Сабақ тақырыбы "Жұлдыздар мен аңыздар"

№5 мектеп-лицей
БЕКІТЕМІН: ___________Зарипова Н.Ю.
Жұлдыздар мен аңыздар
(5
А
сынып)
Өткізген: Піралина Г.Ж.
Шалқар қаласы
2019-2020 оқу жылы
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Бөлім атауы:
Аспан әлемінің құпиялары
Мектеп:
Шалқар қаласы №5 мектеп-лицей
Сабақ тақырыбы:
Жұлдыздар мен аңыздар
Күні: 10.04.20
Мұғалімніңаты-жөні: Піралина Гүлжанат Жәрдембергенқызы
СЫНЫП: 5
А
Қатысқандар:
Қатыспағандар:
Сабақ негізделген оқу
мақсаты (мақсаттары)
Ж 5.3.3.1 сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме
құрастыру
ӘТН 5.4.4.4 сан есімнің мағыналық түрлерін ажырата білу, сан есімді зат
есім орнына қолдана білу;
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар орындай алады:
суреттер (фотосуреттер) негізінде әңгіме құрастырады, сан есімдерді
қолданады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме құрастырады,
қолданған сан есімдердің мағыналық түрін ажырата алады.
Кейбір оқушылар орындай алады:
сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме құрастырып,
сан есімнің мағыналық түрлерін ажырата біледі, сан есімді зат есім
орнына қолдана біледі.
Бағалау критерийлері
Білім алушы:
сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме
құрастыра алады.
сан есімнің мағыналық түрлерін ажырата алады, сан есімді зат есім
орнына қолдана біледі.
Тілдік мақсат
Оқушылар орындай алады:
Жазылым дағдысы қалыптасады.
Нақты тақырыпқа арналған сөздік қор мен терминология:
Жұлдыздар, аңыздар, жұлдыз ағу, жұлдыз келу, түнгі аспан, тыйым
сөздер, сан есім, есептік, реттік, жинақтық, болжалдық, бөлшектік, топтау
сан есімдері, сан есімнің заттануы;
Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:
- Менің ойымша, ...
- Астрологтардың айтуынша, ...
- Дана халық тұжырымдауынша, ...
Талқылауға арналған сұрақтар:
Жұлдыздардың адам өмірімен байланысы бар ма?
Жұлдыздарға байланысты тыйым сөздер ненің негізінде пайда
болды деп ойлайсыз?
Құндылыққа баулу
Аспанда кейде
Бір жұлдыз ағып баратса,
Тұрам да қалам
Бұралмай қалған сағатша.
Керемет неткен!
Адамның келте өмірін
Жұлдыз бен Жердің қашықтығынан жаратса. (Мақатаев М.)
Пәнаралық байланыс:
Қазақ әдебиеті, астрономия
Алдыңғы оқу: «Ыстық орындық» стратегиясымен жүзеге асырылады. (2 мин)
Жоспар
Жоспарланған
уақыт
Жоспарланған жаттығу түрлері
Басы 10 мин
1. Ой шақыру. «Лездеме сұрақ» стратегиясы
арқылы сабақ тақырыбы анықталады.
2. Топқа бөлу. Пазл құрастыру арқылы 3 топқа
бөлінеді.
Жазылым алды: «Ақылдың 6 қалпағы» арқылы
жүзеге асады.
№1 тапсырма. Қалпақ түсіне қарай тапсырманы
орында.
Ақ қалпақ – жұлдыздар туралы фактілер келтір.
Қызыл қалпақ – жұлдыздар туралы қызықты аңыз
айтып бер.
Қара қалпақ – «Бір адам өлсе, бір жұлдыз қоса сөнеді».
Себебін дәлелде.
Сары қалпақ – «Бір адам туса, бір жұлдыз бірге
келеді». Себебін дәлелде.
Жасыл қалпақ – «Түнгі аспанда жымыңдайды
жұлдыздар». Шығармашылық ой білдір.
Көк қалпақ Жұлдыздар туралы тыйым сөздерден
мысал келтір, олардың мағынасын тұжырымда.
Дескриптор:
жұлдыздар туралы фактілер келтіреді;
жұлдыздар туралы қызықты аңыз айтып береді;
берілген пікірлердің себебін дәлелдейді;
шығармашылық ой білдіреді;
жұлдыздар туралы тыйым сөздерден мысал
келтіреді, олардың мағынасын тұжырымдайды.
Формасы: сыныптық жұмыс
Кері байланыс: графикалық: смайлик
Ортасы 25 мин
Жазылым кезі.
Мақсатқа негізделген №2 тапсырма. Сюжетті
суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме
құрастыр, сан есімдерді қатыстыр, мағыналық түрлерін
ажырат, сан есімді зат есім орнына қолдан.
Стратегиясы: «Хикаялар картасы»
Дескриптор:
сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі
бойынша әңгіме құрастырады;
сан есімдерді қатыстырады;
сан есімнің мағыналық түрлерін ажыратады;
сан есімді зат есім орнына қолданады;
Формасы: топтық жұмыс
Кері байланыс: «Үздік әңгіме»
Соңы 3 минут
Рефлексия. «ПОПС»
Қосымша ақпарат
Электронды орта (диск)