Сабақ жоспары: "Ішкі сулар"
«PISA халықаралық зерттеулері аясында ғылыми-жаратылыстану
пәндері бойынша функционалдық сауаттылығын дамытуға арналған
география 8 сынып бойынша тест тапсырмала
Түсінік хат
Осы тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың құзыреттіліктері
кеңейеді. Оқушыларда өзен, алаптары , көл , көректену режимдері мен суларын
қорғау, топырақ пен типтері, таралу заңдылықтары мен қорғау шаралары
туралы толық мәлімет бере отырып, алған білімдерін өмірмен байланыстыра
алуы.
Базалық бағдарлама.
Тест сұрақтары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23
тамыздағы №1080 бекіткен стандартының мемлекеттік жалпы білім беретін 5-9
сыныптарға «Жаратылыстану» пәндеріне сәйкес жасалған.Бағдарлама негізіне
Ғылым және Білім Министрлігінің 2013жылғы 3 сәуірдегі№ 115 бұйрығына
сәйкес география 8- сынып алынған. Тест сұрақтарының негізіне география 8-
сынып, Қазақстанның ішкі сулары тақырыбы алынды.
Мақсаты:
Білімділік: Қазақстанның өзендері мен алаптары, өзен жүйелерінің, топырақ
пен оның типтері ерекшелігі туралы білім беру;
Дамытушылық:
Сабақта өз ойларын нақты, дәл жеткізе білуге, салыстыра білуге дағдыландыру
және ойлау қабілетін дамыту өз беттерінше жұмыс істеуге дағдыландыру;
Тәрбиелік: экологиялық білім бере отырып, жас ұрпақты туған жеріміздің су
ресурстарын ұқыпты пайдалануға, қорғай білуге тәрбиелеу.
Міндеттері:
- Қазақстанның ішкі суларын, топырақ пен типтерін анықтау;
- Сулардың алаптар бойынша,топырқатың зоналар бойынша таралуын
қарастыру;
- Өзен мен көлдердің қоректену мен режимін, топырақтың таралу
заңдылықтарын ажырата білу.
Жаратылыстану-математикалық сауаттылық бойынша бағалау
критерийлер жүйесі:
(PISA тестік тапсырмалары)
Жетістік
деңгейі
Деңгейдің
төменгі
шекаралары
Дескриптор
6
708 ұпай
1. Әртүрлі күрделі өмірлік
жағдайларда ғылыми
жаратылыстану білімдерін
анықтау, түсіндіру, қолдану.
2. Ақпаратпен түсіндірулерді (әр
ақпарат кезінде алынған) әртүрлі
көлемдерге түсініктеме беру
үшін байланыстыру.
3. Өз білімдерін кездейсоқ
шешімдерге түсініктеме беру
үшін қолдануға дайындықтары.
4. Әлуметтік –экономикалық
жағдайларды (жаһанды)
ұсыныстарды аргументтеу, өз
білімдерін қолдану
5
633 ұпай
-өмірлік қиын көп жағдайлардың
ғылыми-
жаратылыстану аспектілерінің басын
ашу керек,
соған орай ғылым және ғылыми
жаратылыстану
білімін осы жағдайларда қолдана білуі;
-лайықты ғылыми қисын және
айғақтарды
салыстыра саралап, бағалап өмірлік
жағдайларды
шешуге қолдануы;
-жекеленген білімдермен байланыс
орнатып,
жағдайларды қысылшаң түрде талдауы;
-дәлелденген түсініктемелерді тізіп
қойып,
қысылшаң талдауға дәлелдеме беру.
Оларда
зерттеушілігі жақсы қалыптасқан.
