«Мәңгілік Ел-біздің ізгі мұратымыз»
«Мәңгілік Ел-біздің ізгі мұратымыз»
Қазақстан - тәуелсіздік алғаннан бері өзінің даму жолында кең көлемді дұрыс
бағытта жұмысын бастап келеді. Тәуелсіздіктің 25 жылында атқарылған істер ұшан теңіз.
Біздің ел – әлем танитын мемлекет болды. Ел ішінде тұрақтылық, келісімділік орнады.
Осы өткен 25 жылдың ең басты жетістігі - елдің берекелі бірлігі, қоғамдағы саяси және
әлеуметтік тұрақтылық деп үнемі айтылып келеді. Бұл - көптің көзі жетіп отырған
шындық. Өйткені қазіргі таңда Қазақстан ынтымағы жарасқан ел ретінде әлемге танымал
болып отыр. Атап айтар болсақ оқу -ағарту саласында , мәдениет бөлімінде тағы басқа
көптеген салаларда ауқымды игі істер атқарылуда. Осындай көп саланың бірі де бірегейі -
білім саласы. Оқу –ағарту саласына еліміз ерекше көңіл бөліп, әлемнің үздік
тәжірибелерін игеруге педагог қауымына зор мүмкіншілік туғызды. Оның бір дәлелі -
бүгінгі таңда еліміздің түкпір-түкпірінен Кембридж білім беру тәсілімен мұғалімдерді
қамтамасыз етіп отырғанын көріп отырмыз. Бағдарламаның нәтижесінде педагог қауым -
еліміздің келешек ұрпақтарын сыни пікір –көзқарастары жүйелі дамыған ұрпақ
тәрбиелеуде тиімді тәсіл екенін дәлелдеп , құзырлы орыннан қолдау тауып келеді. Бұл
тәсіл жас тәуелсіз ұрпақ тәрбиелеуде өз жемісін беріп отыр. Өркениетті елдер қатарына
қосылу үшін де жаңа көзқарас , жаңа тәсіл арқылы білімді , зиялы азаматтар туғызу
өмірдің қажеттілігі деп білемін . «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыратын және оны одан
әрі дамытатын бүгінгі жастар екені белгілі. Жастар осы ұлттық идеяны жүзеге асыру үшін
өз Отанын сүйетін ұлтжанды, патриот болулары керек. Ал осы идеяны жүзеге асыру үшін
креативті, шығармашылық сипатта ойлайтын «мәдениетті тұлғаны» қалыптастыру қажет.
Қазақстан елінде бүгінде барлығына білім алу қол жетімді. Мәңгілік ел болу үшін
де алдымен сол елдің білімі , мәдениеті алдыңғы қатарда тұрады. Мәңгілік ел - біздің ізгі
мұратымыз. Себебі , бұл біздің елдің алдына қойған ұлы мақсаттардың бірі. Қазақстан елі
100 нақты қадам жоспарын құра отырып , тиімді де пайдалы жетістіктерге қол жеткізу
үшін халқына адал қызмет атқарып келеді.
Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ жолында Елбасының айналасына бірігу «Мәңгілі
ел» мұратымызға жетудің берік негізі болып табылады деймін.
Омар Ботагоз
Рудный қаласы әкімдігінің "№12 орта мектебі"КММ
Литература - еще материалы к урокам:
- Презентация "Почему особым достижением Грибоедова - драматурга А.С. Пушкин считал язык комедии?"
- Презентация "Почему Софья, героиня комедии А.С. Грибоедова «Горе от ума», по выражению автора, – «девушка, сама не глупая, предпочитает дурака умному"
- Презентация "В чём своеобразие конфликта Чацкого с фамусовским обществом?"
- Презентация "Что позволило М.Е. Салтыкову-Щедрину назвать Молчалина одной из самых страшных фигур русского общества?"
- Готовимся к сочинению по комедии А.С. Грибоедова «Горе от ума» (ЕГЭ по литературе)
- Презентация "Сочинение по картине Ф.А. Васильева «Мокрый луг»"