Конспект урока "Сиқыршы су/ ізденіс-эксперименттік қызмет/"

«Ақбота » ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 26.12.18 ж
Тәрбиеші:Г.Д. Қабылдина
«Таным» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі: «Жаратылыстану»
Өтпелі тақырып: «Алақай қыс келді»
Тақырыбы: Сиқыршы су/ ізденіс-эксперименттік қызмет/
Мақсаттары:
Тәрбиелік: Табиғатқа деген қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу.
Дамытушылық: Қарапайым экспериментке қызығушылықтарын арттыру
Оқыту: Су қасиеттері және нышандарымен танысуды жалғастыру және оның күйлерін
(су қатады-мұз болады, ериді- су болады) бақылауға үйрету.
Педагогикалық технологиялар:АКТ, видео қарау.
Ресурстармен қамтамасыз ету: қатқан мұздар, пластмас ыдыстар, стакандар, қолшатыр,
су құйылған стакандар, сүт, қант, бояу, қылқалам, кофе, қасықтар, дидактикалық ойын,
тәжірибелер жасау.
Билингвалдық компонент: теплый- жылы, холодный-суық, жаркий-ыстық ,вода-су.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезең
Су туралы өлең оқимын
Егер үстің былғанса,
Кім көмекке келеді?
Тазалықты бәрінен,
Анам жақсы көреді
Су дегенің тіршілік,
Өмір сүру ізгілік.
2.Негізгі бөлім:
(топ бойынша су тамшылары ілініп тұрады)
Балалар жан-жағына қарандаршы не көріп тұрсыңдар?
Жууну бөлмесінде су не үшін қажет?
Балыққа су не үшін қажет?
Су гүлге керек пе?
Ойышықтарды неде жуамыз?
Ыдыс-аяқ бөлмесіде су тамшысының достары бар ма?
Адамдарға су не үшін қажет?
Тамаққа суы қолдана ма?
Тәжіибе № 1.
Су – дәмсіз. Дәмін өзгертуге болады.. Алдымен стақандағы судың дәмін ішіп көрейік.
Стақанға қант салайық, араластырып ішейік. Дәмі қандай болды?
Қанттың дәмі қандай?
Ал тұздың ?
Тәжірибе № 2.
Су – мөлдір. Суы бар стақанға қасық саламыз. Қайсысынан стақанға салынған заттардың
анық көрінетінін байқау.
Тәжірибе № 3.
Су – түссіз. Және түсін өзгертуге болады. Оны да тәжірибе арқылы дәлелдейік. Суға
өздеріне ұнаған түсті алып, суды бояймыз. Судың түсі қандай болды?
Тәжірибе № 4.
Су - Мұз. Мен сендерге мұз беремін, оны алқанымызға салып, саусақтарымызды бүгіп,
мұзды қолымызда кішкене ұстап көрейік, ал енді қараңдаршы не болады екен?
Ойын: «Жаңбыр мен күн»
Кап-кап, тук-тук-тук,
Тереземді кім қақты?
Таңертең жаңбыр жауып
Балаларды оятты.
Кап-кап, дон-дон-дон,
Тамшылар тамып жатыр.
Егер шықсаң далаға,
Қолшатырды ұмытпа.
Мақал-мәтелдер айтады.
1.Су бергеннің сауабы бар,
Су төкеннің жауабы бар.
2.Ағын су жолын табады,
Ақ адам оңын табады.
3.Сумен ойнама – батарсың,
Отпен ойнама – жанарсың.
4. Су анасы – бұлақ,
Сөз анасы құлақ.
көркем сөз:
Сылдырлайды мөлдір су,
Мөлдір суға қолыңды жу.
Жуынсаң сен әрдайым,
Таза бетің, маңдайың.
Тазалықтың досы,
Су дегенің осы.
Қортынды: Д/ ойын: «Нелерге су қажет?»
Мақсаты: судың барлық тірі жандарға керек екенің бекіту (адамдарға, құстарға,
жануарларға, жәндіктерге). Сөздік қорларын, ойлау қабілеттерін дамыту.
Балалр бүгін біз қандай тәжірибелер жасадық?
Қандай мақал –мәтелдер, көркем сөздер естеріңде қалды№
Балалардың жауаптарына қарай мадақтап бағалау.