Конспект урока "3 цифрымен таныстыру. Цифрды заттың санымен салыстыру. «Кеше», «бүгін», «ертең». Жыл мезгілдері (күз)"
Екібастұз қаласы білім бөлімінің №7 «Ботақан» бөбектер бақшасы
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына Тәрбиеші
Қымызкенова Оруншай Бектемирқызы
Білім беру саласы: «Таным»
Тақырыбы: 3 цифрымен таныстыру. Цифрды заттың санымен
салыстыру. «Кеше», «бүгін», «ертең». Жыл мезгілдері (күз).
Бөлімі: ҚМТҚ
Мақсаты: 3 цифрын 3 санының таңбасы ретінде таныстыру; 3 санын
өзге цифрлардың арасынан табу; «кеше», «бүгін», «ертең», ұғымдарын
айыруға үйрету; балалардың жыл мезгілдері (күз) туралы білімін дамыту.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру.
Үлестірмелі материалдар: 2 бос жолағы бар карточка мен үшбұрыштары
бар 2 түсті тәрелкелер, балалардың әрқайсысына әр түстен 4 үшбұрыштан.
Оқу іс-әрекетінің
кезендері
Педегогтің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-
қозғаушылық
Үлестірмелі материалдармен жұмыс.
Педагог балаларға бос жолақтарға
үшбұрыш салу қажеттігін
түсіндіреді. Педагог қанша десе,
сонша үшбұрыш салынуы тиіс және
олар қай жерде неше үшбұрыш
барын айтып беруі керек. Балаларға
берілетін тапсырма: жоғары
жолаққа 1 қызыл үшбұрыш, ал
төменгісіне 2 көк үшбұрыш салады.
Балалардан сұрайды:
- Сендер жоғарғы (төменгі) жолаққа
неше үшбұрыш салдыңдар?
Содан соң 2-3 баланың қасына келіп,
олар салған үшбұрыштарды
санайды. Қайсы үшбұрыш артық
(кем) екенін анықтайды: 1 немесе 2.
Педагог балалардан әр жолақтағы
үшбұрыш санын теңестіруді (яғни,
2-ден болуын) өтінеді.
Балалар үшбұрыштары
бар жолақтармен
жұмыс істейді.
Балалар жауап береді.
Балалар үшбұрыштар
тең болуы үшін не істеу
керектігін табавды:
теңдей (2-ден болуы
үшін) болуы үшін 1
үшбұрыш қосылады.
Ұйымдастыру-
Іздестіру.
1- Тапсырма.
Педагог балаларға жұмбақ
жасырады:
Айгүл келді бірінші боп бақшаға,
қосылды оған Бибігүл мен Марат та,
Балалар жұмбақты
шешеді.
Балғындарды ойнап жүрген топтағы
Санап берші сен бізге бір ойлан да.
Педагог суретте қанша бала болса,
жолақтың ішіне сонша дөңгелек
салуға тапсырма береді.
Педагог өлең оқып береді:
Үш дегенің екі ілмек,
Тұратын қармағын сермеп.
Үшінші боп тұратын,
Мұны әркім білмек.
3 цифрының баспаша жазылуымен
таныстырады.
2-тапсырма.
Педагог балалардан 3 цифрының
сандар қатарыңдағы орнын табуды
және оны бояуды өтінеді. Көп
моншақтың ғана санап бояйды.
«Үйеңкі». Сергіту минуты.
Желменен ағаштар,
Тербеледі ардайым.
Бір иілді, екі иілді.
Сыңғырлады жапырақтар.
3-тапсырма.
Педагог балаларға сұрақ қояды:
- Қазір жылдың қай мезгілі?(күз)
Балалар күз туралы білетін
тақпақтарын айтады.
Педагог жылдың 4 мезгілі (күз, жаз,
көктем, қыс) суреттелген суреттерді
іледі. Балалармен бірге талқылайды.
Педагог күзгі күнгі ағаш бұтақтарын
тауып, бояуды тапсырады.
4-тапсырма.
Педагог балаларға бүгін немен
айналысатынын түсіндіреді.
Олардан кеше не істегенін сұрайды.
Содан соң ертең не істейтіндерін
сұрайды.
- Дәптердегі суретке қараңдар.
Суретші ағаштың суретін бірнеше
күнде салып шықты. Қайсысын қай
күні салғанын суретшінің мына
әңгімесіне қарап өздерің
3 дөңгелек салады.
Балалар өлеңді бірге
цифры мен 3 моншақты
бояйды.
Тапсырманы дәптерге
орындайды.
Балалар қолдарын
жоғары көтеріп,
өлеңнің мәтініне сай
қозғалады. Өлең 2-3 рет
қайталанады.
Балалар суреттермен
танысқанын кейін, жыл
мезгілдерін атап
көрсетеді. Суреттерді
бояйды.
Сабақ оқу , серуендеу,
түскі ас ішу, ұйықтау
және т.б. Театрға
бардық, сурет салдық,
ойнадық, серуендедік,
теледидар қарадық.
Балабақшаға барамыз,
қонаққа барамыз,
театрға барамыз.
табасыңдар:
«Күзде ағаштардың жапырақтары
тез түсіп қалады. Сондықтан суретті
әр күні салатын болған соң оны
бірдей етіп салу мүмкін емес. Мен
мына ағаштың суретін кеше және
бүгін салдым. Енді суреттің
қайсысын кеше, қайсысын бүгін
салғанымды табыңдар».
Педагог балаларға тапсырма береді:
- Ағашта ертең қанша жапырақ
қалғанын болса, сонша жапырақ
салыңдар. Қанша жапырақ
саласыңдар?
Балалар суретшінің
кеше және бүгін салған
суреттерін санайды.
Күнде екі жапыраққа
кеміп отырғанын
аңғарады. Олай болса,
ертең салатын суретте
ағаштың жапырағы
тағы екіге кемиді. Кеше
салған ағашта 6
жапырақ болады. Бүгін
салған ағашта 4
жапырақ қалды, олай
болса, ертең салатын
ағашта 2 жапырақ
болады. Балалар
үшінші ағашқа 2
жапырақтың суретін
салады.
Рефлексиялық-
түзетушілік
Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған
жұмысқа баға беру.
- балалар енді 3 саны туралы тақпақ
айтып беріңдер.
Педагог оларды атқарған
жұмыстары үшін мадақтайды.
Балалар өз жұмысын
педагогтің қолындағы
үлгімен салыстырады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: 3 цифрын; «кеше, бүгін, ертең» деген ұғымдарды дұрыс қолдана білуді,
жыл мезгілдерін (күз) білу;
Игереді: сандар қатарынан 3 цифрының орнын табуды;
Меңгереді: «кеше, бүгін, ертең» ұғымдарымен сөйлем құрастыра білуді.