Конспект ОУД "Біздің балабақша ауласы"
Ортаңғы топтың ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в средней группе
Өткізу күні/Дата проведения:
Тәрбиеші/Воспитатель:
Білім беру саласы/Образовательная область: Таным. Познание.
Пән/Предмет: Құрастыру
Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Балабақша»
Тақырыбы/Тема: «Біздің балабақша ауласы»
Мақсаттары/Цели:
1.Тәрбиелік – воспитательная:, өздері ойнайтын құрал-жабдықтарға ұқыптылықпен
қарауға тәрбиелеу
2.Дамытушылық – развивающая: шығармашылықпен, қиялды қолдана отырып және
көркем бейнелік талғаммен жұмыс жасауға дағдыландыру, ауладағы құралдарды
құрастыру арқылы ойлау қабілетін дамыту.
3.Оқыту – обучающая: балабақша ауласындағы құралдарды құрылыс материалдарынан
жасай алуға үйрету.Құрастыру материалдарынан ауланың шарбақтарын құрастыру.
Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: денсаулық сақтау технологиясы, ойын
әдісі, сұрақ – жауап, көрсету және түсіндіру.
Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: балабақша ауласының
суреттері, құрастыру құралдары.
Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: балабақша – детский сад, ойын
алаңы – площадка, біздің балабақша – наш детский сад.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:
Ғажайып сәт: Есікті қағып Дымбілмес қонаққа келеді..
Көбелек: Сәлеметсіздер ме, балалар? Мені білесіңдер ме? Мен мультфильм әлемінен
келдім. Сендер білесіңдер ме, бүгін қандай күн?
Бүгін балалардың ең сүйікті мерекесі. Балалар бүгін халықаралық мультфильм күні.
Сендер мультфильм көргенді ұнатасыңдар ма?
Жеке жұмыс: Амина сенің сүйікті мультфильмің қандай?
Мен әдемілікті, әдемі гүлдерді жақсы көремін. Гүлдерден шырын жинаймын. Тек мен
жалғызбын, менің достарым алыста қалып қойды.
Тәрбиеші: Көбелек сен мұңайма, біздің балалар сенімен қуана дос болады.
Балалар біз бүгін көбелектер туралы көп нәрсе үйренеміз, қағаздан құрастыру арқылы
көбелекке достар жасаймыз.
2.Негізгі бөлім/оснавная часть:
Педагог балалармен балабақшаның ауласы жайында әңгімелеседі. Аулада
ойнайтын қандай құралдар бар екенін естеріне түсіреді. Үлгі суреттер көрсете
отырып, балаларға «Ауладағы осындай ойнайтын құралдарды жасап көреміз бе?»-
деп сауал қояды. Аулада не бар?
Балалар ауладағы ойыншықтарды құралдарды атайды.
Ұйымдастырушы-лық-ізденістік
-Осындай құралдар жасау үшін бізге құрылыс материалдары көмекке келеді.
Ауладағы сырғанақ, әткеншек т.б. жасау үшін алдымен құрылыс материалдарын
түстеріне, көлеміне, пішініне қарай таңдап аламыз. Сырғанақ жасау үшін үш текше
бір үшбұрыш қажет болса, құм салғышты кірпіштерді көлденең қатарластырып
қою арқылы құрастырамыз, әткеншек жасау үшін үшбұрыш және ұзынша кірпіш
пайдаланады.
Орындықтарды жасау үшін екі текше, бір кірпіш қажет. Кірпіштерді көлденең
қатарластырып қою арқылы қақпа қоршауларды құрастырамыз.
Балалар текшелер мен кірпіштерді үлгі суреттерге қарай отырып, ауладағы
құрылыстарды құрастырады. Өздеріқандай құрылыс жасағысы келетінін айтады
құрастырады.
Рефлекциялық-түзетушілік
Педагог балалардың жасаған жұмыстарын белгілі орындарға жайғастырып,
балабақша ауласының көрінісі болатындай жағдай жасайды.
Балалар өздерінің жұмыстарын көрсетіп не жасағандарын айтып бередіБалалар
сендер көбелектің қалай пайда болатынын білесіңдер ме?
Ендеше көбелек туралы мультфильм қарап алайық.
-Көбелек бастапқыда қандай болады?
-Балалар көбелек немен қоректенеді?
Билингвалдық компонент: көбелек - бабочка
Балалар біз бүгін оригами әдісі арқылы көбелекті құрастырамыз.
Көбелекті бүктеу жолын көрсетемін.
-Ең бірінші қағазды үшбұрыш қылып ,екі бетін бір-біріне беттестіріп, бұрыштарын дәлдеп
бүктейміз.Жақсылап үстінен қолымыздың қырымен бірнеше рет басып жүргіземіз.
-Пайда болған үшбұрыштан тағы да үшбұрыш шығарамыз.Ол үшін үшбұрышымыздың
сол жақ бұрышын оң жақ бұрышпен түйістіріп дәл ортасынан бүктейміз.Тағы да үстінен
қолымыздың қырымен бірнеше рет басып жүргіземіз.
-Енді дайын болған үшбұрыштың өткір ұштары бар жағын жоғарыға қаратып қоямыз.
-Дайын болған қағаздың жоғарғы екі ұшын астыға қарай қайырып бүктейміз.
-Көбелектің қанатын әдемі етіп безендірейік.
Қәне,балалар енді бойымызды сергітіп алайық.
Сергіту сәті «Көбелек»
Мен тимеймін, жасқанба,
Дос болайық, көбелек.
Жайнап тұрған бақшамда
Гүлдерімді тере кет.
Жаңбыр жаушы себелеп,
Тақияның астына
Тығыла ғой көбелек.
Балалардың өзіндік жұмыстары.
Жеке жұмыс: Мадиярға қағазды дұрыс буктеуді үйрету.
Қане көбелектеріңді көрсетіңдерші. Қандай әдемі болды.
«Мультфильм кейіпкерлерінің жұбын тап» дидактикалық ойыны.
Шарты: балалар суреттер арасынан бір мультфильмнің екі кейіпкерін тауып топтастырып,
кейіпкерлердің қандай мультфильмнен екенін айту қажет.
3.Қорытынды/итоговая часть:
Көбелек: Рахмет сендерге балалар!Енді менің достарым көп болды. Мен гүлдерімнен
шырын жинап сендерге шырынды сыйлыққа алып келдім. Сендер шырыннан дәм
татыңдар. Ал, балалар менің кетуім керек. Мен гүлдерімді сағындым. Оларды
тозаңдандыруым қажет. Сау болыңдар! (Музыкамен шығады).
-Балалар бүгін қандай мереке?
-Балалар біз бүгін қағаздан нені құрастырдық?
-Көбелек немен қоректенеді?
Балаларды мадақтау.
ақырыбы: «Біздің балабақшаның ауласы»
Мақсаты: .
Қажетті құрал-жабдықтар: түрлі түсті қағаздар мен қайшы желім. Табиғи
материалдар, желім, бояу үлгі суреттер
Сөздік жұмысы:.Көрнекілік, сөздік.
Билингвальдық компонент: дала-степ, балабақша- детскии садь.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері:
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеттері.
Мотивациялық – қозғаушылық
.
Күтілетін нәтижелер:
Біледі: құрылыс материалдарынан балабақша ауласындағы құрылыстарды
құрастыруды;
Игереді: құрылыс материалдарын тиімді пайдалану әдіс –тәсілдерін;
Меңгереді; әртүрлі құрылыстарды құрастыра білуді.