Математика еліне саяхат

Білім беру бөлімі: Таным.
Бөлім: ҚМҰҚ
Тақырыбы: «Математика еліне саяхат».
Мақсаты: Балалардың тез санау, цифрларды атау және сандарды ретімен қою біліктерін
бекіту. Уақытты бағдарлау жөніндегі білімдерін (таңертең, күндіз, кеш, түн) тереңдете
түсу. Апта күндерін атап білу.
Логикалық ойлау қабілетін, танымын дамыту. Ойлау арқылы балалардың сөйлеу
қабілеттерін дамыту. Математикаға деген қызығушылықтарын арттыру.
Топпен жұмыс істеуге, өз ойын дәлелдеуге, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Әдіс - тәсіл: Түсіндіру, көрсету, сұрақ - жауап, дидактикалық, логикалық ойындар.
Сөздік жұмыс: Нүкте, сандар, апта күндері.
Қос тілдік: Сандар - цифры, нүкте - точка.
Іс - әрекет кезеңдері
Педагогтың басқару іс - әрекеті
Балалардың іс - әрекеті
l этап
Мотивациялық - қозғаушылық
- Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше өтеді. Себебі бізге көптеген апайлар келіпті. Олай
болса қонақтармен амандасайық.
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылсын.
Құтты қонақ келіпті.
Төрімізге еніпті.
Сәлеметсіздер ме, апайлар.
- Балалар, сендерге аналарың бүгінгі сабаққа өте жақсы қатыссын деп көтеріңкі көңіл -
күй сыйлап кетті. Сендер де аналарыңды қуантып, бүгінгі ашық сабаққа белсенді
қатысыңдар жарай ма? Ал сендер қандай балаларсыңдар?
Тақпағымызды еске түсірейік
Мен талапты баламын,
Дайын дәптер қаламым.
Есептерді шығарып,
Бестік баға аламын - дей келе сабағымызды бастайық.
- Ал, балалар, бүгін біз математика сабағында саяхатқа шығамыз. Ал балалар саяхатқа
шыққыларың келеме?
- Жақсы. Ендеше алға.
- Бір, екі, үш, төрт, бес,
Аяқты басамыз тез тез
Қонақтармен амандасады.
Шеңберге тұрып өлең жолдарын бәрі бірге айтады.
Бәрі бірге хормен айтады.
Иә, келеді.
ll этап
Ұйымдастырушылық - ізденістік
Өлең оқып беру.
Ал тыңдаңдар, тыңдаңдар
Асығыстық қылмаңдар
Асықпайық дегенде
Көп ойланып тұрмаңдар.
Алу, қосу, теңдік деп
Ұзын, қысқа жолақша
Жуан менен жіңішке
Көппен бірге аз екен
Балалар да мәз екен.
Үшбұрыш пен шаршы көп
Төртбұрыш пен дөңгелек.
- Өлең не жайында айтылған?
- Осы пішіндерді, сандарды, ұзын қысқаны қандай ғылым зерттейді?
- Дұрыс айтасыңдар,
Математика. Балалар бізді саяхатқа апаратын қарындаш бар екен. Көзімізді жұмайық 1, 2,
3 сиқырлы қарындаш бізді математика еліне апар. Міне біз Математика еліне де келдік.
- Математика сөзінің астында не көріп тұрсыңдар?
- Нешеге дейінгі саңдар?
- Ендеше Математика сөзі неше дыбыстан тұрады екен?
- Бұл сандар жай сандар емес, сиқырлы сандар екен. Әр санның артында бізге сұрақтар
мен тапсырмалар берілген. Ал кәне, осы тапсырмаларды шешіп көрейік.
«Миға шабуыл». Жылдам жауап беру.
- Бір жылда неше мезгіл бар?
- 1жылда неше ай бар?
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қазір қай ай?
- Бір аптада неше күн бар?
- Апта күндерін атап айт.
- Бүгін аптаның нешінші күні?
