Конспект ОУД "Анама көмектесемін"

Ортаңғы топ ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в средней группе
Өткізу күні/Дата проведения:
Тәрбиеші/Воспитатель:
Білім беру саласы/Образовательная область: Шығармашылық. Творчество.
Пән/Предмет: Аппликация
Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Нан қайдан келеді?»
Тақырыбы/Тема: «Анама көмектесемін»
Мақсаттары/Цели:
1.Тәрбиелік – воспитательная: балаларды аналарын сыйлауға, нанның қадірін түсінуге
тәрбиелеу.
2.Дамытушылық – развивающая: жапсыруда ұқыпты болуға үйрету, шығармашылық
қабілеттерін дамыту.
3.Оқыту – обучающая: Желімді қылқаламға, дайын үлгіге мұқият жағуды жетілдіру,
машинаның дайын бөлшектерін олардың арасындағы арақашықтықты сақтап жапсыруды
үйрету.
Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: компьютерлік, денсаулық сақтау
технологиясы, ойын әдісі, сұрақ – жауап, көрсету және түсіндіру.
Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: интербелсенді тақта, қылқалам,
желім, салфетка, түрлі – түсті қағаздар, ашық хат.
Көптілділік :ана – мама - mama, мейірімді- добрая - good, көмектесемін – буду помогать
I will help.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:
- Балалар, бүгінгі біздің оқу іс - әрекетіміз өте ерекше тіпті қызықты өтпекші. Сондықтан
балалар, көңіліміз көтеріңкі болу үшін, мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр. Ойнаймыз
ба балалар, жақсы онда барлығымыз экранға назар аударайық.
Кімнің суретін көріп тұрмыз?
Олай болса, «Анамыз қандай?»- деген ойын ойнайық.
Бізге ойын ойнау үшін алдыменен не керек?
Өте жақсы.
- Ал енді айтайық анамыз қандай?
- Сұлу
- Мейірімді
- Нәзік,
- Анамыз бізге не береді?
- Бізге қамқор болады.
- Сүт береді.
Дұрыс айтасыңдар.
Құшағы ыстық, бірақ күн емес
Өзі нәзік, гүл емес
Және сүйкімді, қоян емес,
Сүт береді, сиыр емес.
Бұл кім екен балалар?
Көптілділік :ана – мама - mama, мейірімді- добрая - good, көмектесемін – буду помогать
I will help.
2.Негізгі бөлім/оснавная часть:
Балалар біз бүгін анамызға көмектесейік. Анамыз бізге үнемі асханада дәмді тағамдар
дайындайды, сола ма?Енді бүгін анамыз дәмді бауырсақтар пісірмекші, біз анамызға
көмектейсейік жарай ма?
-Жақсы көмектесеміз.
*Жарайсыңлар балалар
Балалар АНА деген сөзді бояу керек болса? Қай түспен бояр едіңдер?
Ал, осы «АНА» деген сөзді ұстап көрсек, қандай болар екен.
Міне сендер қазір барлығыңда өз аналарыңды елестеткен боларсыңдар.
- Анаң үйде болмаса қандай болады.
- Көңілсіз, ренжиміз, суық болады.
- Ал, үйде аналарыңа қандай көмек бересіңдер?.
Көрсету және түсіндіру.
1.Алдымен алдарына тәрелке шаблоны беріледі.
2.шаршыдан сары түсті дөңгелектерді қайшымен қиып алу қажет.
3.Желімді ашып дөңгелектің артық бөлігне желімді жағып, тареклалардың үстіне
жапсырамыз..
4. Жабыстырып болған соң, үстінен салфеткамен басамыз.
Балалар қараңдаршы тәрелкедегі бауырсақтарымыз қандай болды?
Енді сендерде орындарыңа отырып қалған машиналарды жөндеңдер.
Сергіту сәті:
Мынау менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау басым ақылды
Бәрін осы басқарған.
Мынау менің оң қолым,
Мынау менің сол қолым
Барлық істі атқарған.
-Балалар, бойымызды сергітіп алдық. Енді орындарыңа отырып, жұмыстарыңды
жалғастырыңдар.
Балалардың өзіндік жұмыстары.
Жеке жұмыс: Амирханға, Нұрасылға желімді ұқыпты жағуды, қайшыны дұрыс
пайдалануды үйретемін.
Дидактикалық ойын: «Анамызға қонақ күтуге көмектесмін»
Мақсаты: балалардың эстетикалық талғамдарын қалыптастыру, үстел үстіне ұойылатын
тағам түрлерімен ыдыстарлы ажырат білуді үйрету.
Шарты: балаларға әр-түрлі карточкалар арқылы дастарханды жасайды.
Көптілділік :ана – мама - mama, мейірімді- добрая - good, көмектесемін – буду помогать
I will help.
3.Қорытынды/итоговая часть:
Балалар біз бүгін нені жабыстырдық?
Сендерге қиын болды ма?
Не оңай болды?
Ал анамыздың махаббаты бізді мәңгіге жылытады.
Кімге көмектестік?
Балалардың суреттерінен көрме ұйымдастыру.
Мадақтау.