Технологическая карта "Д дыбысымен таныстыру, құрамында д дыбысы бар сөздерді талдау"
Күні:
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі:Сауат ашу.
Тақырыбы: Дд дыбысы мен әрпі
Мақсаты:Д дыбысымен таныстыру, құрамында д дыбысы бар сөздерді талдау.
Міндеттері:
1.Дыбысты дыбысқа қосып, буынды буынға қосып сөз жасау дағдыларын қалыптастыра отырып, тілін, ойлау қабілетін дамыту.
2. Сабаққа деген ынта ықыласын, қызығушылығын арттыру.
3. Зеректікке, ұқыптылыққа адалдыққа баулу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, әңгімелеу, жинақтау, ауызша, жазбаша.
Сабақтың көрнекілігі: таблица, суреттер, торлар, текшелер.
Билингвальді компонент:
Іс-әрекет
Тәрбиешінің іс- әрекеті
Баланың іс- әрекеті
+
-
1.Мотивация
2.Ізденіс –
ұйымдастыр
I . Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару, психологиялық
жағдай туғызу.
1, 2, 3
Топтың іші тып-тыныш
Жалқаулықты тастаймыз
Білімге жол бастаймыз, — дегендей білім алуға үлкен мән
беретін біздің президентіміздің өзі сендерге әр күні
сабақтан қаламай, сапалы да саналы білім алып
болашақта еліміздің туын көкке желбірететін келешек
ұрпақтары болады деген сенім артып отыр.
II . Ой қозғау. Таблицамен жұмыс.
— Оқуды, жазуды оқып үйрену үшін біз не білуіміз
керек?
Балалар тәрбиешіні
тыңдап тыныш қана өз
орындарына отырады.
Таблица қарап, ойланада.
Өз ойларын , сұрақтарға
у
Кезеңі
— Әріпдегеніміз не?
— Дыбысдегеніміз не?
III. Өткен тақырыптыпысықтау.
— Сонымен өткенде біз қандай дыбыспен таныстық?
Қ дыбысына арналған сөздерді есімізге түсіру үшін мен
сендермен бір ойын ұйымдастырғым келіп отыр.
— Қазір жылдың қай мезгілі? Қыс мезгілінде біз
барлық жемістерді дүкеннен сатып аламыз.Сендер
қандай жеміс жегілерің келеді?
IV.«Жеміс-жидектерді теру» ойын.
Қ дыбысы бар сөз айтқан балалар жеміс-жидектеруге
қатысады.
Қ дыбысына байланысты қандай аңдарды білесіңдер?
V . Дд әріпімен және д дыбысымен танысу
Бұл әуен қандай аспаппен орындалған?
Домбыра – қазақ халқының ең көп тараған екі ішекті, көп
пернелі музыкалық аспап. Домбырамен күй тартады.
Жыр, толғаулар, термелерді сүйемелдеуге қолданады.
Домбыра.
Дыбыстық талдау жүргізу. Буынға бөлу, қанша дауысты,
қанша дауыссыз дыбыс екендігін табу.
Домбыра сөзінде ең бірінші қандай дыбыс естіп
отырсыңдар?
Д д д – қайталау.
Ендеше бүгінгі тақырыбымыз Дд дыбысы мен әрпі.
Дыбыстың артикуляциясы.
Еріндер тістер ашылған, д дыбысын айтқанда тілдің ұшы
төмен түседі және астыңғы тістерге барып тіреледі, дауыс
желбезектері дірілдейді.
Д дыбысының таңбасы. Яғни қай түрін көріп тұрмыз?
Баспа.
Енді осы дыбысты өз үйшігіне орналастырамыз Д
дыбысы қай үйге қарай бет алды? Айтылуына қарай Д
жауап беруге тырысады.
Таблица қарап дыбыс пен
әріптің айырмашылығын
айтады.
Балалардың ойларына
өткен тақырыпты түсіру.
«Жеміс-жидектерді теру»
ойынын ойнайды.
Суретттерге қарап, Қ
әрпіне басталатын
сөздерді айтады.
Дд әріпімен мен дыбымен
танысады.
Тақтаға назар аударып, Д
әрпіне басталатын
сөздерді атайды.
3.Рефлексия
дыбысы қандай дыбыс екен?
Д әрпі неге ұксайды?
Дала.Мынау – дала. Далада жайқалған жасыл шөп, биік
ағаштар мен бұталар көп болады. Даланыңауасы таза.
VI . Сергіту сәті.
(әліппе әні)
VII . Өздік жұмыс.
Д жазудың жазба үлгісін көрсетіп, бас және кіші
әріптерінің элементтерімен таныстыру.
Ауада жазу. Парақта жазу.
VIII.Сабақты қорытындылау.
Біз бүгін сендермен қандай әріппен таныстық?
Д әріпі қандай дыбыс?
Қандай жаңа сөздермен таныстық?
Сабағыңа жөндеп әзірленсең еңбек
Қиындықтың бәрін еңбек қана жеңбек.
X .
Мадақтау. Сендерөзеңбектеріңменжақсынәтижегежеттіңд
ер, — депмақтаутәсілінжүргізу.
Бидай сөзін әріптерден
құрастырады.
Д әрпінің сөзде
орналасуын анықтайды.
Дауысты дауыссыз
дыбыстарды ажыратуға
тырысады. Текшелерді
қолдана отырып.
Сөздерді буынға бөледі.
Д әрпіне дауысты
дыбыстарды қосып,
буындарды айтып,
қайталайды.
Д әрпінің баспа түрімен
танысады. Айтылуына
қарай тәрбиешінің
көмегімен үйшікке
орналастырады.
Сергіту сәтін іс-кимылмен
айтып, көрсетеді.
Берілген парақтарда Д
әрпінің баспа түрін ауада
және жазады.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек:[д] дыбысының айтылатын дауыссыз дыбыс екенін
Игеру керек:отбасы мүшелерін сыйлап,үлкендерді құрметтеу қажеттігін
Меңгеру керек:Д әрпін танып,көрсете білуді.