Конспект занятия "Табиғи материалдармен жұмыс. Құстар"
Э.Жакипова .№40 орта мектеп
мектепалды даярлық тәрбиешісі.
Шу қаласы
Білім беру саласы : Шығармашылық.
Оқу іс-әрекеті: Мүсіндеу.
Тақырыбы: Табиғи материалдармен жұмыс. Құстар.
Мақсаты: Балаларды табиғи материалдармен таныстыру,олармен жұмыс жасаудың алғашқы
дағдыларын қалыптастыру. Ермексазды пайдалану,оны табиғи материалдармен
.толықтыру,құстардың бейнесін жасату.Жұмыс орнын таза ұстау,ұқыптылыққа тәрбиелеу.Еңбек
дағдыларын қалыптастыру.
Керекті құралдыр: Табиғи материалдар: үйеңкі жапырақтары,бұтақтар,шырша
бүрлері,жаңғақтар,т.б. Ермексаз (сазбалшық), тақтайша,құстар бейнесінің үлгісі (торғай,қораз) т.б.
Әдіс тәсілдер: Ермексазбен табиғи материалдарды біріктіру жолдарын
көрсету,түсіндіру.Әңгімелесу,табиғи материалдардан жасалған үлгіге талдау жасап,құстардың
денесінің жолдарын көрсету.Сұрақ-жауап.
Шаттық шеңбері:
Қуан шаттан,алақай,
Қуанатын келді күн,
Қайырлы таң,қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін!
Тәрбиеші:
- Қазір жылдың қай мезгілі?
Балалардың жауабы.
- Бір жылда неше жыл мезгілі бар?
Балалардың жауабы.
-Күз екенің қалай білуге болады?
Балалардың жауабы.
-Күздің қандай белгілерін байқадыңдар?
Балалардың жауабы.
-Қандай айлар күз мезгіліне жатады?
Балалардың жауабы.
Тәрбиеші:
- Балалар,мен сендерге жұмбақ жасырайын,шешуін табыңдар.
Балалармен достасып,
Жазда бақты қорғайды.
Күзде кетер қоштасып,
Кім біледі.... (торғайды)
Бұрап қойған сағаттай,
Айқайлайды таң атпай.
(Әтеш)
Сергіту сәті:
Таң атты,күн шықты
Аспанды бұлт жапты
Жаңбыр жауды
Найзағай сарт-сұрт етті,
Біз бұға қалдық.
Тәрбиеші:
Балалар біз бүгін алдымыздағы табиғи материалдардан құс жасап үйренеміз.Үлгіні таңдай
отырып үй құстарынан әтештің,түз құстарынан торғайдың жасалу жолдарын түсіндеремін.
- ермексазды үлкен және кіші екі бөлікке бөліп ал;
- денесін,басын ермексаздан алақан арасына салып домалақтап,оны сопақша пішінге
келтіру,басын домалақтау;
- бір-біріне екі бөлікті біріктіру;
- тұмсығын шымшып созып шығару;
-қанаттарының орнын стекамен сызып белгілеп алу;
- қанаттарына жұқа жапырақтар сызық бойымен денесіне батырып кіргізу арқылы
орналастырамыз.
- құйырығын сүйірленген ұшына жапырақтарды шаншу арқылы жасаймыз (4-5 жапырақ);
- аяқтарына бұтақтарды пайдаланып,оны ермексазбен біріктіреміз;
- ермексаздан тұғыр жасап орналастырамыз;
- әтештің айырмашылығы: айдары шымшып созу арқылы жасалады немесе жапырақтан,
жапсыруға да болады:
- екі құстың бірін таңдау,балалардың еркінде.
Іс-әрекеттің бағалау кезені.
- Балалар бұл құстарға қандай қамқорлық жасауға болады?
- Жем шашамыз,су береміз.
- Қандай тиім сөздер білесіңдер?
- «Құстың ұясын бұзба».
Қорытынды:
Балалардың жұмысын мадақтау.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі? Табиғи материалдардан құстардың бейнесін жасай алады.
Жасай алуы. Өз бетімен іс-әрекет жасай алу.