Технологическая карта "Табиғаттың сыйы" 3 класс
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің Айы: сәуір
технологиялық картасы Аптасы: 3
Ересек топ « Алтын сақа» Күні: 18.04.14ж
Білім саласы: « Таным», «Қатынас»
Кіші сала: Сауат ашу,математика. Тәрбиеші: Алмағамбет Г.С.
Тақырыбы: « Табиғаттың сыйы».
Мақсаты: Туған жерге,Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру,табиғаттың алуан
сырларын білуге,қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу,табиғатқа деген қызығушылығын
арттырып,ой-өрісін дамыту.
Іс-әрекет кезеңдері.
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Таңғалдыру сәті.
Балалар сыртттан кірген кезде топта бір
үйшік тұрады,ішінен балалпан ды
шығарады.
Балалпан:
-Балалар сендерге рахмет
сендер мені құтқардыңдар деп
шығып кетеді.
Ұйымдастырушылы
қ ізденіс
Балалар сендер балапанды үйшіктен
босатып жібердіңдер ол сендердің
табиғатты қорғағандарың,Ал енді
білімдеріңді сынап көрейік.
2 топқа бөлінеміз.
1кезең Мен елімнің перзентімін
(таныстыру)
Балалар гүлдер табиғаттың қай бөлігіне
жатады?
2 кезең Білгенге маржан (тыйым сөздер)
1 топ Орман тоғайға байланысты
2 топ Ауаға,суға байланысты.
Туған жерді аялайық бәріміз
Қамқорлықты аямайық бәріміз
Топ басшыларына сұрақ.
1 топ Егер сен ақын болсаң не істер едің?
2 топ Егер сен суретші болсаң не істер едің
1 топ-қызғалдақ
2 топ-түймедақ
1 топ Мақсаты:Білімімізді
сынауға келдік.
2 топ Мақсаты Қарсыласқа
сәттілік тілейміз.
Тірі табиғатқа жатады.
Жұлма бала гүлдерді
Табиғат азып солмасын
Гүлдер жердің көркі ғой
Жер көріксіз қалмасын.
Ағашты кеспе,орманды
өртеме,шөпті таптама
Суды лайлама,суға
түкірме,ауаны ластама,су ішкен
құдыққа түкірме.
Егер мен ақын болсам,елімнің
ну орманын,кең даласын жырға
қосар едім.
Егер мен суретші болсам қазір
жиі өртеніп жүрген орманды,
ластанған жерімізді танытар
едім,сөйтіп адамға ой
салып,табиғатымызды қорғауға
шақырар едім.
3 кезең Әліппе дыбыстар.
Ескендір күнде ала бұзауына сүт беріп,көк
орай шөпке жайып,қамқорлық жасап
жүреді.Бір күні ала бұзау тоғайда жүрген
малға қосылып кетеді.
Ескендір бұзауын іздеп тоғайға
келді.Қатты жел соқты.
-Жел соққанда қандай дыбс шығарады?
-Жел уілдейді У-у-у-у-у
Желдің әсерінен ағаштың жапырағы
шулайды.
-Қандай дыбыс естілді?
-Ш-ш-ш-ш
Тоғай ішінде жүру өте қиын болды.Маса да
ызыңдап мазасын алды.
-Маса қандай дыбыс шығарады?
-З-з-з-з
Ескендір қасында еріп келе жатқан Ақтөстің
ырылдаған дауысын естіді.
-Ит қандай дыбыс шығарады?
-Р-р-р-р
Ескендір айналасына қарады.Шөп арасынан
басын көтеріп Ақтөске қарап айбат шегіп
тұрған жыланды байқады.Жылан Ақтөске
қарап ысылдап тұр екен.
-С-с-с-с
Жыланды көріп қорыққан Ескендір өсіп
тұрған емен түбіне қарай
шегінді.Ыжылдаған дыбысты құлағы
шалды.Ол еменнің бұтасына орналасқан
араның ұясы екен.Ыжылдаған араның
дыбысы екен.
- Балалар қандай дыбыс
естідіңдер.
- -У
- Ш
- З
- Р
- С
- Ж
- А
- М
-Ж-ж-ж-ж
Ескендір ала бұзауын шақырды.Бұзауды
шақыруға көмектесейікші.
-Ақау,ақау.
Жақын жерден мөңіреген бұзаудың дауысы
естілді.
-Мө-мө-м-м-мө
Сөйтіп Ескендір бұзауын үйіне айдап
барды.
4 кезең Кел бірге шешейік
Математикалық есептер екі топқа екі
жұмыс,екі балаға ноутбукпен жұмыс.
5 кезең Мақал сөздің мәйегі.
Дана көптен шығады
Жер адамды асырайды
Гүл елдің көркі
Екпей егін шықпас
Балалр енді бір-біріміздің қолымыздан
ұстап табиғат жайында тілек білдірейікші.
Міне қандай жақсы тілектерді
айттыңдар.Орындалуына
тілектеспін,өмірлерің ұзақ,талаптарың
таудай болсын.
Алтын дала даламыз бар
Ақ күмістей қаламыз бар
Неткенсұлу,неткен көркем
Осы менің туған өлкем
Сұлу табиғатымызды аялай
білейік,табиғатты сүю парыз,сүю үшін оны
қорғау парыз.
Ойын. «Анықтап,сипатта»алма қайда өседі
Ендеше балалар осы ағаштардың сендерге
Дәрі шөптен шығады
Ана баласын асырайды.
Қыз жердің көркі
Оқымай білім жұқпас
Бұлақтай мөлдір бол
Жұлдызың жарық болсын
Айың оңынан тусын
Көңілің көлдей шалқысын
Гүлдей жайнай бер
Таудай талап бер
Қызғалдақтай құлпыра бер
Күндей жарқырай бер
Ағашта,түсі қызыл,сары.
Пішіні дөңгелек,көлемі
үлкен,орташа,кіші,дәмә тәтті
жегенде ым дейміз.
берер сыйы бар екен.Алмаларыңды ала
ғойыңдар.Балалар алма ағашта өседі
дедік,ал ағаштан теріп қайда апарады
дүкендерге,дүкеннен кім алады біздің
аналарымыз сатып алады.
Апаң сенің базардан
Алма сатып әкелді
Ең үлкенін жақсысын
Саған таңдап әперді
Не деп барып жеу керек.
Рахмет
Рефлексивті-
коррекциялау
Балаларды мақтап мадақтау керек.
Сабаққа толығымен қатысып,
алған бағаларына мәз-мәйрам
болулары.
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек ,Табиғаттың қандай әсем,сұлу екенін білу.
Қалыптасқан түсінікТабиғатты аялап,қорғауға үйрету.
Орындаушылық қабілет. Табиғат жайында барлыған білуі