Конспект занятия "Наурыз - көктемнің көрікті мерекесі"
Ақтау қаласы
№55 “Қыран» балабақшасы
І кіші топ тәрбиешісі
Сундетова Меруерт Нурбековна
«Наурыз - көктемнің көрікті мерекесі»
Кейіпкерлер: Нұрлы қояндар, Гүлпатшайымы, Қызыл телпек, Қарақшы.
(Көңілді әуен ойналады, жүргізушімен балалар безендірілген залға кіреді)
Тәрбиеші:
Ана десем алғыс алам халқымнан,
Ана десем теңіз болам шалқыған.
Ана десем әділдікті ұғамын,
Адам барма ана сүтін татпаған.
Алуан-алуан ауыр сыңды аттаған,
Адалдықты, ар-намысты сақтаған,
Мен анамның сонысымен мақтанам!
Құрметті ата-аналар, әріптестер! Бүгінгі келіп жеткен 8 наурыз Халықаралық әйелдер
мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Көктемнің шуақты күндеріңдей жүздеріңізден
қуаныш пен мейрім шапағын шашып, әр адамның жанына шипа бола берсін. Бақыт пен
денсаулық тілеймін!
Ал, енді № 4 І кіші топ бүлдіршіндерін қарсы алайық.
(Әуен ойналады, ішке Қызыл телпек кіріп келеді. Ол гүл теруге шыққан)
Қызыл телпек: (суық демін алып)
Енді не істеймін? Мен 8 наурыз мерекесімен әжемді, анамды құттықтайын деп едім.
Оларға гүл сыйлағым келіп еді, бірақ гүл таба алмай жүрмін. Ой, сәлеметсіңдер ме балалар?
Сендер бүгін қандай әдемісіңдер! Сендер мұнда неге жиналдыңдар?
Балалар: Анамыздың, әжеміздің мерекесін тойлау үшін жиналдық.
Қызыл телпек: Ал, сендер мерекеге не дайындадыңдар?
Тәрбиеші: Біздің № 4 І кіші топ бүлдіршіндері «Аспазшылар» биін өте жақсы билейді.
Қызыл телпек: Қуанғаннан секіріп, қолын соғады. Ал маған тамашалауға болама?
Тәрбиеші: Әрине, болады. Олай болса «Аспазшылар» биін қарсы алайық.
Би: «Аспазшылар»
Қызыл телпек: Қандай жақсы. Балалар тағы қандай сыйлық дайындадыңдар?
Тәрбиеші: Біздің балалар ана туралы тақпақтар пйтқылары келіп отыр.
1. Дильназ: Анам менің сүйіктім, тек өзіңе табынам.
2. Аарн: Мен анамды, әжемді жақсы көремін.
3. Айлин: Ана пана,
Ана дана.
Өмірді әкелетін,
Ана ғана!
Қызыл телпек: Ал мен, Әжем мен анама гүлде таба алған жоқпын (көңіл-күйі түсіп.)
Тәрбиеші: (Басынан сипайды) Қызыл телпек, сен күннен көмек сұрап қарашы. Ол саған
міндетті түрде көмектеседі деп ойлаймын.
Күнге: Жарқыраған,
Сүйкімді,
Мейірімді,
Нұрын төккен, күнім сен маған көмектесші!
(Әуенмен залға екі қоян кіріп келеді)
Нұрлы қояндар: Сәлеметсізбе балалар! (Балалармен амандасады) Сәлеметсіздерме
қадірменді қонақтар! Сіздерді көргенімізге қуаныштымыз. Бізді күн көмекке жіберді.
Сендерде қандай жағдай болып қалды?\
Тәрбиеші: Қызыл телпек әжесі мен анасына гүл силамақшы болған екен, бірақ ауа-райына
байланыстыма? Ол гүл таба алмай жүр.
