Конспект урока "Табиғатты аялау-ата салтымыз, Тәрбиеге мән берген-дана халкымыз" 5 класс

Сабақтың тақырыбы: Табиғатты аялау-ата салтымыз, Тәрбиеге мән берген-дана халкымыз.
Сабақтың ұраны: Адамдардың табиғатсыз күні жоқ
Мұны айтуға табиғаттың тілі жок.
Сабақтың мақсаты: І. Білімділік: оқушылармен табиғатты қорғау туралы әңгіме жүргізу,
Берілген мәтіннің мазмұнын түсінуге байланысты жұмыс жүргізу
жаңа сөздерді меңгеру, оларды дұрыс айтуға жаттықтыру. Табиғат
такырыбын оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлап талкылауға
үйрету. Осы мақсатқа жету үшін пайдаланылатын стратегиялар бізді
маңызды істерге бастайды.
1.Бір бірінің пікірін құрметтейтін ортаны қамтамасыз ету.
2.Оқушыларға анық та нақты мақсат қоюға мүмкіндік береді.
3.Табиғат такырыбын талқылауға белсенділіктен қатысуға үйретеді.
4. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ұмтылады.
5. Өздерінің айтқан, жазған жауаптарына толғанып ойлауын
қамтамасыз етеді.
6.Оқушыларды ойлау қабілетін дамыту аркылы өз ойын
тұжырымдауға және басқалардың көзқарасын сыйлауға үйрету.
ІІ. Дамытушылық мақсаты: логикалық ой-өрістерінің қеңеюіне жағдай
жасау, сабақта сөйлеу шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.
ІІІ. Тәрбиелік: оқушылардың табиғатқа деген аялы көзқарасын қалыптас-
тыру, оларды өз табиғатың, өзтуған жерін, Өз Отанын сүйе білетін
Азамат болуға тәрбиелеу,қоршаған орта мен туған табиғатты сүюге
Пәнаралық байланыс: тарих,әдебиет,табиғаттану,неміс тілі,орыс тілі.
Сабақта қолданыла-
тын әдіс-тәсілдер: Баяндау,әңгімелеу,сұрақ-жауап,ой шақыру,топтастыру,Вен диаграмма-
сы,еркін жауап,5жолдан тұратын қорытындылау тақпақ,мәтінмен жұ-
мыс,диалог,ой толғаныс,семантикалық карта,бейнефильм.
Сабақтың көрнекілігі: табиғат жайында жазылған нақыл сөздер, суреттер, тыйым сөздер,
тірек схемалар,мәтін басылған қағаздар, маркирлер, семантикалық
карта,Вен диаграммасы, бейнефильм, музыка.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлеметсіңдер ме балалар ! Отырыңдар !Бүгін кім кезекші ?Сынып-
та кім жоқ? Бүгін нешесі? Аптаның қай күні ?
Жұмбақ өлең Балалар,мен жұмбақ өлең оқимын ,соның шешуін табыңдар.
Қар еріп, су ағады,
Сарқырап сайға толады.
Күн ұзарып жылиды,
Бұл қай кезде болады?
Дұрыс, осы өзгерістер көктемде болады. Ал енді ,балалар,
жыл мезгілі немесе табиғат туралы қандай өлеңдер білесіңдер?
Өлең үш тілде Баяу естілген музыканың ырғағында үш тілде Гетенің өле-
қазақша, ңі оқылады.
немісше, Қараңғы түнде тау қалғып,
орысша. Ұйқыға кетер балбырап,
Музыка. Даланы жым – жырт, дел –салғып,
Түн басады салбырап .
Шаң шығармас жол – дағы ,
Сілкіне алмас жапырақ.
Тыншығарсың сен – дағы ,
Сабыр қылсаң азырақ.
(Абай Құнанбайұлы)
Uber allen Girfeen
Ist Ruh.
In allen Wipfeln
Spunes du.
Kaum einen Hauch
Die Voglein schweigen im Walde.
Worte nut balde
Ruhest du auch.
(Гете )
Горные вершины
Спят во тьме ночной.
