Конспект ОУД "Жабайы аңдар айтысы"
Ортаңғытоптың ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в средней группе
Өткізу күні / Дата проведения: 27.09.2018.
Тәрбиеші / Воспитатель : Бижанова П.Г.
Білім беру саласы / Образовательная область: Коммуникация
Пән / Предмет: Көркем әдебиет
Өтпелі тақырып /Сквозная тема: «Жабайы табиғат әлемі»
Тақырыбы / Тема: «Жабайы аңдар айтысы»
Мақсаттары / Цели :
1. Тәрбиелік – воспитательная : Балаларды жан-жануарларды қорғауға, табиғатты аялай
білуге, адамгершілік ізгі қасиеттерге тәрбиелеу;Балалардың білімге деген
қызығушылығын арттыру, жанауарларға, қоршаған ортаға деген аяушылық, қорғаушылық
сезімдеріне тәрбиелеу.
2.Дамытушылық – развивающая : Тәрбиешінің қойған сұрақтарына жауап беруге
үйрету. Сөздік қорларын дамыту. Балалардың ойлау қабілеттерін арттырып, тілдерін
дамыту. Қызықты ойындар арқылы балалардың эмоциялық сезімдерін дамыту.
3. Оқыту – обучающая : Балаларға жабайы жануарлар туралы түсінік беру. Жабайы
жануарлар-ды бір-бірінен ажырата білуге және олардың аттарын дұрыс айтуға үйрету.
Жабайы жануарлардың қайда мекендейтіні туралы білімдерін қалыптастыру.
Педагогикалық технологиялар / пед. технологии: денсаулық сақтау технологиясы,
ойын әдісі, сұрақ – жауап, әңгімелеу.
Ресурстармен қамтамасыз ету / Ресурсные обеспечение : Жабайы аңдардың суреттері:
қасқыр, аю, түлкі, қоян, лупа.
Билингвалдық компонент : аю-медведь-bear, түлкі- лиса- fox,қоян-заяц- rabbit, қасқыр-
волк- wolf
Сөздік жұмыс: «шөпқорікті», «жыртқыш», «батыл»
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:
Ғажайып сәт: Балалар біз бүгін «Жабайы аңдар әлеміне» саяхатқа барамыз. Сендер
дайынсыңдар ма?
Тәрбиеші:-Балалар, саяхатқа бару үшін бізге не қажет? (көлік)
Қандай көлікпен баруға болады? (автобус, пойыз, велосипед, ұшақ, қайық, кеме т.б)
Ал біз бүгін саяхатқа поездпен барамыз. Біріміздің артымыздан тізіліп тұрамыз.
2.Негізгі бөлім/оснавная часть:
1- тапсырма өлең оқу:
Табиғатты қолдай біл,
Аңқұсын да қорғай біл.
Тәрбиеші: Балалар жабайы аңдар еліне келіп жеттік. Бұл «Лэпбук». Лэпбук арқылы өтеді.Бұл лэпбукта
сендерге арналған тапсырмалар бар. Осы лэпбуктағы тапсырмаларды орындай отырып, біз сендермен
«Жабайы аңдардың тіршілігімен, қайда мекендейтіні туралы танысамыз. Лэпбукта көптеген
қалташалар бейнеленген, әр қалташада тапсырмалар бар.
Миға шолу.Текшенің төрт жағында аңдардың суреттері бейнеленген әр аңға арналған
сипаттаманы тәрбиеші айтады. Сол арқылы аңдарды балалар атайды.
Ең айлакераң…
Балалар: түлкі.
Ең корқақ…
Балалар: қоян.
Балды ең жақсы көретін…
Балалар: аю
Ең батыл аң..
Балалар: қасқыр.
Біліуімізкерек оны біз,
Біз де табиғаттың ұлымыз.
Табиғат бөлек демеңіз,
Сол үшін жауап береміз.
Жеке жұмыс: Балалар, бұл өлеңде не туралы айтылған екен?
Бағлан : табиғат туралы.
Жеке жұмыс: балалар табиғат дегеніміз не екен?
Алиомар: табиғат дегеніміз орман, өсімдіктер, аңдар, тау, тас т.б.
Тәрбиеші: ия, табиғатсыз ешқандай тіршілік жоқ. Табиғат – барлық тіршілік иелерінің
ортақ үйі, табиғаттың бізге берер сыйы да көп. Табиғаттағы тіршілік иелерінің бірі –
Жабайы жануарлар. Жабайы жануарлар «жыртқыш» және «шөпқорікті», «батыл» болады.
2. Тапсырма «Орман ережелері»?
