Конспект занятия "Астана - көрікті қала" 5 класс
Пән: қазақ тілі.
Сабақтың тақырыбы: Астана – көрікті қала
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Оқушыларға Астана туралы мәлімет беру, тақырып бойынша білімдерін
жүйеге келтіріп пысықтау, грамматикалық ұғымдарды сауатты әрі дұрыс қолдану
даңдысын қалыптастыру. Пәнге қызығушылығын арттыру.
2.Дамытушылық: Оқушылардың ойдау, көру, есте сақтау қабілеттерін дамыту, ой
түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру, мәтінді қазақ тілінде
әңгімелеуге, диалог құрып, ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін кеңейту.
3.Тәрбиелік: Оқушыларды туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру,
сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгеру.
Сабақтың әдісі: интерактивті оқыту әдісі, сұрақ-жауап, диалог, өзіндік іздену.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, үлестірмелі кеспелер.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, тарих
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу.
Мейірімді жүрекпен,
Ақ пейілді тілекпен.
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
- Отырыңдар.
Кезекшімен сұхбат:
- Бүгін кім кезекші?
- Сыныпта кім жоқ?
- Бүгін нешесі?
- Аптаның қай күні?
- Қандай жыл мезгілі?
- Көктем айлары қандай?
- Көктемде ауа-райы қандай болады?
- Ал бүгін ауа-райы қандай?
Мотивация :
• Балалар,қазіркімніңкөңіл-күйіөтетамаша,қолкөтерсін!
• Бүгінгісабақтабелсендіболатын бала смайликпенкөңіл-күйінбілдірсін?
• Сіздергеотырғанорындарыңызжайлымасмайликпенкөрсетсін?
• Кімөз-өзінесенімді,қолыншапалақтасын!
Мотивация Шаттықшеңберіарқылыбір-бірлерінесәттіліктілейді.
Енді балалар берілген текшелердің кез-келген түрін таңдап алыңдар. Қызыл текше
алғандар 1-топ, көк текше алғандар 2-топ, ал жасыл 3-топ болып бөлініп отырыңдар. Әр
топқа бағалау парақтары таратылады. Топ басшылары бағалап отырады.
2. Үй тапсырмасын тексеру:І. Үйтапсырмасынтексеру. Айтылым.
Оқушыларғабірнешесұрақтарқою.
- ҚазақстанРеспубликасықандаймемлекет?
- Отандысүюнеденбасталады?
Тарихымызда негізгі орын алатын тақырыптардың бірі - туған жер, қала, ауыл, аудан
тарихын зерттеп білу. Оның тарихи тұлғаларын, қоғам қайраткерлерін, ұлы адамдарын,
тарихи кезеңдерін білу жас ұрпақтың қасиетті борышы болса, Отанды, жерді, елді сүюге
баулу мектептің, ата - ананың борышы. Туған жердің тарихын білу үлкен ізденісті талап
етеді
3. Жаңа білімді меңгеру.
Мазайка құру.
Әр топ сурет артындағы сөздерді оқиды.
Астана – көрікті қала
Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Астана – көрікті қала».
Мақсаты: Астана, оның көрікті жерлері туралы білімдерін кеңейту, толықтыру.
Салыстыру.
. Астана қандай?2. Астанада кім болды?3. Астанада не бар?
Астана туралы слайд көрсету
Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қою.
Қызықты сұрақтар:
«Дұрыс па, бұрыс па?» (топтар сұрақтарға жарыса жауап береді)
1. Қазақстанның астанасы – Алматы қаласы
2. Астана қаласында «Думан» ойын –сауық орталығы бар.
3. Наурыз - Шығыс халықтарының мейрамы.
4. Хачапури – қазақ халқының ұлттық тағамы.
5. Мектепте біз білім аламыз.
6. Қымыз – сиыр сүтінен жасалады.
7. Илья Муромец – қазақтың батыры.
8. Наурыз күз айында басталады.
9. Бәйге – қазақтың ұлттық ойыны.
4.Жаңа сөздер:
қонақ үй – гостиница
Көру алаңы – смотровая площадка
Деп аталады – называется
Ішінде – в, внутри
Сауда орталығы – торговый центр
Демалыс орындары – места отдыха
Үстінде – на, над
А) Сөздердің дұрыс дыбысталуына көңіл бөлу.
Ә) сөздерден сөз тіркестері мен сөйлем құрау.
5.Мәтінмен жұмыс.
