Бастауыш сыныпта оқу және тіл дамыту жұмыстарынқалыптастыру

С.Сейфуллин атындағы
№7 мектеп- гимназиясы
Балқаш қаласы
Жаксыбай Гульфайрус Жаксыбайкызы.
«Бастауыш сыныпта оқу және тіл дамыту жұмыстарынқалыптастыру.»
Қазіргі уақыттың негізгі талаптарының бірі- білімді әлемнің бүтіндей бейнесін
қабылдай алатын,шығармашылық таныммен тікелей қатынас жасайтын
жаңаша,тәуелсіз ойлай алатын шығармашыл адамға айналдыру. Бүгінгі
мектептегі білім берудің сапалы өзгерістерді қажет ететінін тек теоретиктер
ғана емес,сонымен бірге білім практиктері де мойындап отыр.
Білім мен тәрбие негізі –бастауышта қаланады.Балалар мектепке келген күннен
бастап өмірмен,тұрмыс-тіршілікпен оқу арқылы танысады.Оқушыларды сапалы
оқуға үйретіп, белсенділігін арттыру- оқу сабағына қойылатын ең басты
талап.Оқығандарын жақсы түсініп,дұрыс тілмен жеткізу бала міндеті.Соңғы
психологиялық зерттеулерге қарағанда бастауыш сынып балаларының өзін
теориялық ойлауға,жалпыдан жекеге көшуге,заттар мен құбылыстардың
арасындағы байланысты аңғаруға үйретуге болатыны анықталады. Осыған орай
1-сынып оқушыларының заттар мен құбылыстар туралы қиялдарын
айтқызып,анықтап бір жүйеге жеткізу қажеттілігі туады.Бұл жұмыс әуелі сауат
ашуда берілген сөздер арқылы жүргізіледі.Сөздік қорды байыту заттар мен
құбылыстардың арасындағы байланыстар жайында елестерді анықтап,қолмен
ұстап,көзбен көруге практикалық жұмыстар жүргізеді.Бұл жұмыс түрлері
оқушының білімін тереңдете түседі.
Бірінші сынып оқушылары естігендерді,көргендерді,оқығандары
жөнінде айтып бере алады.Олар сезімге беріліп,дұрыс сөйлеу ,ойларын дұрыс
жеткізе алмаулары мүмкін,алайда, сол кекзде мұғалім баланы дұрыс салаға
бағыттауы керек.Негізгі міндет- оқушыларды белгілі бір жүйемен сөйлеуге
үйрету.Олар сурет бойынша сөйлем құрау кезінде де ұсақ бөліктерге көп көңіл
бөлулері мүмкін.Мәтін бойынша сөйлегенде көбіне сөзбе-сөз айтуға
тырысады.Оқиға желісімен айтуға қиналу болады.Бұл олардың көбінесе есту
жұмысына сүйенетінін байқатады.Сондықтан балаларды ойлауға,сөздерді көре
білуге,оның мағынасын ұғынуға үйрету жағына баса көңіл бөлу керек.
Бірінші сынып оқушылары дыбыстық талдауды меңгеру барысында жеке
дыбысты,оның әрпін есте сақтауды емес,дауысты және дауыссыз дыбыстардың
негізгі қасиетіне үйренеді.Бұл кезде балалардың көрнекі бейнелік ойлауы
пайдалынылады.Оқушылардың тілін дамыту сауат ашу кезеніңде іске
асырылады. Мәтін мен суреттер бойынша жұмыс түрлері жүргізіледі.Мысалы:
бағандағы сөздерді топтастыру арқылы жүргізілетін жұмыс түрін алсақ.Онда
оқушылар, бағандағы сөздер өмірдің әр саласын қамтиды,балалар мен үлкендер
өмірі, табиғат құбылыстары, заттар, өмімдіктер мен жануарлар т.б.Олардың
негізгі белгілеріне қарай топтастырылады.
Бастауыш сынып оқушылары сөйлеудің сөйлемнен тұратынын біледі. Олар
сөйлемді сөзге бөліп, бір сөйлемде қанша сөз барын анықтайды.Мәтінде қанша
сөйлем барын анықтайды.Өздері екі-үш сөзден сөйлем құрап үйренеді.
Сөйлемдегі сөздердің бір-бірімен байланысы бар екенін түсінеді.Осылай
сөйлем құраудың алғашқы сатыларын қалыптастырады.Кейін грамматика
салаларында әрі қарай жалғастырады. Сауат ашу кезеңінде негізгі міндет-
сөйлем құрауға үйретіп,қателіктерін түзету болып саналады.
Байланыстырып сөйлеуге үйрету,сұрақ-жауап түрінде жүргізіледі. Ол
сұрақтар әңгіменің жоспары іспеттес болуы керек.Оқушыларға көбінесе ашық
сұрақ емес, жабық сұрақ қройып, оны ойландыру қажет.Логикалық байланысты
рып сөйлеу үшін деформациялық мәтіндер алған жақсы.Сөйлеудің бұл түрінде
үйрету- фильм, мультфильм немесе балалардың ойыны , сондай-ақ,мектептегі
қандай да болмасын бір оқиға жөнінде әңгімелесу тиімді нәтиже береді.
Сонымен қатар, мәтін бойынша суреттер салып,мазмұныны айту.
Қазіргі таңда бала тілінің кемістігі көбейіп бара жатыр. Балалар
(р,л,с,ш,ж,қ,ң,ұ) дыбыстарының дыбысталу ерекшеліктерін толық түсінбейді.
Сөйлеуге үйреткенде дыбысты дұрыс айтып,оны дәл қабылдаудың маңызы зор.
Сондықтан бұндай жағдайда өз сыныбымда жүргізілетін жұмыс түрлеріне
тоқталсам:
Дыбыстарды дауыстап қайталап айтқызу
Дыбыстардан қос буын құрап айтқызу.
Жаңылтпаштарды жатқа тез айтқызу
-әрине,егер бірнеше жұмыстан кейін нәтиже болмаса логопедке жіберу керек.
Бірінші сыныпта әрбір оқушының дайындығына қарай тапсырма дәл,тез беріліп
отыру керек.
Әдебиеттер:
1.Л.Бектұрғанова Оқушылардың таным әдебиетін жетілдіру және олардың
басқаруы. Шымкент ,2018ж
2.Н.Ержанов. Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеу қабілеттерін
ашу.Мектеп технологиясы ,2019ж