4
559 ұпай
-жекеленген құбылыстарда байқалатын
әртүрлі
жағдайлар мен проблемаларды талдауы
тиімді
болады, соған орай ғылым мен
технологияның
рөлімен қорыту керек;
-таңдап немесе түсіндірмені жалпылап,
жаратылыстану және технологияның
әртүрлі білім
тарауларына негізделген түсіндірмені
таңдап
немесе жалпылап және оларды тура
жекеленген
өмірлік аспекті жағдайлармен
байланыстыру керек;
-Өзінің іс-әрекеттерін бағалай және
шешулерді айта
отыра, ғылыми-жаратылыстану білімі
мен
қисындарды қолдануы;
3
484 ұпай
-кейбір жағдайдағы ғылыми құрылған
проблеманы
анықтауы;
-құбылысты түсіндіру үшін білім мен
айғақты
таңдап алу қажеті;
-жай модельдер немесе зерттейтің
стратегияны
қолдануы;
-әртүрлі жаратылыстану тарауларынан
ғылыми-
жаратылыстану түсінігін
интерпритациялап және
тура қолдануы;
-айғақтарды қолдана қысқаша айтуларды
құрауы;
-ғылыми-жаратылыстану біліміне
негізделе шешім
қабылдауы;
2
409 ұпай
-ғылыми адекватті білімге негізделе
отыра, таныс
жағдайлардан ықтимал түсіндірме беруі;
-жай зерттеулерге негізделе қорытынды
жасай білуі;
-зерттеу нәтижелерінің немесе
технологиялық
шешіміне сол кезде тура байланысты
орнатуы;
1
335 ұпай
-шектеулі білімнің тек таныс
жағдайларда
қолдануы;
-айқындалған құбылыстарды түсіндіруі;
Тест тапсырмаларын орындауға арналған нұсқаулық.
1. Мәтінді мұқият түсініп оқу.
2. Мәтіннен керек ақпаратты тауып алу.
3. Тесттің жауабы мәтінде болуы мүмкін.
4. Тестті орындаған кезде жауабы мынадай тапсырмалар болады.
5. Жай көпше түрде: 4 нұсқаудың ішінде 1 жауабы дұрыс болу керек.
6. Күрделі көпше түрі: Иә немесе жоқ жауабын таңдау.
7. Толық жауап: Жазбаша жауап беру және сыз арқылы жауап беру.
Қазақстанның ішкі сулары
Өзеннің бағыты мен жылдамдығы сол өзеннің ағып өтетін жер бедеріне
байланысты дейді. Қазақстанның оңтүстігіндегі және шығысындағы
өзендердің көбі басын таулардан алады. Тау өзендері беткейлері тік,
жартасты тар аңғармен ақса, жазық жерлермен ағатын өзендердің ағыны баяу
екенін айтады. Қазақстан өзендерінің ерекшеліктеріне тоқталып кетеді: 1 –
жасы әр түрлі, 2 – өзендердің әркелкі таралуы.
Қазақстан өзендері негізінен қар-жаңбыр, мұздық, жер асты суымен
қоректенеді. Кейін өзен суының шығыны мен жылдық ағынына сипаттама
береді. Өзеннің су шығыны дегеніміз өзеннің су қимасынан 1 секунд ішіде
ағып өтетін су мөлшері. Ол м
3
/с есебімен өлшенеді: Q=Fм
2
*V м/с.
Солтүстік Мұзды мұхит алабының өзендері: Ертіс, оның салалары
Бұқтырма, Үлбі, Оба, Есіл, Тобыл, Шар.
Ішкі алаптың өзендері Каспий, Арал, Балқаш-Алакөл көлдеріне
құятынын және кейбір өзендердің құмға сіңіп кететінін анықтайды. Ішкі
алаптың өзендері: Жайық, Ембі, Сырдария, Шу, Сарысу, Нұра, Қаратал,
Аягөз, Тентек.
Каспий теңізі алабы – Қазақстанның шөл және шөлейт зоналары ішінара
орманды даланы қамттиды, шөлейтте өзен торы нашар дамыған, бұған
Жайық өзені жатады.
Салалары: Самара, Шаған, Елек, Ор, олардың халық
шаруашылығындағы маңызы ашылады.
Арал теңізінің алабы – Сырдария өзені Қазақстаннан тысқары жатқан
Орталық Т-Ш тауларынан басталатынын картадан көрсетеді. Бұл
республиканың ең лай өзені дейді. Өзеннің ағынын реттеп, суын егістік пен
шабындықтарды суаруға және суландыруға тиімді пайдалану үшін өзен
бойында Қызылорда, Қызылқұм және Қазалы суару жүйелері Шардара бөгені
салынды.
