Конспект занятия "Ана - өмірдің шуағы" 4 класс
Ана - өмірдің шуағы
Сыныбы:4 11
Тақырыбы: «Ана - өмірдің шуағы»
Мақсаты: Оқушыларға ата - ана алдындағы парыз бен қарыздары туралы
түсінік беру. Мейірімділікке, сый - құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы
қасиеттерді қалыптастыру.
Көрнекілік: Сынып бөлмесі мерекеге лайық безендіру, даналық сөздер
жазылған плакаттар.
Түрі: тәрбие сағаты
Барысы:
Жүргізуші: Саламатсыздар ма, құрметті ұстаздар, қыздар сіздерді келе
жатқан 8 - наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын, сіздерге зор
денсаулық, мол бақыт зор денсаулық тілеймін.
Ана, Ана, Ана!... не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді осынау үш
әріптен құралған қасиетті сөздің түп төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр
десеңізші. Сезім мен қасиетті, бар махаббатпен шапағатты тудырып тұрған
ұлы ана сезімін қадірлемейтін жан бар ма екен бұл өмірде? Жақсылық
атаулының барлығы да ананың сүтінен таралған. Сондықтан да құрметті
асыл аналар, қадірлі апайлар, қызғалдақ қыздар бүгінгі «Ана - өмірдің
шуағы» атты тәрбие сағатымызды сіздердің құрметтеріңізге арнаймыз.
Сынып іші: Данияр терең ойда, сынып ішінде ерсілі - қарсылы жүр. Сол
кезде Айдос кіріп келіп:
Айдос: - Данияр, неге көңілсіз жүрсің?
Данияр: - Е - е, Айдос, мен келе жатқан 8 наурыз мерекесін қалай өткізсек
екен деген ойдамын.
Айдос: - Онда тұрған не бар? Тақпақ айтып, өлең айтып, би билеп,
құттықтаймыз аналар мен қыздарды! Мен, міне би билеп берейін, сен тақпақ
айт……
Данияр:- Жо - о, жоқ! Жарамайды. Жыл сайын би билеп, тақпақ айта береміз
бе? Биыл басқаша, өзгеше құттықтау керек!
Айдос:- Сен қызықсың, тақпақ айтпай болмайды. Ана туралы ең әсем, ең
жылы сөздер ақындардың өлеңдерінде. Балалар да дайындалып жүрген,
оларды шақырып кімде қандай тақпақ бар екенін білейік.
Данияр: - Иә, бәріміз аналарымызды құттықтағымыз келеді.
Айдос: - Тоқтаңдар, тоқтаңдар! Қазір, нақты «Ана» туралы ән айтайық.
«Анашым» әні орындалады.
Индира: Бүгін – наурыздың сегізі Анасыз жоқ бір үнің,
Сұлулықтың негізі! Әжесіз жоқ бір күнің,
Әдемі сөз - Ұсынамыз бүгін
Адамның Сөздің сұлу шоқ гүлін.
Анаға айтар лебізі.
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап
Ана деген бәйтерегі өмірдің
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ
Ана деген – асыл жаңдар бұлақтай
О адамдар қадірлей біл ананы
Жат қылыққа ақыл - ойды тонатпай
Ана десем сезім білер тым ыстық
Жарасымды адамдарға туыстық
Бар адамға берсе ананың мейірін
Орнар еді бар әлемге тыныштық
Айдос: Бүгін – наурыздың сегізі
Сұлулықтың негізі
Әдемі сөз – Адамның
Анаға айтар лебізі
Жүргізуші: Мама – бұл сөз әр бір халықтың тілінде бар. Барлық тілде
мейрімді, жылы естіледі. Ана дегеніміз әлемнің жан дүниесі. Ол тіршілік
үлкен тағдыр. Ана сөзі біздің елең еткізбей жылылық пен шуақты сездірмей
қоймайды.
Үміт: Ойлы қызы халқымның
Отаным деп туады
Бас жібермей әр күні
Ана жолын қуады.
Қанаттанса балапан,
Қалайынша ұшпайды
Әр бір қыз, әр бала.
Мамасына ұқсайды.
Елшат: Ана десем, алғыс алам халқымнан,
Ана десем, теңіз болам шалқыған
Ана десем, ашылады қабағым
Ана десем, әділдікті ұғамын
Айналайын Анашым
Әлпештеген мамашым
Еліп өскен бөлеміз
Маматайдың мамасын
Гүлзат: Өзіңсің сүйікті ана, құдіретім
Жанымды жадыратып күлдіретін
Сендегі маған деген махаббатты
Нұр толы қос жанарың білдіретін
Бар ана туған елдің гүлі дер ем
Анажан қайғың болса күңіренем
Таусылмас тау суындай ақылың бар
Сен барда менің әр бір күнім өлең
Жүргізуші: Әр бір ана өз баласының сүйікті досы, мақтанышы. Бізге әсіресе
ананың еңбегі мен ерлігі мақтаныш. Ана махаббаты адамға қанат бітіреді,
күш береді, ерлікке рухтандырады.
«Асыл әжем» әні орындалады.
Данияр: Бас қосты бүгін жиынға
Аналардың қауымы
Таусылмасын әрдайым
Отбасының сауығы
Ана өмірдің қуанышы, тірегі
Бала – оның жұбанышы, жүрегі
Ана алдында ел жауы да бас иген
Олар дәйім тыныштықты тіледі.
Айгерім: Анаға арнап ақ тілектер айтар күн,
Әкеге арнап, марапатты бастар күн.
Бүгінгі күн мәңгі есте сақтар күн.
Бүгінгі күн есінде мәңгі жастардың.
Жаңагүл: Дүниенің ең қымбаты ана екен,
Ананың ең тәттісі бала екен.
Түн ұйқысын төрт бөліп тәрбиелеген,
Ананың орыны бөлек дара екен
Балаға ана еңбегі парыз деймін,
Еңбегін өтеу бізге қарыз деймін.
Меккеге апарса да өтелмеген,
Ұрпаққа бұл өсиет аңыз деймін,
Ана мерекесі құтты болсын.
1. «Ассосация» әдісі
АНА → Асыл жан, мейірімді, қамқоршы, инабатты, сыпайы, ардақты
2. Сұрақ - жауап
1. Ата – ананың ақысы немен өлшенеді?
2. «Ата - анаңа не қылсаң алдыңа сол келер» дегенді қалай түсінесің?
Жүргізуші: Ана адамзат мекен еткен жер шарының әр түп жерінде, әр үйде
мейірім мен мерейдің достық пен туысқандықтың туын тіккен адам. Адамзат
ең алдымен ана алдында қарыздар. Алақаныңа қуырдақ қуырып берсең де,
ана борышын өтей алмайсың. Ана парызы алтынға бөлеуді, ақ орда салуды
қаламайды, ана баласының ер жігіт, адам болуын қалайды. Анаға осыдан
артық тарту таралғанның жоқ.
Кері қайту
Материал рейтингісі:
Начальная школа - еще материалы к урокам:
- Конспект занятия "Абай. Желсіз түнде жарық ай" 3 класс
- Конспект занятия "Балалық шағы мен жастық шағы" 3 класс
- Конспект занятия "Бiз қазақстанның болашағымыз!" 4 класс
- Конспект занятия "Анамның аялы алақаны" 4 класс
- Конспект урока "Письменное сложение и вычитание двузначных чисел" 3 класс
- Презентация "Чего стоит ум? (Африканская сказка «Похождения дикого кота Симбы».)" 2 класс УМК «Школа 2100»