Технологическая карта "Менің көшем"

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
Топ: Ортаңғы
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Бөлімі: «Мемлекеттік тіл»
Тақырыбы: «Менің көшем»
Мақсаты: балалардың көше туралы түсініктерін кеңейтіп, нақтылау. Қоршаған ортаға,
үйіне, туған өлкеге, қамқорлықпен қарауға және ұқыпты, әдепті болуға жетелеу.
Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, ойын технологиясы, сұрақ-жауап, қорытындылау,
мадақтау.
Сөздік жұмысы: көше, ұзын, қысқа, тар, кең
Оқу іс-әрекеті
кезеңдері
Педагогтің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-
қозғаушылық
Педагог балаларды ортаға шақырады.
Шаттық шеңбері:
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық, достарым,
Жарқыраған күнге!
Балалар мұғаліммен бірге
қимылдарды орындайды
Ұйымдастырушылық-
ізденістік
Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Күзде ауа райы қандай болады?
Күзде қандай құбылыстар болатынын
көрсетейік.
Жаңбыр жауады тық-тық-тық
Сен далаға шық-шық-шық
Жел соғады гу-гу-гу
Жапырақ ұшады ду-ду-ду
Балалардың назарын суретке
аудара отырып, жаңа сөздермен
таныстыру.
Билингвальды компонент:
Көше– улица
кең–широкая
тар– узкая
ұзын- длинная
қысқа–короткая
Дыбыстық жаттығу:
Ше- ше- көше
ең-ең- кең,
ар-ар- тар,
зын-зын- ұзын
қа-қа-қысқа
Мынау – көше. Көше ұзын, қысқа,
тар, кең
жарық.
Сергіту сәті
Шаршамаймыз ешқашан
Демаламыз бой жазып.
Жүгіреміз, секіреміз
Көңілденіп, ән салып.
Көшеде нелер бар?
Күз мезгілі
Күзде салқын болады. Жел
соғады. Жаңбыр жауады.
Жапырақтар сарғаяды, түседі.
Құстар ұшып кетеді.
Балалар сөздерді қайталап
айтып, тілдерін жаттықтырады
Балалар тыңдайды,
дыбыстарды, сөздерді дұрыс
айтып жаттығады.
Көшеде автобус (машина, үй,
бағдаршам) бар.
Үй қандай?
Д/о «Үйде кім бар? Кім жоқ?»
Үй үлкен (таза, әдемі, жарық,
үлкен)
Балалар сұраққа жауап береді:
Үйде ата (әже, әке, ана,
әпке,аға) бар (жоқ).
Рефлексиялық-
түзетушілік
Д/о: «Кім қайда тұрады?»
Балаларды мадақтау.
Аю тұрады.
Тиін ағашта тұрады.
Тышқан інде тұрады.
Адам үйде тұрады.
Қараторғай үйшікте тұрады.
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: көше, әдемі, таза, үлкен, жарық сөздерін
Түсінеді: қазақ тіліне тән дыбыстарды, сөздерді дұрыс айтуды.
Қолданады: сөздерді түсініп, саналы түрде есте сақтау дағдысын.