Сценарий "Табиғатты аяла, бағала!"
«Таңшолпан» бөбек жай-бала бақшасы
Табиғатты аяла, бағала!
Мұқыры ауылы
2017 жыл
Табиғатты аяла, бағала!
Мақсаты: Балаларды өз туған өлкесінің табиғатын сүюге, аялай білуге
тәрбиелеу, эстетикалық білімін жетілдіру.
Міндеті: Болашағымызды жалғастырушы ұрпақтардың бойында
табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін молайту, қамқорлық жасауға баулу.
Қоршаған ортаға деген тұрақты қызығушылығын арттыру, эстетикалық
дағдыларын қалыптастыру. Өз бетімен еңбектене білуге үйрету.
Жүргізуші: Армысыздар, қонақтар, байқауға қатысушылар және
әділқазы алқалары! Балабақшамызды көркейту, көгалдандыру мақсатында
өткізіліп отырған «Табиғатты аяла, бағала!» атты байқауымызға қош
келдіңіздер!
Байқауға әділ баға беретін әділқазы алқаларымен таныстырып өтейік.
Аудандық білім бөлімінің әдіскері: Кәрімбаева Гүлнар Сұлтанқызы
Балабақшамыздың ата-ана комитетінің төраймы: Ақылбекова Жанар
Қойшыбайқызы
Сүйейік, табиғатты аялайық!
Біз де онан жақсылықты аямайық!
Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,
Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз.
Байқау кезеңдері: 1. Таныстыру
2. Топтың өз өнері
3. Сән үлгісі
Жүргізуші: Табиғат дегеніміз - бізді қоршаған орта, оған (аспан, су,
ағаш, гүлдер, өсімдіктер, күн) жатады. Табиғат өздігінен, адамның
қатысуынсыз жаралған табиғи заңдылық. Табиғат – біздің ортақ үйіміз. Біз
оған ұқыптылықпен қарауымыз керек. Бау - бақшада және өсіп тұрған
ағаштар мен гүлдерге қомқорлық жасау керек.
Табиғатты қорғау үшін күресейік,
Бір-бір ағаш және гүл егейік.
Текке отырмай жасымыз бен кәріміз,
Таза ауа үшін терімізді төгейік.
1-кезең: «Таныстыру».
Жүргізуші:
Көңіл шіркін кірлесе егер қарайып.
Орман кезіп бойымызды жазайық,
Сұлулықпен жаулап алған жанарды.
Беу табиғат тылсымың бар ғажайып.
2-кезең: «Топтың өз өнері».
Табиғаттың бауырысың досысың,
Аянбауда керек шығар дос үшін.
Екуіңнің араңдағы байланыс.
Өмірбақи үзілмесін қосылсын.
3-кезең: «Сән үлгісі».
Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы ай менен таласатын.
Өнеріне,өзіне сай келіп тұрған,
Сол жандарға қызығып қарасасың.
Осыменен 3 кезеңіміз де аяқталды. Әділқазы алқаларының шешімі дайын
болғанша әннен шашу шашайық.
Бүгінгі байқауымызға әділ баға беретін әділқазы алқалары яғни Гүлнар
Сұлтанқызына сөз кезегін береміз.
Қорытынды:
Тұратұғын бізге жұмбақ сандардан,
Құдіретіңе ғалымдарда таң қалған.
Табиғаттың шеберлігі шексіз ау,
Жер, су, ауа, бір – біріне жалғанған.
Еккен гүлің сумен ғана өседі,
Табиғатсыз өмір де жоқ деседі.
Осымен біздің «Табиғатты аяла, бағала» атты байқауымыз да өз мәресіне
жетті. Келесі кездескенше аман,сау болыңыздар.
Демеңіз, біз өнерді аяп қалды,
Уақыт та біраз жерге таяп қалды
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осымен байқаумыз аяқталды.