Нұрлы қояндар: Олай болса бәріміз бірге ауа-райын жылытайық. Балалар ауа-райын
жылытуға сендер бізге көмектесесіңдер ме,
Балалар: Иә
Нұрлы қояндар: Қызыл телпек, ал сен ше?
Қызыл телпек: Олай болса бәріміз бірге ана туралы ән шырқайық.
Ән: «Ақ мамам»
Нұрлы қояндар: Қандай керемет!
Қарақшы: Сәлеметсіздер ме?
Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе, сіз кімсіз?
Қарақшы: Мен қарақшымын. Мен көңілді күлкіні, барлық жақсы мерекелерді
жақтырмаймын. А-a-a бұл жерде жаман қояндар да бар екен ғой. Қазір мен оларды қуып
жіберейін. (қуып жібереді.)
Қызыл телпек: Сен не істедің? Енді күн жерді жылытпайды. Мен анама гүл сыйлай
алмаймын ғой!
Тәрбиеші: Құрметті қарақшы! Сенің көңіл- күйіңді қалай көтеруге болады. Саған біздің
балалар мерекеге дайындаған тақпақтарын айтып берсінші!
1. Мансур: Ақ мамады әрқашан,
Сағынамын, сыйлаймын.
2. Олжас: Анам менің асылым!
Қарақшы: Сендер менің көңіл-күйімді көтере алмадыңдар. Тағы қандай өнерлерің бар?
Тәрбиеші: Онда біз саған «Гүлдер» биін билеп берейік.
Би: «Гүлдер»
Қарақшы: Тапаншасымен аспанға оқ атады.
Ой маған өте қатты ұнады, менің көңіл-күйімді көтерілді! Сендер өнерлі балалар екенсіңдер!
Мен қателесппін.
Тәрбиеші: Қызыл тепекке қарап, сен уайымдама! Біз бірдеңе ойлап табармыз (сол кезде
әуенмен қояндар және гүл патшайымы бір уыс гүлімен кіріп келеді)
Гүл патшайымы: Сәлеметсіздерме балалар! Сәлеметсіздерме құрметті қонақтар! Мен гүл
патшайымымын! Сендерді көргеніме қуаныштымын, мерекелерің құтты болсын!
Көңіл-күйлерің барлық кезде осындай көтереңкі болсын! Нұрлы қояндарды өзіммен бірге
ертіп келдім.
Мен сендерге арнап «Қыздарға гүл сыйла» ойынын алып келдім. Менімен ойын
ойнағыларың келе ме?
Ойын: «Қыздарға гүл сыйла»
Ойынның шарты: Ортада екі үстел тұрады. Үстіне гүл, моншақ, сөмке, қалпақ тұрады. Сол
үстелге қарама қарсы қыздар тұрады. Ойынға екі ұл бала қатысады. Ұл балалар үстел
үстіндегі заттармен қыздарды жарыстырып безендіреді.
Қызыл телпек: Гүл патшайымы! Сізге кездескеніме сондай қуанып тұрмын. Мен анама,
әжеме гүл сыйлау үшін әдемі гүлдерден жинап келейін. Қош сау болыңыз!
Тәрбиеші: Рахмет саған, Гүл патшайымы! Көктемді алып келіп, біздің көңіл-күйімізді
көтергенің үшін. Ендеше біз көктемге арнап әнімізді айтып берейік.
Ән: Көктем келді»
Гүл патшайымы: Ой, өнерлі екеңсіңдер, көп-көп рахмет сіздерге. Менің кетуім керек.
Келесі кездескенше сау болыңыздар!
Тәрбиеші: Сау болыңыз! Осымен Біздің №4 І кіші тобының «Наурыз - көктемнің көрікті
мерекесі» атты ертеңгілігімізді аяқталды. Көңіл бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет! Біздің
балаларымыздың өз қолдарымен жасаған сыйлықтары бар, соны табыс етуге рұқсат
етіңіздер!
(Балалар аналарына сыйлық табыстайды).