Технологическая карта "Түрлі-түсті мұздар"
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы Күні: 10.01.2017 жыл
Тәрбиеші: Игсатова Ж.А.
«Еркетай» ортаңғы тобы
Білім беру саласы: «Таным»
Кіші сала: Жаратылыстану
Тақырыбы: «Түрлі-түсті мұздар»
Мақсаты: Балаларды қыс мезгілін сипаттау арқылы табиғат тамашалырмен таныстыру.
Қар мен мұзды салыстыру оның айырмашылығы, жұмсақ, қатты, ұқсастығын ерісе екеуіде
суға айналатынын салыстыра отырып түсіндіру. Сөздік қорын молайту., ойлау
қабілеттерін жетілдіру.
Билингвалдық компоненті: қар-снег, мұз-лед, жұмсақ-мягкий, қатты-твердый, су-вода.
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық
қозғаушы
Жылдың қай мезгілі, оның ерешеліктері
туралы әңгімелеседі.
Сұрақтарға жауап береді
Ұйымдастырушылық
ізденушілік
Балалалар, қазір қай жыл мезгілі?
Қыста қандай өзгерістер болады екен
табиғатта?
Ал, балалар қарандаршы мынау қар.
Ал мынау мұз.
Қар-снег, мұз-лед.
Қар жұмсақ-мягкий, мұз қатты-твердый.
Екеуінің ұқсастығы егер қар да мұз да
ерісе ол суға айналады.
Су-вода.
Алдымен өзім көрсетемін.
Сергіту сәтін өткізеді:
Кәне, кәне тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Тұрсақ енді шеңберге,
Алақанды ұрайық.
Бишілерше бұралып,
Дөңгелене билейік.
Қазір қыс мезгілі.
Қар жауады, боран болады,күн
суийды.
Тәрбиешіні мұқият тыңдап
қарайды
Балалар сергіту сәтін
орындайды.
Рефлексивті түзеуші
Тәрбиеші балаларға сұрақтар қояды,
солай сабақты қортындылайды.
Балалар сұрақтарға жауап
береді. Бүгін не істегендерін
айтады.
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: Қыс мезгілі туралы түсінігі мен оның ерекшеліктерін
Түсінеді: айырмашылықтарын айтып, ққатты, жұмсақ сөздерінің ұғымын
Қолданады: Өздерінің білімдерін іс жүзінде іс әрекет арқылы