Конспект ОУД "Түрлі - түсті пирамида"
Ортаңғы топтың ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в средней группе
Өткізу күні/Дата проведения:
Тәрбиеші/Воспитатель:
Білім беру саласы/Образовательная область: Шығармашылық. Творчество.
Пән/Предмет: Аппликация
Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Салт – дәстүр жіне фольклер»
Тақырыбы/Тема: «Түрлі - түсті пирамида»
Мақсаттары/Цели:
1.Тәрбиелік – воспитательная: балаларды бірін – бірі сыйлауға, ұқыпты,
тиянақты болуға тәрбиелеу.
2.Дамытушылық – развивающая: тіктөртбұрыштың шеткі бөліктерін қию
арқылы сопақша пішінді қию әдісін одан әрі жетілдіру. Жапсыруда ұқыпты
болуға үйрету, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3.Оқыту – обучающая: Желімді қылқаламға, дайын үлгіге мұқият жағуды
жетілдіру, бөлшектерді реттік арақашықтықты сақтау арқылы жапсыруға
үйрету.
Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: ақпаратық, денсаулық
сақтау технологиясы, ойын.
Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: түрлі – түсті қағаз
10х5, 8х4, 6х3, 4х4, альбом парағы,қатты қылқалам , клейстер, поднос,
қайшы, дайын үлгі; балаларға дайын үлгілер, дастархан , қылқалам, қайшы.
«Пирамидка» жұмсақ модулі
Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: пирамида –
пирамида , сопақша – овал.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:
Тосын сәт: балалар, біз бүгін қонаққа келге әжеймен бірге ойыншықтар
дүкеніне барамыз.
Қараңдаршы, қандай көп және әдемі ойынышқтар
Билингвалдық компонент: машина-машина, жол-дорога
-Балалар машина қандай бөлшектерден тұрады?
-Балалар машина не арқылы жүреді?
-Жолды жарық ету үшін машинаға не қажет?
2.Негізгі бөлім/оснавная часть:
Балалар бүгін ойыншықтар дүкеніне жаңа ойыншық алып келді, қараңдаршы
қандай әдемі, түрлі – түсті.
- Қалай аталады?
- Пирамида
- Пирамиданың әр түрлі көлемдегі дөңгелектері көп, біз бүгін
барлығымызға жететін осындай әдемі пирамидаларды жасаймыз
Көрсету және түсіндіру.
1.Менің қолымда түрлі – түсті дөңгелектер тұр , осы дқңгелектерді түстеріне
және көлесмдеріне қарай ретімен қылқаламмен желімді ұқыпты жағып,
жабыстырамыз.
Сергіту сәті:
«Бип-бип, бип,»- дейді
«Жолдан былай кет,»- дейді
Күшікті басуға, басуға
Болмайды, болмайды машина.
«Бип-бип, бип,»- дейді
«Жол шетінде күт,»- дейді
Көшеде жүруге асыға
Болмайды, болмайды машина.
-Балалар, бойымызды сергітіп алдық. Енді орындарыңа отырып,
жұмыстарыңды жалғастырыңдар.
Балалардың өзіндік жұмыстары.
Жеке жұмыс: Амирханға, Саянға желімді қылқаламға ұқыпты жағуды
үйретемін.
Дидактикалық ойын: «Көліктің түрін дауысынан таны»
Мақсаты: балаларды көлік түрлерін дауысынан ажыратуға үйрету.
Шарты: балаларға әр-түрлі көліктің суреттері таратылып беріледі.
Үнтаспадан көліктердің дауысы тыңдатылады. Қандай көліктің дауысы
естілсе, сол көліктің суреті бар балалар карточкаларын көрсетіп, көліктің
атын атап орнына апарады.
Билингвалдық компонент : пирамида – пирамида , сопақша – овал.
3.Қорытынды/итоговая часть:
Кім бізге қонаққа келді?
Балалар біз бүгін нені жабыстырдық?
Пирамида қандай бөлшектерден тұрады?
Балалардың суреттерінен көрме ұйымдастыру.
Мадақтау.