Технологическая карта урока "Құстар айтысы" 3 класс

Әдебиеттік оқу
3- сынып
Күні:
Тексердім:
Сабақтың тақырыбы
Құстар айтысы (Үнді ертегісі)
Сілтеме
Жоспар. Әдебиеттік оқу. «Атамұра» 2014 ж. Оқыту әдістемесі. Интернет
желісі
Жалпы мақсаты
Оқушылар достық, ынтымақ, бірлік жайында айта отырып, ертегіні түсініп
оқу дағдысы қалыптасады, түсінгендерін қысқа әрі нақты әңгімелей білуге
үйренеді; сөздік қорлары дамып, оқу дағдылары жетіледі.
Күтілетін нәтиже
Ертегі мазмұнын түсінеді, ертегіні бөліктерге бөліп, әр бөлімнің жігін
ажыратады, оқу дағдысы қалыптасады.
Негізгі идеялар
Бірлік болмай, тірлік болмас
Тапсырмалар
“Үй-адам-жер сілкіну” ойыны.Ой қозғау.Топтастыру
Сыни ойлау. Әңгіме кестесі
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:
І. Ұйымдастыру кезеңі
«Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды,
сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен
махаббатқа толтырады.
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. «Ой қозғау» әдісі
Ойын: «Кім жылдам?»
Жыртқыш құс (қыран)
Қандай құс жемін түнде аулайды (жапалақ)
Қонақ шақыратын құс(сауысқан)
Құстардың үйі (Ұя)
Орман дәрігері(тоқылдақ)
Қыстап қалатын құс (қарға)
-Жарайсыңдар, балалар.
2.Тақтаға - қарға,торғай,кептер суреттері ілінеді.
Оқушылар осы құстарға сипаттама береді.
Құстар суреті
-Өзіміз болжап көрейікші,бүгінгі сабағымыз не туралы болады деп ойлайсыңдар?
-Құстар туралы.
-Неліктен?Тағы не болуы мүмкін?/Құстар туралы ертегі болуы мүмкін/.
ІV.Мағынаны тану.
-Жаңа сабағымыз «Құстар айтысы» деп аталады.
Үнді ертегісі.
2.Оқулықпен жұмыс.
а/Мұғалімнің оқуы. «Құсбегі» сөзін түсіндіру.
ә/Ертегіні 3 топқа бөліп іштей оқыту.
б/Әр топқа дауыстап тізбектей оқыту.
в/Ертегі мазмұнын баяндау. 3 топтан 3 оқушы шығады.
г/Сұрақпен жұмыс. Ертегі талдау.
-Құстар тордан қалай құтылмақ болды? Құсбегі тордағы құстардың айтысатынын қайдан білді? Тор
неліктен жерге салбырап түсе бастады? Құс аулаушы торды не істеді?
IV.Жаңа түсініктер мен іс әрекеттерін қалыптастыру.
3. Сын тұрғысынан ойлау.«Т» кестесімен жұмыс.
Өздеріне ертегіден әсер еткен тұсты оң жағына, сол жағына өз пікірлерін жаздыру.
1-топ:Ертегіден маған не әсер етті? Ертегі жайлы пікірім
2-топ:Ертегіден маған не әсер етті? Ертегі жайлы пікірім
3-топ: Ертегіден маған не әсер етті? Ертегі жайлы пікірім
."Жақсы-жаман" дидактикалық ойынын ойнату.
Мақсаты: жақсы қасиет болса қолдарын шапалақтау,жаман қасиет болса тыныш отырады.
-Гүлдерге су құю.
-Ағаштарды сындыру.
-Құстарға жем шашу.
-Құстардың ұясын бұзу.
-Ағаштардың түбін қопсыту.
-Гүлдерді жұлу.
-Құстарға ұя жасап беру.
-Құстарды рогаткамен ату.
Осы ертегіні оқу барысында қандай көркем сөздер қолданылған?Ынтымақ,алауыздық,енжарлық
осы сөздердің мәндес сөздерін үш топқа тапқызу.
1-топ: «Ынтымақ»сөзін қалай түсінесің?
2-топ: «Алауыздық»сөзін қалай түсінесің?
3-топ: «Енжарлық»деген сөзді қалай түсінесің?
-Осы сөздер ертегінің қай жерлерінде қолданылған?
-Балалар,осы ертегі неліктен «Құстар айтысы»деп аталған?
Бұл ертегіні басқаша тағы қалай атауға болады?
Неліктен?
А) Таласқан құстар.
Ә)Құстар мен құсбегі.
Б)Тордағы құстар.
-Әрі қарай болжам жасап көрейікші, құсбегі тордағы құстарды не істеуі мүмкін деп ойлайсыңдар?
-Бүркітке жемтік ретінде беруі мүмкін...
-Базарға сатып,ақша алуы мүмкін....
-Асырауы мүмкін......
-Балалар, осы ертегі ертегінің қай түріне жатады? (жан-жануарлар)
Құстар
Торға түсті
Әр түрлі болды
Ақылдасты
Қанаттарын бірге қақты
Тормен бірге ұшты
Айтысты
Жанжалдасты
Осы ертегінің негізгі ойын қандай мақалмен қорытындылауға болады?
«Алтау ала болса,ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді».
«Бірлік болмай, тірлік болмас».
Ынтымақты ел озар.
1. Сергіту сәті.
Жеке жұмыс
V. Рефлексия. Кері байланыс
Бүгінгі сабақта менің жақсы меңгергенім.....
Меніңше мен ........ орындай алмадым, өйткені.....
Топтық бағалау, Екі жұлдыз, бір тілек, мадақтау.