Тихие долины
Полны свежей мглой.
Не пылит дорога,
Подожди немного,
Отдохнешь и ты .
. Ю.Лермонтов)
Бұл өлең не туралы ?Өлеңдерде табиғат, адам туралы айтыл-
ған,түнгі ұйқы, тыныштық туралы , сен де демаласың деп ақын
біреуге осы өлеңде айтады.
Сабақтың тақыры- Бүгінгі сабақтың тақырыбы да табиғат туралы :
«Табиғатты аялау - ата салтымыз .
Тәрбиеге мән берген дана халқымыз»
Сабақтың мақсаты: бүгін біз жаңа сөздермен танысамыз ,
мәтінмен жұмыс жасаймыз, жұмбақ шешеміз, Вен диаграмма
құрастырамыз ,тірек схема арқылы диалог құрастырамыз ,шағын
Дәптермен жұмыс: Қазір осы суретке назар аударайық, жазылған нақыл сөзді
оқып,аударып,бүгінгі сабақтың ұранының мағынасын түсінейік .
«Адамдардың табиғатсыз күні жоқ ,
Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ».
Дыбыстық жаттығу: Осы сөздерде кездесетін тән дыбыстарға сипаттама берің-
дер.
Ы дауысты, жуан , қысаң , езулік
Ң дауыссыз, үнді, мұрын жолды, тіл арты
Ғ дауыссыз, ұяң, ызың, тіл арты
Ү дауысты, жіңішке, қысаң, еріндік
І дауысты, жіңішке, қысаң, езулік
Қ дауыссыз, қатаң,шұғыл,тіл арты
Кіріспе әңгіме Балалар,жұмыс дәптерлеріңді ашып,бүгінгі күнді,тақы-
Бейнефильм рыпты,ұранды көшіріп жазыңдар.
Ата - бабаларымыздан қалған қастерлі де , мұралар-
Тірек схема дың бірі – табиғатты аялау, оған үнемі қамқорлық жасап отыру,
оны көркейту.(Осы бейнефильмды қарап, мұқият тыңдап отырың-
дар)
Бабалар табиғатты аялаған ,
Мал бағып , бауырын саялаған .
Табиғатты «Ана» деп ардақ тұтып ,
Қамқорлығын ешқашан аямаған ...
Біздің қазіргі кезде аузымыздан күнделікті тастамай айтып жүр-
ген экологиялық мәселерімізге қазақ халқы ертеден-ақ ерекше
мән берген.
Тыйым сөздерді Әрбір жеке табиғат байлықтарына арнайы экологиялық
жазғызу: тыйым сөздер де халық арасында кеңінен таралған.Мысалы: су-
дың тазалығын сақтауға арналған тыйым сөздер : «суға түкірме»,
«суды ылайлама», « су ішкен құдығыңа түкірме», «бұлақты был-
ғама».
Жасыл желекке,орман-тоғайға жайлы тыйым сөздер :
«көкті жұлма», «көкті таптама», «орманды өртеме “,»жалғыз ағаш-
ты кеспе», жан – жануарларды аялау, қорғау жайлы тыйым сөздер:
«аққуды атпа»,»ұяны бұзба»,»өрмекшіні өлтірме».
Халық ұғымында « табиғат “- деген ұғым «туған жер» деген
сөзбен мағыналас айтылады.Мысалы:»Туған жердің топырағы да
киелі», «Жері байдың- елі бай», «Жер ана , ел- бала».
Бүкіл әлемдік тіршіліктің құдіретті төрт негізі бар. Олар:
күн – ана,жер – ана, ауа мен су . Адамзат күнделікті тіршілігінде
осы төрт құдіретке сүйенеді. Егер осы төрт негіздің біреуі бол-
маса, тіршілік тоқтайды.Сондықтан адамзат күнді , жерді анадай
ардақтайды, жер мен судың әулиелігін қастерлеп, әрекет жасап,
қызығын көреді.
4құдірет туралы Оқушыларды 4 топқа бөлу.
