Конспект урока "Денелердің өзара әрекеттесуі. Дененің массасы. Заттың тығыздығы. Қайталау" 7 класс
Класы: 7
Сабақтың тақырыбы: Денелердің өзара әрекеттесуі. Дененің массасы. Заттың тығыздығы. Қайталау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Оқушылардың «Денелердің өзара әрекеттесуі», «Дененің массасы», «Заттың тығыздығы» тақырыптары бойынша алған білімдерін тексеру,
жүйелеу, білімді талдап қорыту, жалпылау.
Дамытушылық:Жеке тұлғаның ойлау және есте сақтау,физикалық тілде сөйлеу қабілеттерін, шығармашылық ізденісін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушының білімге құштарлығының, еңбекке икемділігінің дамуына ықпал жасау, жауапкершілікке, ұжыммен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу
Сабақтың типі: Бекіту, жүйелеу сабағы
Сабақтың әдісі:ойын сабақ
Пән аралық байланыс:Әдебиет, математика.
Техникалық құрал-жабдықтар:Интерактивті тақта, компьютер,
Сабақтың көрнекілігі: Рower pointортасында тағайындалған әртүрлі презентациялар.
Көрнекілігі:Үлестірмелі кеспе-қағаздар, үйге берілетін тапсырмалар парақтары, эксперименттік тапсырмалар, топ аттары жазылған парақшалар, жеребелік
жетондар.
Жоспары:
І. Ұйымдастыру
ІІ. «Бақытты сәт» ойыны
І гейм. «Жұмбақ шешейік»
ІІ гейм. «Сен білесің бе?»
ІІІ гейм. «Көсемдікке ұмтылу»
IV гейм. «Эксперименттік тапсырма»
V гейм «Қызықты есептер»
ІІІ. Қорытындылау
ІV. Бағалау
V. Үйге тапсырма
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
А) сәлемдесуӘ) оқушыларды түгелдеу
Б) оқушыларды екі топқа бөлу: «Масса», «Тығыздық», «Жылдамдық»
ІІ. «Бақытты сәт» ойыны
Ойынның шарты: Сыныпты екі топқа бөліп, топ басшыларын сайлау керек.
І гейм «Жұмбақ шешейік».Барлық топқа бірдей жұмбақтар оқылады, әр топ жарыса жауап береді.
ІІ гейм «Сен білесің бе?»Сұрақтар топтарға ортақ қойылады.
ІІІ гейм «Көсемдікке ұмтылу». Физикалық шамалар жайлы кесте беріледі, бос торларды толтыру керек. Тапсырманы дұрыс, тез орындау керек.
ІV гейм «Эксперименттік тапсырма».Әр топтан бір-бір оқушыдан шығып, эксперименттік тапсырманы орындайды.Эксперимент есептеулері мен
нәтижелерінің дәлдігі салыстырылады.
V гейм «Қызықты есептер». (Оқушылар экспериментті орындап болғанша қалған оқушыларға есептер беріледі.)
І гейм.«Жұмбақ шешейік»
Барлық топқа бірдей жұмбақтар оқылады, әр топ жарыса жауап береді.
1- жұмбақ.
Қозғалыста сипаттар шапшаңдықты,
Тағы да бір белгісіз шама шықты.
Ол болмаса денелер қозғалмайды,
Шешеді бұл жұмбақты қандай мықты? (Жылдамдық)
2- жұмбақ.
Бірдей көлемдегі масса кейде көп,
Аз болса да кейде дөп.
Делінеді бұл шама,
Аталуын тапшы тек.(Тығыздық)
3- жұмбақ.
Барлық денелерге тән,
Онсыз болмайды сән.
Әр затта болады әр түрлі,
Өлшеуге болады дәл. (Масса)
ІІ гейм «Сен білесің бе?»Сұрақтар топтарға ортақ қойылады.