Балқаш-Алакөл алабы – бұл алаптың ең үлкен өзені – Іле. Ол Шығыс Т-Ш
туларынан басталатын Текес және Күнгес өзендерінің қосылуынан пайда
болатынын картадан көрсетіп түсіндіреді. Оқушылардың сұрақ-жауап әдісін
пайдаланып онда қандай СЭС-тер салынғанын сұрайды. Іле өзенінің жағдайына
тоқталып, түсіндіреді. Ішкі алаптарды түсіндіргенде Каспий теңізінің алабына:
Жайық, Жем өзені, Арал теңізінің алабына: Сырдария, Шу, Сарысу, Торғай,
Ырғыз өзендері, ал солтүстік және орталық Қазақстан көлдерінің алабына Нұра
өзені, сондай-ақ Балқаш-Алакөл алабын айтқанда Іле, Қаратал, Аягөз, Тентек
өзендері жататынын және оларға жеке-жеке тоқталған жөн.Республиканың
барлық өзендері Солтүстік Мұзды мұхит және ішкі тұйық к Республика
өзендерінің едәуір бөлігі ішкі тұйық алапқа жатады. Ішкі тұйық алап ірі
көлдерге құятын өзендер жүйесімен келесі сатыдағы кіші алапқа бөлінеді. Бұл
көлдердің ірілері — Каспий, Арал теңіздері және Балқаш көлі. Ішкі тұйық
алапқа ұсақ көлдерге құятын, құмға барып сіңіп кететін, сондай-ақ уақытша
ағатын өзендер де жатады. Қазақстанның ең суы мол өзені Ертістің көп
жылдық орташа су шығыны 880м/сек. Өзеннің жыл бойындағы ағып шыққан су
шығынын ағын деп атайды. Мысалы: Ертістің жылдық ағыны 28млрд м. Су
ағыны жер беті суларының қорларын анықтайды.
Балқаш көлінің тұз балансы: өзен суымен келетін тқз ерітіндісі-71,1% ,
ауадан жел әсерімен келетін тұз ерітіндісі-6,9% , жер асты суымен келетін тұз
ерітіндісі- 22,0% .
Қазақстан аумағында жер беті ағындарын реттеу мақсатында өзен
арналарын бөгеу арқылы жасалады. Бөгендер негізінде халықтың қажетін өтеу
үшін жасалады. Ол бөгендер –су электр станциялары.
Су электр станциясы - электр генераторын айналдыратын гидравликалық
турбинамен су ағынының механикалық энергиясын электр энергиясына
түрлендіретін электр станциясы. Соңғы жылдары кешенді мақсатта
пайдаланылатын бірнеше ірі су-энергетикалық тораптар іске қосылды: Ертіс
өзенінде Өскемен СЭС-і (куаты 331,2 мың кВт) және Бұқтырма СЭС-і (қуаты
675 мың кВт), Іле өзенінде Қапшағай СЭС-і (қуаты 434 мың кВт) және т.б.
Елімізде су-энергетика құрылыс объектілерінен басқа 200-ден астам шағын
және орташа СЭС салынған. Қазақстандағы ірі СЭС-тердің барлығы энергия
жүйесі өқрамындағы жылу станцияларымен үйлестіріле пайдаланылады.
Республика жерінде 300-ден аса минералды бұлақтар зерттеліп, олардың
әр түрлі дертке шипалық қасиеттері анықталды. Солардың бірі арасан(моңғ.
аршан – бұлақ), шипалы су – емдеуге қолданылатын жер асты су көздері.
Арасан сулары негізінен жанартаулы жерлерде, артезиан алаптарында және
тектоник. қозғалмалы аймақтарда пайда болады. Арасан сулары химиялық
құрамына және шипалы қасиеттеріне қарай көмір қышқыл газды, күкірт
сутекті, құрамында темір, күшәла, марганец, мыс, алюминий, органикалық
заттар болатын сулар, бромды, йодты, радонды және кремнийлі сулар болып
бірнеше топқа бөлінеді. Құрамында тұздар ерітіндісі аз болатын Арасан сулары
асқазан ауруларын емдеуге, ішуге (Сарыағаш, Аяққалқан, Қорам, т.б.
минералды сулары), ал тұз ерітіндісі көп сулар сүйек, буын, жүйке жүйесі мен
қан тамырлары сырқаттарын (Алмаарасан, Арасанқапал, Жаркентарасан, т.б.
