Конспект "Сүйікті жазушы" 5 класс
Ұзақ мерзімді жос-пар
бөлімі: «Мектеп өмірі»
Мектеп:
Мұғалімнің аты-жөні:
Күні:
Сынып:
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы:
Сүйікті жазушы.
Оқу мақсаты
5.3.5.1 (О5) -қосымша ақпарат көздерінен тақырыпқа байланысты мәліметтерді ала білу.
5.4.5.1 (Ж5) – жазба жұмыстарында жалғаулардың ерекшелігін ескеріп, үндестік заңына
сәйкес орфографиялық нормаға сай дұрыс жазу; сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді
орынды қолдану
Сілтеме:
Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.
Жетістік
критерийлері:
Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақ тілінде сүйікті жазушысы жайлы ақпараттар бе-
реді, оларды таныстыра алады.
Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қазақша қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы сүйікті
жазушысын сипаттайды.
Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында сыныптастарымен қазақша сүйікті
жазушылары жайлы тілдеседі, шағын мәтін құрайды.
Жаңа сөздер:
Сүйікті, дүниеге келу, Жазушылар одағы, қызмет атқару.
Сабақта
қолданылатын
материалдар:
Интерактивті тақта, слайдтар, «Менің атым — Қожа» көркем суретті фильмі, жазушы
Б.Соқпақбаевтың суреті, А4 парағы, желімқағаздар.
Оқыту әдістері:
Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, «Жүректен-жүрекке» тренингі, диаграмма, диалог,
«Жылдам жина!» ойыны, «Буриме» тәсілі, жұптық, топтық жұмыс, «Жеке әңгіме» техникасы .
Дереккөздері:
Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.
Тапсырма
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Оқушыларға пси-
хологиялық ахуал
туғызу
Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде «Жүректен-жүрекке» тре-
нингін
өткізеді. Оқушыларға А4 парағын таратып береді.
Жақсы сөз — жанды
жадыратар. Мұғаліммен
бірге параққа жақсы сөздер
жазады. Сабақ соңында
талданады.
Өткен сабақты тек- серу
Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды,
түзетеді, бағалайды.
Тапсырманы айтады,
тақырып бойын
ша сұрақ-
тарға жауап береді.
І. Қызығушылықты
ояту
Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту
мақсатында тақырыпқа қатысты дайындаған слайдтарымен
таныстырады, жазушы Б.Соқпақбаевтың шығармашылығы жайлы
айтады. Балаларға ой шақыру сұрақтарын қояды:
- Балалар, Б.Соқпақбаев туралы не білесіңдер? Оның қандай
шығармаларын оқыдыңдар?
Сабаққа қатысты
слайдтармен таны- сады,
сұрақтарға жауап береді.
ІІ. Мағынаны тану
1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақы- рыпқа
қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады.
Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.
Тыңдалым. Оқылым. Жаңа
сөздерді тыңдайды,қайта-
лайды.Айтылым.Дұрыс ай-
тылуымен ауызша
жаттығу
жүргізеді.
2. Мәтіналды жұмыс.
А) Оқылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 1-
тапсырманы орындатады.
Оқылым. Суретке қарайды,
оқиды.
Ә) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға ма-
шықтандыру үшін 2-тапсырманы орындатады.
Айтылым. Суреттерді
пайдаланып
жауап береді.
Б) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 3,
4-
тапсырманы орындатады.
Жазылым. Қосымшаларды
жазады,
диаграмманы
толтырады.
3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді мәнерлеп,
дұрыс
оқуға машықтандыру үшін 5-тапсырманы орындатады.
Тыңдалым. Оқылым.
Мәтінді тыңдайды, түсініп
оқиды.
Ә) Оқылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 6-
тапсырманы орындатады.
Оқылым. Мәтінге сүйеніп,
ақпараттың дұрыстығын
тексереді, түсіндіреді.
Б) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға ма-
шықтандыру үшін 7-тапсырманы орындатады.
Айтылым.Сөздерді мағына-
сына қарай сәйкестендіреді.
4. Сергіту сәті. «Жылдам жина!» ойынын ұйымдастырады.
Ойынның шарты бойынша оқушыларды топқа бөледі, әр топқа
«Менің атым — Қожа» көркем суретті фильмінен
үзінділер
бейнеленген суреттердің бөліктерін үлестіреді.
Ойынның шарты бойынша
оқушылар
топқа бөлінеді.
Мұғалім үлестірген сурет
бөліктерін құрастырады,
сипаттайды.Сурет бөлік
терін жылдам әрі тез құра-
ған, дұрыс сипаттаған топ
жеңімпаз атанады.
5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Дұрыс, сауатты жазуға машықтан-
дыру
үшін 8, 10-тапсырманы орындатады.
Жазылым. Көп нүктенің
орнына қажетті сөздерді
қойып жазады,
сөйлем
құрайды.
ІІІ. Ой толғаныс
Мұғалім оқушылардың тақырып туралы алған ақпаратын кеңейту
мақсатында «Буриме» тәсілін пайдаланады. Тақтаға өзара ұйқасқан
бірнеше сөз жазады. Мысалы,
баламын, аламын, боламын, толамын
Әр қатардағы оқушылар
бірігіп, сол сөйлемдерден
тақырыпқа қатысты өлең
құрайды. Қай қатар тез өлең
құраса, сол жеңіске жетеді.
Мысалы:Өнерсүйгіш
баламын, Ағалардан үлгі
аламын, Білім алып жетіліп,
Жазушы бала боламын...
IV. Бекіту
Жұптық жұмыс. Оқулықтағы 9-тапсырманы орындатады.
Айтылым. Диалог құрады.
V. Бағалау
Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың бағалауы
бойынша өз ойын айтып, қорытынды бағаны өзі қояды.
«Жеке әңгіме» техникасы
бойынша
бағаланады.
VI. Үйге тапсырма
«Менің сүйікті жазушым» тақырыбына шағын мәтін құрау.
VII. Рефлексия
Мұғалім тақтаға бүгінгі сабақтың өтілу барысын сипаттайтын
суреттер іледі.
Оқушылар өзіне ұнаған
суреттің
тұсына желім
қағаздарды жапсырады.