Конспект ОУД "Бағдаршаммен таныстыру"
Ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в средней группе
Өткізу күні/Дата проведения:
Тәрбиеші/Воспитатель:
Білім беру саласы/Образовательная область: Әлеуметтік орта.Социум.
Пән/Предмет: Экология негіздері
Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Әлем қорғанысында»
Тақырыбы/Тема: «Бағдаршаммен таныстыру»
Мақсаттары/Цели:
1.Тәрбиелік – воспитательная: балаларды жолда жүргенде сақ болуға,
бағдаршам көздерінің тәртібін білуге, байқампаздыққа тәрбиелеу.
2.Дамытушылық – развивающая: балалардың есту, есте сақтау, ойлау
қабілеттерін дамыту. Сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру.
3.Оқыту – обучающая: бағдаршам туралы және бағдаршамның атқаратын
міндеті туралы білім беру. Бадаршамның қызыл түсі жанғанда тоқтау, сары
түсі жанғанда дайындалу, жасыл түсі жанғанда жүру керектігін түсіндіру.
Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: денсаулық сақтау
технологиясы, ойын
Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: интербелсенді
тақта, шар (қызыл, сары, жасыл), жұмсақ модуль «Бағдаршам».
Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: бағдаршам –
светофор, қызыл – красный, сары – желтый , жасыл – зеленый
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:
Қызықты сәт: Тәрбиеші топқа үш түсті (қызыл, сары, жасыл) шар алып
кіреді. Балалар бұл не?
Шарлардың түстері қандай?
Шарларды ретімен қойып, балалар бұл неге ұқсайды?
2.Негізгі бөлім/оснавная часть:
Балалар сендер бағдаршам деген не екенін білесіңдер ме?
Тақтаға бағдаршам суреті көрсетіледі.
Билингвалдық компонент: бағдаршам – светофор
Бағдаршам туралы мәлімет айту.
Бағдаршам жол ережесін реттеуші,жол қиылысынан өтуге көмектеседі.
Бағдаршамның үш көзі бар. Олар үш түрлі. Бағдаршам бар қиылыста адамдар
өтетін ақ жолақтар болады. Бағдаршамның қызыл көзі жанғанда жүруге
болмайды.
- Ал, ортадағы сары көзі жанса, дайындалу керек.
- Ал жасыл көзі жанса, жол ашылады, адамдар жүреді.
Қандай түсте жүруге болады?
Қай түс жанғанда жүруге болмайды?
Қай түс жанғанда жүруге дайындаламыз?
Билингвалдық компонент: қызыл – красный, сары – желтый, жасыл –
зеленый
Сергіту сәті:
1) Бағдаршамның қызыл түсін көрсету.
2) Бағдаршамның сары түсін көрсету.
3) Бағдаршамның жасыл түсін көрсету.
Жұмсақ модуль «Бағдаршам»
Балаларға үш түсті дөңгелектер беріледі. Балалар сол дөңгелектердің
түстерін дұрыс тауып бағдаршам құрастырады.
Жеке жұмыс: Самрат бағдаршамның басында қандай түс тұрады?
Бағлан бағдаршамның ортасында қандай түс тұрады?
Ясмин бағдаршамның аяғында қандай түс тұрады?
3.Қорытынды/итоговая часть:
Балалар біз бүгін немен таныстық?
Бағдаршамның неше көзі бар?
Олар қандай түстерден тұрады?
Балаларды мадақтау.