минералды сулары) емдеуге пайдаланылады. Қазақстанның Арасан сулары
емдік қасиеттері бойынша дүние жүзіндегі атақты шипалы сулардан (Нарзан,
Боржоми, Есентуки, т.б.) кем түспейді.
Тапсырма №1
Сұрақ 1.1
Қазақстан жерінде ұзындығы 1000км-ден асатын неше өзен бар?
А) 6
В) 8
С) 9
Д) 7
Жауабы: Д
Сұрақ1.2
Жайық өзені қай мұхит алабына жатады?
А)Арал
В) Каспий
С)Балқаш
Д) Алакөл
Жауабы: В
Сұрақ 1.3
Төменде көрсетілген суретке қарап, сандармен берілген жерлерін
анықтап, сипаттап бер.
Жауабы:
1- Бастауы
2- 5 -Басты арна
3- 4 – сағасы
7 – батпақ
6-10-11 – салалары
8- көл
9-бұлақ
Сұрақ 1. 4
1. Төменде көрсетілген мүмкін пайымдауларды ір қатардан «Иә» немесе
«жоқ» жауаптарын айналдыра сызыңыз.
Қазақстан өзендерінің қандай ерекшелігі бар?
«Иә» немесе «Жоқ»
1. Өзендердің жасы әр түрлі болады
Иә
жоқ
2. Жазық бөлігінің өзен жүйелері ескі
Иә
Жоқ
3. Өзен жиілігі бірқалыпты
Иә
Жоқ
4. Әркелкі таралады
Иә
Жоқ
Жауабы:
1 -иә
2-иә
3-жоқ
4-иә
Сұрақ 1.5
Төменде берілген өзен мен көлдің ерекшеліктері мен айырмашылықтарын
Венн диаграммасына енгізу.
Жауабы:
Айырмашылығы өзен сулары үнемі қозғалып , жаңарып отыратын сулар.
Ал көл- тұйық болып келеді. Тұздылығы да жоғары болады.
Ұқсастықтары: Екеуі да су объектілері. Жер асты су мен жаңбыр
суларымен толығады. Тіршілік дүниесі де ұқсас болып келеді.
Сұрақ 1.6
Өзен ағындары маусым бойынша таралады. Суретке қарап отырып,
өзендердің өзіндік ерекшеліктеріне талдау жаса.
Жауабы: Өзендердің өзіне тән ерекшеліктері географиялық орнына тікелей
байланысты. Яғни осы ерекшеліктердің қалыптасуына әсер ететін: климат,
зоналылығы.
Сұрақ 1.7
Егер сіз табиғатқа саяхатқа шығып, біраз ауқыттан соң ауыз суыңыз
аяқталды, сіз суды қайдан табасыз? Суретке қарап, жауабында дәлелде.
Жауабы: Жер асты суларын пайдалануға болады. Жер асты сулары өзі
бірнеше қабаттардан құрылған. Ішігу жарамды су –артезиан сулары.
Сұрақ 1.8
Су қабығы планетамыздың 71 % алып жатыр. Ең алғашқы тіршілік жерде
емес, суда пайда болған.
Адам денесінің 65% судан тұрады.
Жер тереңдігінің бір шақырымында 4 млн текше шақырым су сақталады,
ал атмосферада әр шаршы шақырымда 20 т су бу күйінде қалқып тұрады.
Су болмаса адам мен қоршаған орта қалай өзгерер еді, өз ойынды
дәлелде.
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Жауабы: Жер бетіндегі барлық тіршілік тікелей сумен байланысты. Адамның ,
өсімдіктің,жануардың не болмаса басқа да тірі ағзаның сусыз өмір сүруі мүмкін
емес.
Қазақстанның топырақ жамылғысы
Топырақ-ерекше табиғи түзілім.Ол тірі табиғи денеге де,өлі тау жынысына да
жатпайды.
Топырақ өзара байланысты топырақ құраушы факторлар- су, жылу, ауа,
үгілген тау жыныстары және тірі ағзалардың әрекетінен түзіледі.
Топырақтың құнарлылығы оның құрылымына байланысты.
Қазақстан аумағындағы топырақ жамылғысы жазық жерлерде ендік
зоналылық бойынша, тауларда биіктігіне байланысты өзгереді.
