Сабақ жоспары: Мен жеті жастамын.
Тақырыбы: Мен жеті жастамын
Күні,айы: 16.10.2017
Мұғалімнің аты-жөні: Парасатова Т.С
1-сынып
Сабаққа қатысқан оқушылар саны:
Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
Сөзді зейін қойып тыңдау,түсіну және оған сәйкес дұрыс әрекет
ету(қимыл,ым мен ишараны қолдану,іс-әрекет жасау).
1.2.1.1. Сөйлеу барысында танысу, өзі туралы айту және затты сипаттау үшін
сөздер мен сөз тіркестерін қолдану.
1.2.3.1.Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды
сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру.
1.5.1.2.Мұғалімнің көмегімен жіктік жалғауын ауызша тілде қолдану.
Сабақ мақсаты
Барлық оқушылар:оқушылар сандарды атайды. Мұғалімнің көмегімен
өзінің неше жаста екенін айта алады, жіктік жалғауының І жағын қолдана
алады.
Оқушылардың басым бөлігі:берілген сандар бойынша неше жаста екенін
айтады. Сөйлеу барысында танысу үлгілерін еркін қолдана алдаы, жіктік
жалғауының қолданысын ажырата алады.
Кейбір оқушылар:
Сеннешежастасың? Сұрағына жауап беріп, өз жасын айтады. Берілген сөйлеу
үлгілерін түрлендіріп қолдана алады, өз туралы толық ақпарат бере алады.
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңдері
Жоспарланған жұмыс
Ресурстар
Сабақтың басы
(2-5 минут)
(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл-күй қалыптастыру.Сабақ
мақсатымен таныстыру.
Сабақтың ортасы
(6-40 минут)
(МК,Ұ)Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген
суретке және сөйлесуүлгісіне аударады. Тындау арқылы оқушылар Сен неше
жастасың? деген сұрақ және жауап беру үлгісімен (Мен алты жастамын.)
танысады. Оқушылармен диалокті тындау, қайталау жұмыстары жүргізіледі.
Содан кейін оқушылар осы негізінде өзінің жасы нешеде екенін айтуға
жаттығады.
(МК,Ұ)2-тапсырмада оқушылар толықтырып айтуға жаттығады. Берілген
үлгі бойынша жастарын айтады. Мысалы: Мен алты ( жеті, сегіз, тоғыз, он)
жастамын, Яғни, біріншіден, оқушылар сандары атайды, екіншіден, берілген
сандар бойынша неше жаста екенін айтады, үшіншіден, Сен неше жастасың?
сұрағына толық жауап беріп, өз жасын айтады.
( МК, Ұ) Осыдан кейін мұғалім оқушылардың назарын «Есте
сақта!»айдарына аударады. Яғни үш жақта жасын қалай айту керек екенін
үйретеді.
Мысалы: Мен жеті жастамын. Сен жеті жастасың. Ол жеті жаста.
(МК,Ұ)3-тапсырмада мұғалім оқушыларды жаңа сұрақ үлгісімен
таныстырады: Ол неше жаста? Осы сұраққа сурет арқылы жауап беруге
дағдыландырады. Оқущылардың жауаптары: Ол төрт жаста. Ол бес жаста.
Ол екі жаста. Мұғалім оқушылардың назарын ол сөзіне аударады, оқушылар
бұл сөздең қызға да, ұлға да байланысты қолданылатынын менгереді.
(МК,Ұ)4-тапсырма арқылы оқушылар жаңа тақырып бойынша сөйлесу
үлгісін бір диалог ішінде қайталайды.
Оқушылар мынадай дағдыларды игеру тиіс:мұғалімнің (Сенің атың кім ?Сен
неше жастасың? сұрақтарына жауап бере алу, өз сұрақ қоя алу. Содан кейін
бір - бірінен атын жасын сұрайды.
Үлгі:
Сәлем!
Сәлем!
- Сенің атың кім?
- Менің атым - ......Сенің атың кім?
- Менің атым-... .
- Мен ... жастамаын. Сен неше жастасың?
- Мен ... жеті жастамын.
( МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен
жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге
дағдыланады.
(Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте
түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады.
Сабақтың соңы
41-45 минут
(Қ)Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс
орнатады.Оқушылар сабақ барысында нені білгені,қалай жұмыс істегені,не
қызық әрі жеңіл болғаны,не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре
алады.
Қортындылау
Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Өз
сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Сабақ барысына өзгертулер еңгіздіңіз бе ? Неге?
2, Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болады?
Қорытынды бағалау
Ең жақсы өткен екі нәрсе не?
Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?
Бекітемін: __________________________
«№44 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
оқу тәрбие жөніндегі орынбасары
Әуезханова А.М
«__» ____________2017жыл
Тақырыбы: Мен жеті жастамын
Қазақ тілі
Пән мұғалімі: Парасатова Т.С.
1 cынып
Семей қаласы, 2017 жыл