1-топ:
Астанада Бәйтерек монументі 2003 жылы дүниеге келді. Оны металл конструкциядан
жасады. Монумент 3 бөліктен тұрады. Ең төменгі бөлігінде дөңгелек зал және лифтілер
бар. Ортаңғы бөлікте лифт жүреді. Үшінші бөлікте шар бар. Оның диаметрі 22 метр.
1) Мәтінді оқу, аудару.
2-топ.
Эйфел мұнарасы 1889 жылы дүниеге келді. Ол – Париждің белгісі. Ол 12 бөліктен тұрады.
Мұнараны 6300 тонна темірден жасады. Бұл мұнараны көруге адамдар дүниежүзінен
келеді. Осы мұнараға ұқсас, бірақ кішкентай Эйфел мұнарасы Астанада бар.
1) Мәтінді оқу, диалог құрастыру
3-топ.
Бостандық статуясы 1886 жылы дүниеге келді. Ол Францияның Америкаға сыйлығы. Оны
Француз инженері Эйфел жасады. 1776 жылы 4 шілдеде Америка Англиядан бостандық
алды. Бостандық статуясы - Американың белгісі.
1) Мәтін бойынша 5 сұрақ дайындау
Тапсырмалар:
1) Мәтінді оқу, аудару.
2) Мәтінді оқу, диалог құрастыру
3) Мәтін бойынша 5 сұрақ дайындау
2) Мәтіннен зат есімдерді теріп, септік жалғауларын ажырату.
Сергіту сәті: Қара жорға биі.
6. Жазбаша жұмыс. (Тақтада)
1-топ - Астана сөзін септеу,
2-топ – Астана сөзін тәуелдеу.
3-топ- азамат сөзін жіктеу.
Орнында отырғандарТолықтырып жаз.
Мен Астанада тұрамын. Үйім -------------------- көшесінде. Үй ------------------ қабатты.
Менің пәтерім ------------ қабатта. ------------------ бөлме бар.
7. Шығармашылық жұмыс.
«Алма ағашы» ойыны. Оқушылар ағаштағы алманы ала отырып, артындағы сұрақтарға
жауап береді.
1. Астана қаласында болдың ба? Онда не бар?
2. Қазақстанның рәміздерін ата
3. Елтаңба деген не?
4. Ту деген не?
5. Қазақстан қандай мемлекет?
6. Еліміздің президенті кім?
7. Астана күні қашан тойланады?
8. Биыл тәуелсіздік алғанымызға неше жыл?
9. Қыста қандай мемлекеттік мерекелер бар?
«Қазақшаңыз қалай?» ойыны. Топпен жұмыс.Әр топтан 1 оқушыдан шығып,әріптер
таңдап алады.Қойылған сұрақтарға сол әріптен басталатын сөзбен жауап береді.
А, Ж, Қ ,Т, А, А, Қ , Б, Р.
Астанамыз қай қала? а
-Қандай қалаларды білесің? ж
- Сіз қай қалада тұрасыз?т.б. қ
Досыңның аты кім? т
Алматыда қандай алма өседі? а
Қандай есім ұнайды? а
Астанаға қашан барасың? қ
Астанада не бар? б
Елтаңба, гимн, ту – ол не? р
Топ басшы бағалау парақшалары
8.Бекіту
Тест тапсырмалары
1.Астана қаласының символы:
а) Бәйтерек ә) ту б) елтаңба
2.Астана .... қала:
а)көне ә)бас б)ескі
3.Астананың бұрынғы аты:
а) Ақтөбе ә) Алматы б) Ақмола
4.Астана қай өзеннің бойында орналасқан?
а) Еділ ә) Есіл б) Қарасу
5.Астананың туған күні:
а)6 шілде ә)10 шілде б)10 маусым
8.Қорытынды.
Бүгінгі тақырып бойынша диалог
Рефлексия.- Сен қайқаладатұрғыңкеледі?
-неліктен? –берілгенсұрақтарғажауапжазуларыкерек.
Оқиды
Жауаптарын тексеру.
10. Үйге тапсырма:шағын шығарма «Астана – бас қала »
Бағалау: бағалау парақтары бойынша.
Педагогика - еще материалы к урокам:
- Рабочая программа подготовительная группа по фгос
- Родительское собрание "Праздники и будни нашей жизни" 1-4 класс
- Родительское собрание "Значение семейных традиций в формировании у ребенка желания трудиться" 1-4 класс
- Тест "Хороший ли Вы родитель?"
- Контрольная работа "Философия сознания. Философия познания"
- Презентация "Особенности преподавания иностранных языков"