Конспект урока "Кішіге ізет, үлкенге құрмет"

Қарағанды облысы білім басқармасының «ПДТбалаларға
арналған мектеп – интернаты» КММ
«Кішіге ізет, үлкенге құрмет»
тәрбие сағаты.
Өткізген: Біліктілігі жоғары
деңгейдегі I-санатты тәрбиеші:
Тажикеева Г.А.
Қарағанды 2014 2015оқу жылы
Тақырыбы: «Үлкенге - құрмет, кішіге – ізет» Тәрбие сағаты
Мақсаты: Оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға, үлкенді сыйлауға,
кішіге қамқор болуға үйрету.
Міндеттері:
- Өзара сыйластық қарым - қатынастарының адам өміріндегі мәнін түсіндіру;
- жағымды қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
- жақсылыққа, имандылыққа, адамгершілікке, шыншылдыққа, қамқорлыққа
тәрбиелеу.
Шара түрі: Топтық сайыс
Көрнекі құралдар: Өнегелі сөздер, мақал - мәтел, суреттер.
Шаттық шеңбері
Тәрбиеші: Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш нұр іздеген,
Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз
Үлгі алсын көрген жан мына бізден.
Шаттық шеңбері
- Кәне, бәріміз бір - бірімізге жақсы тілек тілейік!
- Әдепті бол!
- Мейірімді бол!
- Кішіпейіл бол!
- Қамқоршы бол! т. с. с.
.
Тәрбиеші: Адам бойында жақсы – жаман қасиеттер болады екен. Біздің
халқымызда үлкенді құрметтеп, кішіге қамқор болуға бала кезден көп көңіл
бөлінеді. Ол ананың сүтінен, үлкеннің ақылынан, ұстаздың үйреткенінен, кез
келген адамның кісілігінен білінеді.
Мәселен: жасы үлкенге иіліп сәлем беру, алдын кесіп өтпеу, алдынан барып
есік ашу, үйге бұрын кірмеу, дастарханға бұрын қол созбау, үлкеннің сөзін
бөлмеу, сөз жарыстырмау - жастарымыз үшін бұлжымас заң болатын. Мені
өмірге әкелген, мәпелеген, өсірген сенің анаң мен әкең. Ең алдымен соларды
сыйлау керек.
Мұғалім:
Мен де сендердің әдепті де, ақылды, адамгершілігі мол, үлкенді сыйлай
білетін, кішілерге қамқоршы аға, ата - анаға көмекші, адамдарға мейірімді
бола білетін оқушы болады деп сенім білдіремін.
Оқушы:Атаң болса анаңмен -
Алтыннан соққан қорғаның.
Ағаң болса ақылды -
Ешкімнен кем болмадың.
Оқушы:Інің болса жанашыр -
Семсер қылыш білегің.
Ақылды қыз, ақылды ұл
Өкпе, бауыр, жүрегің.
Балалар бұл өмірде не қасиетсіз екен?Мақал – мәтел.
Бал салмаса – ара қасиетсіз,
Жанбай қалған шала қасиетсіз.
Әдепсіз болса бала қасиетсіз,
Әділетсіз болса – дана қасиетсіз.
Көк шықпаса – жер қасиетсіз,
Ойсыз болса - ер қасиетсіз,
Жылу болмаса түбіт қасиетсіз,
Жігері болмаса жігіт қасиетсіз.
Данияр: Адамдарға кешіріммен қарайтын,
Жан жылуы жылылық боп тарайтын.
Кішіпейіл бала болғым келеді,
Айналасын нұрлы күнге бөлейтін.
Ардақ: Жақсылықтан үйреніп,
Боламыз біз жақсы адам.
Жамандықтан жиреніп,
Үлгі аламыз жақсыдан.
Ерболат: Жабырқауды білмейміз,
Жалқаулықты сүймейміз.
Біз талапты жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан.
Саржан: Үлкендерді сыйлаймыз біз,
Үй тазалап жинаймыз біз,
Біз қолқанат баламыз.
Мұғалім: Үлкенге құрмет, кішіге ізет дегенді қалай түсінесіңдер?
Жанарыс: Адам баласы өзгелермен қарым - қатынас жасағанда оның таныс,
таныс еместігіне, алыс - жақындығына, үлкен - кішілігіне, қызмет дәрежесіне
қарамай кішіпейіл, әдепті болуы керек. бұл адамгершілік борыш.
Қорытынды.
Осындай жылы жүректерге толы шеңбер аясында тұрып, қуанышты көңілмен
ән салып, бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Рахмет!