- Балабақшаға аптасына неше күн келеміз?
- Қай күндері келеміз балабақшаға?
- Қай күндері демаламыз?
- Жақсы жарайсыңдар. Енді сандардың тапсырмаларын орындап көрейік.
1. Тапсырма. «Сан санау».
Поездағы аңдарды санау.
1 - ші, 2 - ші, алдыңда, артында...
Үлкен - кішкентай
Биік - аласа.
- Жақсы жарайсыңдар!
2. Тапсырма. «Шатасқан сандар»
а) Қатты жел соққан кезде сандар орындарын шатастырып алыпты оларды 1 - ден 10 - га
дейін дұрыс орналастырайық.
б) 1 - ден 10 - ға дейін яғни сандарды тура және кері санау.
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10.
10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1.
в) 3 - тен бастап сана,
г) 6 - дан ары қарай сана
3. Тапсырма. Ойын: «Көрші санды ата».
4 санның көршісін тап
6 санның көршісін тап
9 санның көршісі.
4. Тапсырма «Қай сан жоқ?»
Нүктелердің орнына жоқ санды орналастыру.
Сергіту сәті.
Ал балалар тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Оңға бір, бұрылып,
Солға бір бұрылып,
Алақанды соғайық.
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым.
Жоғары, төмен қарайық
Орнымызды табайық.
5. Тапсырма. «Суреттегі заттарды санмен белгіле».
Суреттегі заттарды санап, санына қарай қажетті санды көрсету.
Слайд арқылы 5 - 6 сурет қолдану.
6. Тапсырма. Ойын: «Ойна да ойла». Логикалық сұрақтар.
1. Қонжық екеу, табаны нешеу?
2. Үш қоянда неше құлақ бар?
3. Аланда емен ағашы өсіп тұр. Еменде барлығы неше алма өсіп тұр?
4. Орманда аңдар арасында жүгіруден жарыс өткізілді. Жүгіруге қоян, түлкі, балық
қатысты. Осы жарыста балық нешінші болып келді деп ойлайсыңдар?
5. Шеңбердің бұрышы бар ма?
6. Иттің құйрығы нешеу?
7. Ай көп, жұлдыз көп пе?
8. Гүлдің неше сабағы бар?
9. Не ауыр піл ме, қоян ба?
10Жағаға дейін қаз тез жүзе ме, әлде әтеш пе?
11. Жол кең болса, ал тротуар ше?
12. Аю үлкен, ал тиын...
13. Алма тәтті, лимон...
14. Адамда неше бас бар?
15. Үшбұрыштың неше бұрышы бар?
7. Тапсырма.
Суретте қандай геометриялық пішіндер орналасқан?
Санағыш таяқшамен жұмыс:
Таяқшалардан геометриялық пішіндер құрандар.
Үш бұрышы, үш қабырғасы бар...
Төрт бұрышы бар, төрт қабырғасы бірдей...
Төрт бұрышы бар, екі қабырғасы ұзын, екі қабырғасы қысқа...
Бес таяқшадан бірдей екі үшбұрыш құрастыр.
8. Тапсырма «Уақытты бағдарлау».
Жұмбақтар шешу.
а) Ұйқымыздан тұрамыз, беті қолды жуамыз. Анамызға ереміз, бақшамызға келеміз. Бұл
қай кезде болады?
б) Біз тәртіпті боламыз, сабақты да оқимыз, серуенге шығамыз, қыдырамыз. Қай кезде?
в) Күн батады қызарып, мамамызды күтеміз. Бұл қай кезде болады?
г) Үйлерде шам жанады, дем алады бар әлем, деп әлдилеп ақ әжем. Бұл қай кезде болады?
- Сонымен бір тәулікте нешеге бөлінеді?
9. Тапсырма:
«Кеңістікті бағдарлау».
