Конспект урока "Құстар біздің досымыз"

Ақмола облысы
Бұланды ауданы
«Балдырған» мектеп-балабақшасы
Тақырыбы:
«Құстар біздің
досымыз.»
Тәрбиеші: Тастубаева А.С.
«Толағай» тобы
2014 ж.
Тақырыбы : «Құстар біздің досымыз»
Мақсаты: Қөктемнің ерекшелігін байқату,құстардың тіршілігі
туралы баяндау, құстар туралы түсінік беру Балалардың сөздік
қорын,сөйлеу мәдениетінің белсенділігін дамыту. Құстарды
қорғау,оларға тиіспеуге,ұя жасап қарсы алуға, аң-құстарға
қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Көрнекілік: Құстардың суреттер, ұя.
Әдіс-тәсілдер: Жумбақ,тақпақтар,сұрақ-жауап, мақал-мәтелдер
Сабақтың барысы:
-Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар! Сіздерді көнілдеріңізге жылы
шуақ,ұялатар көктем мерекесімен құттықтаймыз!
Құстар,құстар келеді
Жерді шұға бөледі
Көктем келді деп бізге
Жақсы хабар береді
Сіздерді көктем мерекесіне орай ұйымдастырылған «Құстар біздің
досымыз» атты тәрбие сағатына кош келдіңіздер.
Бейне көктем жырлары
Сағынышпен жеткен
Құстардың әуенімен
Қуанта бер көктем
Елімізде 500-ге жуық құстың түрі бар. Олар табиғатты
зиянкестерден қорғайды. Сондықтан олар табиғат емшілері. Құстар
табиғатқа сән береді.Олардың әуені табиғатты құлпыртып
адамдардың көніл-күйін көтереді.Құстардың түрлері өте көп. Оның
ішінде жыл құстары туралы әңгімелесек. Жыл құстары дегеніміз-
салқын түсе жылы жаққа ұшып кетіп,көктемде қайта ұшып келетін
құстар.Ол құстарға
көкек,қарлығаш,аққу,қараторғай,бұлбұл,тоқылдақ,үйрек т.б.
Қарлығаш-адамға дос.Ол өзінің ұясын үйдің,ауланың айналасына
салады.Оның өз әні бар.Қарлығаш адамға саулық,жақсылық тілеп
жүретін және қауіп қатерден қорғап жүреді. Үй салуды адамдар
қарлығаштан үйренген.
Қараторғай-өзі кішкентай,өте пайдалы құс.Орман
қорғаушысы.Ауылға қараторғай келсімен,күннің көзі ашылып,күн
жылынады.
Аққу-30-40 жыл өмір сүреді. Ол көрсе көз тоймайтын сұлу құс.
Ол киелі құс.
Тоқылдақты халық орман емшісі деп атайды. Ол ағаштызиянды
құрт-құмырсқадан тазартады.
Жұмбақ шешу:
Түсі қара мақпалдай
Төсі ақ сыр жаққандай.
Ұшса оқтай зулайды
Көктем жұлдыз аққандай
(Қарлығаш)
Биікке салған ағаш үй
Сол ғой оның мекені
Жаздай сайран салып ап
Қыста алысқа кетеді
(Қараторғай)
Қашаудай мықты тұмсығым
Бәсеке тігем бұл шыным
Құрт,қоныз,аулап жарысам
Орман дәрігері боп табылам
(Тоқылдақ)
Сұрақтар:
Қандай жыл мезгілі?
Көктем айларын ата?
Адамдар көктемде қалай киінеді?
Білетін құстарды ата?
Орман дәрігері?
Қандай құс адамға дос?
-Кім құстарға арналған тақпақ оқиды?
Ерназар: Құртты іздеп ініне
Қарағайды үнгіген
Тоқылдақ құс дәрігер
Қашан да ол әбігер
Ботагоз: Қарлығашпын мен
Адамның тұрағымын
Мекен етіп тұрамын
«Мақал-мәтелдер»
Бұлбұл үнді,жылап тілді.
Құс қанатымен ұшады,
Құйрығымен қонады.
Ит тамағы үшін жүгіреді.
Құс тамағы үшін ұшады
Халқымыз құстардың келеуіне,кетуіне қарап болжамдар жасаған:
Қарлығаш жоғары ұшса, күн жылы болады, ал төмен ұшса
жаңбыр жауады.
Жыл құсы қаптап келсе, көктем ерте келеді
Шағала келсе,сең бұзылады.
Шамшық ұя салса, қыс қатты болады.
Қорытынды.
-Қымбатты балалар құстар–біздің досымыз,оларға қамқор
болайық,ұя жасау қарсы алайық.
Осымен тәрбие сағатымыз аяқталады,назарларынызға
рахмет!!!
Тоқылдақ Қарлығаш
Қараторғай Бұлбұл
Көкек