Қазақстан аумағының көп бөлігі шөл және шөлейт аймақтарында орналасуына
байланысты сұр-қоңыр және каштан топырақтар басым таралған.Солтүстігінде
орманды дала және дала зоналарына тән қара топырақ түрі таралған.
Республика аумағындағы топырақтың құнарлылығы солтүстіктен
оңтүстікке қарай кеми береді.
Арнайы жүргізілген агротехникалық, мелиорациялық шаралар арқылы
топырақ эрозиясын тоқтатуға болады.
Қазақстанның жазық алқаптарында климаттың, топырақтың терістіктен
оңтүстікке қарай өзгеруі табиғаттың көлденең зоналық заңына бағынса, таулы
алқаптардағы топырақ, климат жағдайларының тау етегінен, таудың биік
шыңына қарай өзгеруі табиғаттың тік зоналық заңына бағынады. Енді біз
Қазақстан территориясында кездесетін зоналық топырақтардың қысқаша
сипаттамасына және бұл топырақтарды ауыл шаруашылығында пайдалану
мәселелеріне тоқталамыз.
Республиканың қиыр терістігінде біраз территорияны жеткілікті
ылғалданған орманды-далалы зонаша алып жатыр. Бұл зонашада ауадан түсетін
ылғғалдың орташа жылдық мөлшері 330-350 мм, ерден буланатын ылғалдың
мөлшерімен шамалас, ылғалдану коэффициенті бірге жуық. Жер беті жазық,
ойпатты келеді, сондықтан бұл аймақта ылғалды-шалғынды топырақтар көп
таралған, негізінен шайылған орманның сұр топырағы мен шалғынды қара
топырағы және сілтісізденген қара топырақтар кездеседі. Топырақтың беткі
қабатындағы қара шірінді мөлшері 8-9%.
Оңтүстік қаратопырақты зонаның көлемі 13,7 млн гектар, республика
жерлерінің 5,1%-ы. Ауадан түсетін ылғал жылына 280-300 мм, оның жылы
уақытта түсетіні 150-180 мм. Топырақтардың басым бөлігі азгумусты қара
топырақтар. Топырақтың беткі қабатындағы қарашірінді мөлшері 4-6%.
Топырақтар жамылғысында сортаңданған, әктенген топырақтар түрлері
басымырақ кездеседі. Егістік өніміне әсер ететін құрғақшылық он жылда 2-3
рет қайталанады.
Кәдімгі топырақты зонаша республиканың 11,7 млн гектарын, яғни
барлық жерлердің 4,3%-алып жатыр. Ауадан түсетін ылғал 300-330 мм. Негізгі
топырақтары –кәдімгі ортагумусты қара топырақтар. Топырақ қарашіріндісінің
мөлшері беткі 0-10 см қабатында 7-8%, табиғи күйінде құнарлы топырақтар.
Егістік өніміне әсер ететін құрғақшылық орта есеппен он жылда бір рет
қайталанады.
Егістікке жарамды жерлердің бәрі жыртылған. Бұл аймақта негізінен
суарылмайтын астық егіледі. Дегенмен сортаң, сорланған топырақтар және
комплексті учаскелер күрделі мелиорациялауды, ал жыртылған жерлер
фосформен тыңайтуды қажет етеді. Бұл зонаның көлемі -25,4 млн гектар, яғни
республика жерінің 9% жуық. Бұл алқаптың көп жері 1954-1958 жылдары тың
игеру кезінде астықты дақылдар үшін жыртылды.
Тапсырма №1
Сұрақ 2.1
Жердің геологиялық тарихында алғаш пайда болған?
А) тау
В) сулар
С) жыныстар
Д) топырақ
Жауабы: Д
Сұрақ 2.2
Қазақстан жерінде негізгі топырақ түрлері ?
А)4
В) 3
С)5
Д) 7
Жауабы: В
Сұрақ 2.3
Топырақтың әр типінің қалыптасуы немен байланысты?
Жауабы: Топырақ жамылғылары зоналар бойынша таралған. Топырақ типінің
қалыптасуына әр зонаның климат факторларына байланысты.