Алдарында жатқан ақ қағаздың
жоғарғы оң жағына – үшбұрыш,
төменгі сол жаққа - төртбұрыш,
жоғарғы сол жаққа - дөңгелекті,
төменгі оң жаққа - шаршыны, ортасына - сопақшаны орналастырыңдар.
10. Тапсырма.
Математикалық мақал - мәтелдер:
1. Бір досың болғанша,
Жүз досың болсын.
2. Бір тал кессең, он тал ек.
3. Сегіз қырлы, бір сырлы.
4. Бес саусақ бірдей емес.
- Балалар, енді саяхаттан қайтатын уақыт болды. Сиқырлы қарындаштың көмегімен топқа
қайтайық.
1, 2, 3 сиқырлы қарындаш бізді топқа апар.
Міне, балалар, топқа келдік.
Біздің сиқырлы қарындашымыздың ішінде әдемі жұлдызшалар бар екен, бүгінгі оқу іс -
әрекетіне жақсы қатысып, тәртіпті, білімді екендеріңді көрсеткендерің үшін осы
жұлдызшаларды таратып берейін.
Өлеңді мұқият тыңдайды.
Пішіндер, алу, қосу, жуан - жіңішке.
Математика.
1, 2, 3 деп айтады.
Сандар.
1 - ден 10 - ға дейін.
10 дыбыстан.
Келіседі.
4 мезгіл
12 ай бар
Көктем мезгілі.
Сәуір айы
7 күн бар.
Жауаптары.
5 күн келеміз.
Атап айтады.
Суретке қарап тапсырманы орындайды.
1 бала тақтаның алдыңда, қалғаны орындарында тапсырманы орындайды.
3, 5
5, 7
8, 10
Кестедегі нүктелердің орнына жоқ санды қояды.
Мазмұнына сай қимылдар орындайды.
Заттарды санайды санмен белгілейді.
Сұрақтарды мұқият тыңдап, жылдам, дұрыс жауап беруге тырысады.
Ол үшбұрыш.
Шаршы.
Тіктөртбұрыш.
Жұмбақтарды шешеді.
Таңертең.
Күндіз.
Кешке.
Түнде.
Төртке бөлінеді.
Геометриялық пішіндерді орналастырады.
Мақал - мәтелдер айтады.
1, 2, 3 - сиқырлы қарындаш бізді топқа апар деп хормен айтады.
lll этап
Рефлексиялық - түзетушілік
Сұрақ - жауап әдісі арқылы оқу іс - әрекетті қорытындылау.
- Саяхатқа қайда бардық?
- Қандай тапсырмалар орындадық?
- Қандай тапсырмалар сендерге қиын болды?
- Сабақта не ұнады? Сұрақтарға толық жауап береді, өз ойларын айтады.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: 1 - ден 10 - ға дейін сандарды, сандарды таңбалау, геометриялық пішіндерді,
сан санау ұғымдарын.
Игеру керек: Геометриялық пішіндерді таяқшадан құрастыруды. Алған білімдерін қолдана
білу.
Жасай білу керек: Санның өсу, кему ретімен дұрыс орналастыра білу.
Ықшамсабақ өткізуді ұйымдастыру
Оқу-әдістемелік материалдар 0 3,250 қаралған 2019-06-13
Ықшамсабақ дегеніміз не? Ықшамсабақ мұғалімдердің тәжірибесін жетілдіру мақсатында оларға
қолдау көрсету әдісі. Мұғалімдер әдетте бес-алты адамнан тұратын шағын топтарда сабақ немесе
сабақтың бір бөлігін өткізу үшін бірге жұмыс істейді. Топтағы әр мұғалім кезек-кезегімен мұғалім
рөлін атқарып, «сабақ» өткізеді. Басқа мұғалімдер оқушы рөлін ойнайды. Мұғалімдер сабақтарды
видеоға жазып алып, өзін-өзі бағамдауды таңдауы мүмкін немесе шағын топта қадағалаушыны
немесе қадағалаушыларды тағайындап, олар ықшамсабақтан кейін бірден кері байланыс ұсынады.
Мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстары аясында бұл тәсіл мұғалімдерге тәжірибесін
жетілдіруге қолдау көрсету үшін пайдаланылады. Мұғалімдер тек сабақ өткізуші рөлін ғана емес,
қадағалаушының да рөлін орындап көреді. Өзара кері байланыс ұсынуға мүмкіндік алады.
Осылайша мұғалімдер өз сабағына рефлексия жасайды және әріптесіне кері байланыс ұсына
алады. Бірлескен ортада жаңа тәсілдерді қолдану арқылы мұғалімдерді қадағалай отырып, оларға
кері байланыс ұсынуға мүмкіндік беретіндіктен, бұл әдіс курстың маңызды бөлігінің бірі болып
табылады. Сабақтың бір бөлігінің жоспарын құрып, шағын топта көрсетеді. Сабақты талдау
барысында, олар тәжірибеде кездесуі мүмкін мәселелерді толығымен түсінеді, есте сақтайды және
жаңартылған білім беру бағдарламаларын енгізу кезінде осыны назарға алады. Ықшамсабақты
мектеп тәжірибесінде де өткізуге болады. Бұл мектеп басшыларына жаңартылған білім беру
бағдарламаларын және жаңа педагогикалық тәсілдерді енгізуде мұғалімдерге қолдау көрсетуге
көмектеседі.
Ықшамсабақ АҚШ-да 1960 жылдары педагогтердің кәсіби шеберлігін дамыту тәсілі ретінде пайда
болған. Стэнфорд университетінің бірқатар зерттеушілер тобы Дуайт Аллен мен Кевин Райанның
басшылығымен әзірлеген екен.
Ықшамсабақ үш мақсатқа қол жеткізуге бағытталады:
тыңдаушыларды оқыту тәжірибесімен таныстыру және олардың өзіне деген сенімін арттыру;
оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін сынап көрудің ықпалын зерттеу;
біліктілік арттыру курсының бөлігі ретінде тәжірибелі мұғалімдерді жетілдіруге қолдау көрсету.
Ықшамсабақтың артықшылықтары неде? Мұғалімдердің тәжірибесі жетіледі, проблемаларды
шешу қабілеті артады, кері байланыс ұсынуды үйренеді, рефлексия жасау дағдысы қалыптасады,
шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау дағдылары дамиды және көшбасшылық қасиеттерінің
ашылуына мүмкіндік болады.
Ықшамсабақ ұйымдастыру алдын-ала дайындықты қажет етеді. Біріншіден, ықшамсабаққа арнап
оқу материалдарын әзірлеп, қажетті оқу ортасын қалыптастыру қажет, екіншіден, нақты оқу
мақсатымен байланысты тапсырманы орындау, үшіншіден, күтілетін нәтижені іс-әрекет пен
эмоцияға емес, нақты танымдық аспектіге бағыттау, төртіншіден, оқу мақсатына сәйкес әдіс-
тәсілдерін анықтау, бесіншіден, мұғалімдердің білімі мен оқыту дағдыларын бағамдау және
қалыптастырушы бағалауды жүргізу.
Ықшамсабақ өткізу барысында әрқайсысына пән мұғалімі болып оқытуға, оқушы рөлін орындауға
және бақылаушы болуға кезек беріледі. Ықшамсабақ өткізуге 10 минут, кері байланысқа 5 минут
беріледі. Барлығы 15 минут; 4 ықшамсабақты өткізу уақыты 1 сағат жеткілікті болады. 15 минут
ықшамсабақ ұйымдастырушының жалпы кері байланысына беріледі. Ықшамсабақты пән бірлестігі
немесе арнайы мұғалімдердің тобымен ұйымдастыруға болады.
Осы қадамдарды ескере отырып мұғалімдер өзара тәжірибе жетілдіруде білім беру ұйымдарында
ықшамсабақ ұйымдастыра алады.