Үстіде тұрған ережелерді айтып шығады.
Мақсаты: Балалар орманда өзін-өзі ұстау ережелерін білу керек
Орманға барғанда қандай қауіпсіздік ережесін сақтау керектігін айтады.
3. Тапсырма: «Бұл қандай аң?»
М-ы: Сурет бойынша сипаттаған суретті айтып беру
(Бала үстел үстіндегі суретті алып сипаттап береді, қалған балалар жауабын айтып береді)
Бұл қандай аң?
Тік кұлак, қара ауыз қабаған итке ұқсас екен.
Құлағы қандай пішінге ұқсас деп ойлайсыңдар? Құлағы – үшбұрыш тәрізді екен .
Бұл аң күшті, батыр, ержүрек, ақылы да айласы да бар өтеқауіпті жыртқышаң. Ал аяқтары
ұзын болады. Олар далада қоректенеді: жан-жануарлармен, құстармен. Үй жануарлары
кездесе қалса, ұстап жепқояды.
Билингвалдық компонент :(қасқыр - волк)
Ал мынау қандай аң екен?
Қоңыр түсті.Қасқырға қарағанда-үлкен. Икемсіз жыртқыш аң.Онын қорегі: судан балық
аулап, жидек теріп және құстарды аулап жейді. Терісі, еті бағалы емдік қасиеттері бар деп
есептеледі. Ол қыс бойы ұйқыда жатады.
Билингвалдық компонент (Аю - медведь)
Мына аң –қандай әдемі! Бұл қандай аң?
Түсі – сарғылт түсті. Онын денесі қасқырға ұқсас болып келеді, Қасқырға қарағанда
тұмсығы – ұзын және сүйріктеу. Онын терісі бағалы жыртқыш аң. Қазақтың атақты бас
киімі «Тымақ» осы аңның терісінен тігіледі.Онын корегі: түрлі құстарды, құстың
жұмыртқасын,балық аулап жейді.
Ал мынау қандай аң екен?
Терісі-жазда-сұр,қыста-ақ
Көзі-қылыи,құлағы ұзын.
Өзі-қорқақ. Орманда,далада мекендейді.Ол шөпқоректі-шөппен,ағаштарлын қабығымен
,тамырлармен қоректенеді
Балалар өздері жабай жануарлар- ды алып сипаттайды.
Сергіту сәті:
Ойын. «Әуеніне сәйкес қимылын тап»
Ойын шарты: аю, түлкі, қасқыр, бетперделерін киген балалар әрқайсысы өздерінің
әуендеріне сәйкес қимылын салады, балалар қандай аң екенін табады.
Балалар әуенмен аңдардың қимылдарын жасайды
Дыбыстық жаттағулар орындайық:
-Ыр, ыр, ыр ырылдайды қасқыр,
-Кі, кі, кі бұлаңдайды түлкі,
-Ян, ян, ян жүгіріп жүр қоян,
-Ю, ю, ю қорбаңдайды аю.
4. Дид.ойын: «Тез ойлан»
Балалар екі топқа бөлініп ойынды ойнайды.
1)Анасын тап,баласын ата
Мақсаты: Жабайы аңдардың баласын танып,дұрыс айтай білу.
2)Жабайы аңдардың іздері
Мақсаты: Жабайы аңдардың іздерін танып білу
Шарты: Табиғат бұрышындағы іздерді көріп, оларды ажыратады.Іздерді үлкейтіп «лупа»
арқылы көреді. Аю – қонжық,Қасқыр - бөлтірік,Түлкі - мыршай,Қоян – көжек
5 тапсырма «Орманда нелер мекендейді?»
Суретте үй жануарлары мен жабайы жануарлар берілген, сол сурет ішінен орманда
мекендейтін жануарларды белгілеу.
3.Қорытынды/итоговая часть:
Сиқырлы сақиналар арқылы жабайы жануарлардың ұқсастықтарын айту.
Шарты: екі жабайы аңдардың ұқсастығын айтады.
Ойын шарты: Қоян мен түлкі қандай аң?
Олардың адамға пайдасы?
Олар немен қоректенеді?
Балаларды мадақтау
Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
№3 бөбекжай-бақшасы» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад №
3акимата города Костаная отдела образования акимата города Костаная»
Білім беру саласы : «Коммуникация», көркем әдебиет пәні
бойынша текше арқылы қыркүйек айына өткізілген сабақ
конспектісі
Ортаңғы «Жидек» тобы
Тәрбиеші:Бижанова П.Г.
қ. Костанай 2018 – 2019 оқу жылы