оқушыларды Осы төрт құдірет бойынша карточкаларды таратып беремін,
айтқызу: 4 топқа бөлемін .Әр топтан бір оқушы өз құдіреті туралы ауыз-
ша айтып береді.
Ой шақыру: Балалар,табиғат атты ғажайып сөздің сыры қазіргі сәт-
тен бастап өз қолдарында.Қане, ми қыртыстарын іске қосамыз.
Топтастыру әдісі (қағаз,маркирлер 4 топқа).
Балалар, мен сендерге»Табиғат»тақырыбын бердім, алда-
рына қағаз қойылды , ойыңызға тақырып бойынша уақыт біткенін
ше жаза бересіз .Сосын уақыт біткенін ескертемін,төрт топ жазға-
нын тақтаға іледі .Топ атынан шыққан оқушы «табиғат»анықтама-
сын оқып шығады, табиғат туралы кіріспе сөзінде толық айтып ке-
теді.
Вен диаграмма Келесі тапсырма екі құдірет туралы – ауа мен су туралы
болады.Вен диаграммасы қабысып жатқан үш дөңгелектен тұра-
ды.Ауа мен су туралы бар білетіндерін өз дөңгелегіне жазу ке-
рек.Ал екеуіне ортақ қасиеттерін ортасына жазасыңдар. Әр топ
алдындағы қағазға білгенін толтырады. Сосын әр топтан бір оқу-
шы жазғанын оқиды.
Еркін жауап Әр топтан бір оқушы өз құдіреті туралы өлең жаттап ала
ды –оны оқығанда есте сақтау қабілетін, дауыс ырғағы , өлеңнің
мәнері,сөздің анықтығы,сөз көркемдігі туралы ұмытпауымыз ке-
рек.Басқа оқушылар өз мысалын, өлең жайлы пікірін талдайды,
дәлелдейді,ауызша айтады.
Әр топқа ерекше мәтін Әр топқа ерекше мәтін беріледі- оны оқып, аударып, диа-
диалог жүргізуге ар- лог жүргізуге арналған ситуациялық тірек схемамен жұмыс өт-
налған тірек схема кізіледі.
«Сен бағдарламаға келдің» - ситуациялық жағдай туғы-
зып,тірек схема арқылы бір оқушы - табиғат туралы бағдарла
маның дикторы, екінші оқушы – ғалым-эколог,деп сұхбат өткізу.
Сэнкуэн 5жолдан тұратын қорытындылау тақпағы.
Нұсқау.1.Бірінші жол тақырыпты суреттейтін сөз. Ол зат есімнен
болуы шарт.
2.Екінші жол сол тақырыпты суреттейтін екі сөзден тұру
керек. Екі сын есім.
3.Үшінші жол іс- әрекетті көрсететін үш сөз болуы тиіс.
4.Төртінші жол төрт сөзден тұратын мағыналы сөйлем.
5.Соңғы жол синоним болуы керек. Жасалу жолы.
Тақырып. (Зат есім) Табиғат.Суреттеу(екі сын есім)Ғажап.Тамаша.
Қимыл(үш етістік)Аялайды.Қорғайды.Сақтайды.Сезіну(төрт сөз-
ден сөйлем).Табиғат-біздің асыл қазынамыз.Синоним.Табиғат.
Қоршаған орта.
Ой толғаныс «Табиғат»туралы шағын әңгіме жазу.
Семантикалық карта Ал енді,балалар,осы семантикалық картаны жазып толтырың-
дар.Бірінші-Нені білдім?бүгінгі сабақта қандай білім алдыңдар,
немен таныстыңдар,екінші – Нені білгім келеді? «Табиғат»тақы-
рып бойынша бізде 7сабақ болу керек,қандай ұсыныс болады,
соларды біліп алып мен келесі сабақтарда не білгілерін келеді,
сол туралы айтып , сабақ құрастырамын.
Үйге тапсырма: Табиғат туралы сөзжұмбақ жасау және мақал- мәтелдерді,
тыйым сөздерді жаттап келу.
Бағалау: Ал енді,балалар,білімдеріңді бағалаймын.
Қоңырау соғылды,
Сабақ аяқталды, сау болыңдар!