
2-жүргізуші: - Айсұлу, асығыңызды таңдап алыңыз!
1-жүргізуші: - Көркем, асығыңызды таңдап алыңыз!
2-жүргізуші: - , соңғы асығыңызды алыңыз!
Салт-дәстүр мен әдеп-ғұрыптар туралы сұрақтары:
1. «Бастаңғы» деген қандай дәстүр ?
2. «Аузына түкірту» ырымы туралы не білесің ?
3. «Алтыбақан» дәстүр ойыны туралы айтып бер.
4. «Қыз қуу» ойыны туралы не білесің ?
5. «Мүше алу» қандай дәстүр ?
6. «Біз шаншар» салты жайында не айтасың ?
7. «Қыз алар» қандай дәстүр ?
8. «Босаға майлау» қандай ырым ?
9. Қандай тыйым сөздерді білесіз? Тыйым сөздер не үшін керек?
1-жүргізуші: - Ән.____________Орындайтын бастауыш сынып оқушысы
2-жүргізуші: - Мақал-мәтелдер - ауыз әдебиетінің ең байырғы, ең көне түрі.
1-жүргізуші: - Ол - ғасырлар бойы халықтың ұқыпты сақтап келген еңбек
тәжірибесі, ой-пікірінің түйіні, аңсаған асыл арманының арнасы, өмір
тіршілігінің айнасы, атадан балаға жалғасып келе жатқан тозбайтын, тот
баспайтын өмірлік өшпес мұрасы.
2-жүргізуші: - «Сөздің көркі -мақал» деген аталы сөз бар. Мақалдың
көмегімен айтайын дегеніңді ұтымды жеткізуге болады.
1-жүргізуші: - Мақал-мәтелді көп біліп, көп қолданатын адамдардың білімі
де, ақылы да арта түседі. Олай болса, қыз тәрбиесі туралы мақал-мәтелдерге
кезек берейік!
2-жүргізуші: - Алиша, гүліңізді таңдаңыз!
1-жүргізуші: - Аружан, гүліңізді таңдаңыз!
2-жүргізуші: - Балерке, гүліңізді таңдаңыз!
1-жүргізуші: - Аяжан, гүліңізді таңдаңыз!
2-жүргізуші: - Диана, гүліңізді таңдаңыз!
1-жүргізуші: - Кәмшат, гүліңізді таңдаңыз!
2-жүргізуші: - Айсұлу, гүліңізді таңдаңыз!
1-жүргізуші: - Көркем, гүліңізді таңдаңыз!
2-жүргізуші: - , соңғы гүліңізді алыңыз!
Қыз тәрбиесі туралы мақал-мәтелдер
1. Ақылды қыз білімге жүгірер,
Ақылсыз қыз сөзге ілігер.
2. Жақсы қыз – рулы елдің бағы.
3. Апасы киген сәукелені сіңлісі де киеді.
4. Астың дәмін келтірген тұз – әулие,
Елдің сәнін келтірген қыз - әулие.
5. Бір жақсы қыз екі жаман ұлға татиды.
6. Жақсы қыз біреу келсе, есік ашар,
Жаман қыз біреу келсе, төрге қашар.
7. Жақсы қыз жағадағы құндыз,
Жақсы жігіт көктегі жұлдыз.
8. Қызға қырық үйден тыю, қала берсе, кара күңнен тыю.
9. Ақылды қыз — ауыл көркі.
1-жүргізуші: - «Ұлдар триосы» Мейірхан, Диас, Нұрасылдың
орындауында түрік әнін тыңдаңыздар.
2-жүргізуші: - Қазақ халқы «қыз» деген сөздің өзін әдептіліктің, әдеміліктің,
инабаттылықтың, сұлулықтың белгісі деп таныған.
1-жүргізуші: - Қыз баланың көрікті болып өсуіне анасы ерекше көңіл бөліп,
«Аттың көркі - жалы, қыздың көркі - шашы» деп қыздың шашын күтіп
өсіруді өнер санаған. Ол үшін оның шашын айранмен, қынамен жудырған.
2-жүргізуші: - Шаштарын «қос бұрым» немесе «бестемше» етіп өру
бойжеткен қыздың көркі болған. Қазақ халқының жырларында қазақ
қыздарының шаштарын керемет суреттеген.
1-жүргізуші: «Шашының ұзындығы ізін басқан»,
2-жүргізуші: «Шаштарын он күн тарап, бес күн өрген».
1-жүргізуші: «Қыпша бел, қиылған қас, қолаң шашты».
2-жүргізуші:
- Білектей арқасында өрген бұрым,
Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын,
Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,
Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін.
1-жүргізуші: - Ал олай болса, бүгінгі іс-шарамыздың келесі бөлімінде
мектебіміздегі бұрымды ару қыздарымызды ортаға шақырамыз.
Үкілі кәмшат» әні орындалады).
(Ортаға бұрымды ару қыздар шығады).
2-жүргізуші: - Алима
1-жүргізуші: - Назым
2-жүргізуші: - Айгерім
1-жүргізуші: - Аружан
2-жүргізуші: - Аяжан
1-жүргізуші: - Мэрием
2-жүргізуші: - Перизат
1-жүргізуші: - Айгерім
2-жүргізуші: -
1. Қазіргі қазақтың қызы қандай болуы керек?
2. Ата-бабаларымыз қыздарды қалай тәрбиелеген? Ол туралы не білесің?
3. Шаш өсіру оңай ма? Қандай күтім жасайсың?
4. «Қыз – әулеттің ұйытқысы» дегенді қалай түсінесің?
5. Қазіргі қыздар қалай киінуі керек? Ойыңды білдір.
6. Көпшілік жерде қыздар өздерін қалай ұстауы керек?
7. Жаман әдеттерге нелер жатады? Кейбір қыздардың жаман әдеттерге
үйір болуының себебі неде?
8. Ата-анаң үйде саған қандай ақыл-кеңестер айтады.
9. Қазіргі уақытта қыздың отбасындағы орны қандай?
1-жүргізуші: - Әр адамның өзінің бойына ерекше біткен таланты болады.
Соның бірі - өнер. Әсем әуенмен ән айту, тал шыбықтай мың бұралып би
билеу немесе нақышына келтіріп күй тарту кез-келген жанға бұйыра
бермейтіндігі белгілі.
2-жүргізуші «Өнер – ағып жатқан бұлақ, ғылым жанып тұрған шырақ» деп
халқымыз тегін айтпаған болар.
1-жүргізуші: - Ал енді, келесі кезекте, «Өнерлі өрге жүзер» деп, өнерлі ару
қыздарымызды ортаға шақырамыз.
2-жүргізуші: - Заринаның орындауында халық әні «_________________»
Оқушыларды марапаттау.
Соңы