Сабақ жоспары: Үлкенге-Құрмет, Кішіге-ізет.

Сабақ жоспары: Үлкенге-Құрмет, Кішіге-ізет.
Күн: 16.10.2017
Сынып: 5
Пән: қазақ тілі
Міндеттері:
үлкендер мен кішілер арасындағы сыйластықты түсіндіру;
сыйластықты қарым — қатынас жасау іскерліктерін дамыту,
үлкендерді сыйлауға, кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу;
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды айыра отырып
әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: «Үлкенге- құрмет , кішіге- ізет» ұранымен оқушыларды
қарттарды сыйлауға, құрметтеуге, қадірлеуге тәрбиелеу;
Дамытушылық: Балаларды кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға,
көмектесуге үйрету, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден
жирену сезімін дамыту
Сабақтың кезеңдері:
Ұйымдастыру: сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
І. Жаңа сабақ:
Шаттық шеңбері
Қайырлы күн, балалар!
Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш нұр іздеген,
Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз
Үлгі алсын көрген жан мына бізден
Сендердей ақылды, мейірімді, білімге құштар балаларды көргеніме мен бүгін
өте қуаныштымын.Ендеше, сендерде сондай қуанышты жүзбен бір
бірлеріңе
күлімсірей қарап, бас иіп амандасайық.
Балалардың амандасуы.
Бүгінгі күніміздің тамаша өтуіне арнап жақсы тілектер айтып, сол
тілектерден өлең жолдары арқылы жақсылықтан үйреніп, жамандақтан
жиренуді ұғыну.
Жақсылықтан үйреніп,
Боламыз біз жақсы адам.
Жамандықтан жиреніп,
Үлгі аламыз жақсыдан.
ІІ. Сабақ ережесімен таныстыру.
Бір-бірін сыйлау
Ұзақ уақыт сөйлемеу
Көңілді болу
Бірін-бірі тыңдай білу
Өз ойын нақты жеткізе білу.
Бекіту:
ІІІ.Әңгімелесу
1. Үлкендерге құрмет, кішілерге ізет көрсету арқылы адамдар
Қандай жетістіктерге қол жеткізе алады?
Қоғамда, отбасында және достары мен туыстары, басқа адамдар арасында
қарым-қатынастарын қалыптастыруға, адам өміріндегі мәнін терең түсіне
бастауына жетелеу.
2. Пікір-талас
Өзінді, өзгені құрметтей білесің бе?
Өзара сыйластыққа қалай жетуге болады?
Достарыңмен арада қандай сыйластық бар?
3. Түйіндеу. Өз ойларын еркін айтуына және сыйласымды қарым-
қатынас жасау адамның өзіне байланысты.
ІҮ. Мәтінмен жұмыс
Үш дос
М. Төрежанов
Оқулықтың 35-беті
Мақсат: Адамның әр ісінде, жүріс тұрысында сыйластық қажет екенін
ұғындыру.
Қорытынды:
Балалар неліктен бірге ойнай алмайды?
Бір-бірімен сыйластықта болу үшін адамның бойында қандай қасиеттер
болуы қажет?
Ү. Дәйексөз
1. Өзгеге жасаған ізетің, өзіңе жасаған құрметің.
(Халық даналығы)
2. Мақалдар
Бірлік бар жерде – тірлік бар.
Көпті сыйлағаның — өзіңді сыйлағаның.
Сыйласу екі кісіге бердей
Үй жұмысы: «Үлкенге құрмет кішіге ізет» әңгіме жазу.
Бағалау.
Бекітемін: __________________________
«№44 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
оқу тәрбие жөніндегі орынбасары
Әуезханова А.М
«__» ____________2017жыл
Тақырыбы: Үлкенге-Құрмет, Кішіге-ізет.
Қазақ тілі
Пән мұғалімі: Парасатова Т.С.
5 cынып
Семей қаласы, 2017 жыл