Сұрақ 2.4
Сәйкестігін анықтаңыз
1
Қарашірінді
2
Құрылымсыз
топырақ
3
Организмдердің
қышқылдарды
бөліп шығаруы
4
Шөл зонасы
5
Органикалық
затты түзушілер
6
Топырақтың
негізін
қалайтын
жыныстар
7
Қара топырақ
8
“Планета”
Жауабы:
Қарашірінді Гумус
Құрлымсыз топырақ Сазды топырақ
Организмдердің қышқылдарды бөліп шығаруы Жасыл өсімдіктер
Шөл зонасы Сұр – қоңыр топырақ
Органикалық затты түзушілер Үгілу
Топырақтың негізін қалайтын жыныстар Микроағзалар
Қара топырақ 80 – 100 см
Сұрақ 2.5
Төменде көрсетілген мүмкін пайымдауларды қатардан «Иә» немесе «жоқ»
жауаптарын таңдаңыз.
Қазақстан топырағын қалыптастыратын
факторлар
«Иә» немесе «Жоқ»
1. Жер бедерінің топырақ түзудегі рөлі
жергілікті жердің жер бедеріне байланысты
Иә
жоқ
2. Климаттың маңызы зор
Иә
Жоқ
3. Факторлар әсер етпейді
Иә
Жоқ
4. Адам топырақтың қалыптасуына маңызды
рөл атқарады
Иә
Жоқ
Жауабы:
1 -иә
2-иә
3-жоқ
4-иә
Сұрақ 2.6
Топырақ түзуде жүретін құбылыстарды атап,оларды бос ұяшықтарға ретімен
орналастыр.
санитарлары
Топырақ түзуші факторлар
Үгілу
Жауабы: Су, ауа, жылу, өсімдік.
Топырақтың түрлері:қара топырақ, қара қоңыр,қоңыр сұр қоңыр .
Сұрақ 2.7
Әр қабатты ата, оны әріптермен сәйкестендір.
Жауабы:
О- Органикалық қабат (өсімдіктердің қураған қалдықтарынан
қалдықтарынан түзілген
төсеніш қабат)
А- Органикалық заттардың ыдырауынан түзілген қарашірік (гумус)
қабаты
В- Шайылу қабаты.Бұл қабат құрамында органикалық заттары бар
майда түйіршікті
минералды бөлшектерден құралған.
С- Үгілген тау жыныстарынан түзілген Аналық жыныстар қабаты
R- Жер қырытысын құрайтын үгілмеген негізгі жыныстар
Сұрақ 2.8
Төмендегі суретте микроағзалардың мен қарашірік қабатының маңыздылығын
анықтап,дәлелде.
Топырақтың пайда болуы, түзілуі,
эволюциясы
Жауабы: Суретте көрсетілген барлық қабаттарының маңыздылығы өте
жоғары. Бір қабатынсыз құрылым болуы мүмкін емес. Ең біріншіден жел беткі
қабатының қалыптасында маңызды рөл атқарады. Келесі маңызды қабаттары –
органикалық және микроағзалар. Осы қабаттар топырақтың қалыптасуының
негізі ретінде. Келесі қабатында органикалық заттардың қабаты, осы
органикалық заттар, яғни силициум, темір, кальций мен натрий белгілі
үрдістердің нәтижесінде шайылып кетеді. Үлкен қабатты алып жатқан –аналық
жыныстар қабаты болвп саналады. Көрсетілген шекараға дейін үгілу
процестері жүреді. Үгілу қабатынан кейін келесі бір қабат- үгілмеген негізгі
жыныстар қабаты болып кеғледі.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Бейсенова А., Карпеков А. Қазақстанның физикалық географиясы. А.,
Атамұра 2004
2. Бейсенова Ә.С. - Алматы. «Глобус» 2003 ж.
3. Қазақстан . Ұлттық энциклопедиясы.1-8 т А., 1998-2007
4. Бейсенова А.С., Каймулдинова К.Д. Қазақстанның физикалық
географиясы хрестоматия. А., Атамұра 2004
5. Интернет көздері: яндекс, wikipedia
География - еще материалы к урокам:
- Презентация "Изображение земной поверхности на плоскости. Географические планы и карты" 6 класс
- Презентация "Моря, омывающие берега России" 8 класс
- Презентация "Развитие форм рельефа" 8 класс
- Презентация "Географическое положение России" 8 класс
- Презентация "Движение земной коры. Вулканизм" 6 класс
- Презентация "Гидросфера" 6 класс