Денелердің өзара әрекеттесуі дегеніміз -
____________________________________________________________________________________________________________________________________
1. Ағайынды екі оқушы қайықтарынан жағаға қарай секірді. Інісі ағасының өз қайығына қарағанда көлдің ортасына қарай көбірек ығысқанын байқады.
Себебі неде?
_________________________________________________________________________________________________________________________
2. Массалардың төменде берілген мәндерін кг арқылы өрнекте:
0,00000003 г = ______________ кг
5,6 т = _____________________ кг
3. Заттың тығыздығы дегеніміз –__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
4. Сәйкес тығыздық бірліктерін жаз:
1000 т/м
3
=_____________ кг/м
3
0,09 кг/мм
3
= ____________кг/м
3
ІІІ гейм «Көсемдікке ұмтылу». Физикалық шамалар жайлы кесте беріледі, бос торларды толтыру керек. Тапсырманы дұрыс, тез орындау керек.
Физикалық атауы
Белгіленуі
Өлшем бірлігі
Формуласы
Масса
Жол
Тығыздық
Жылдамдық
Уақыт
Орташа жылдамдық
ІV гейм «Эксперименттік тапсырма». Әр топ өздеріне берілген эксперименттік тапсырманы орындайды.
№1. Таразылармен өлшеу.
Жабдықтар: Таразылар, ұсақ гірлер, сақинасы мен тұтқышы бар штатив, денелер.
Өлшеу тәртібі:
1. Таразыны алдарына қойып, оның оң жағына ұсақ гирлер бар жәшікті әкеп қою керек.
2. Таразының сол жақ табақшасына өлшенетін денені салу керек.
3. Ұядан пинцетпен 100 г гирді алып, оны таразының оң табағына әкеп салу керек. Егер бұл аз болса, онда тағы 50 г гирді үстемелеп қосу керек, енді ол
табақша басып кететін болса, онда 50 г гирді алып тастап, таразының табағына келесі 20 г гирді қою керек. Осы ретпен өлшеуді тағы да қайталап
жүргізу керек.
№2. Судың тығыздығын анықтау.
Жабдықтар: Колба, таразы, су құйылған ыдыс.
Өлшеу тәртібі:
1. Алдымен бос колбаны тарзыға тартып, өлшеп алу керек.
2. Мензуркамен мұқият өлшеп, колба,а суды құю керек.
3. Суы бар колбаны суымен таразыға қойып қайта өлшеу қажет.
(колбаның өз салмағы 31,2 г±0,1 г. Су құйылған колбаның салмағы 114,4 г±0,1 г. Судың салмағын былай табамыз: 11,4-31,2=82,8 г. Судың көлемі 83
см
3
±0,1см
3
). Судың меншікті тығыздығы 82,8 г/83 см
3
=0,997 г/см
3
.
V гейм «Қызықты есептер»
№1. Неге алюминийдің массасы темір мен мыс кубиктерінен жеңіл?
темір алюминий мыс
(Әртүрлі заттардан жасалған дененің көлемдері бірдей болғанмен массалары әртүрлі болады.)
№2.
ρ
m
V
1000 кг/м
3
4 кг
0,004
710 кг/м
3
21300 кг
30 м
3
400 кг/м
3
2400 кг
6 м
3
ІІІ. Қорытындылау. Жеңген команданы анықтау.
ІV. Бағалау. Сабаққа белсенді қатысқан оқушының бағасын қою.
V. Үйге тапсырма.
Физика - еще материалы к урокам:
- Конспект урока "Действие жидкости и газа на погруженное в них тело. Сила Архимеда" 7 класс
- Конспект урока "Двигатель внутреннего сгорания" 7 класс
- Конспект урока "Давление твёрдого тела" 7 класс
- Конспект урока "Давление" 7 класс
- Сценарий "О попе и его работнике Балде"
- Презентации "Рычаги в технике, быту и природе. Применение закона равновесия рычага к блоку"